Оқу сауаттылығы



бет1/6
Дата19.07.2022
өлшемі337,61 Kb.
#147589
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9-synyp
transfer-receipt-№18 9874269761, 2022-23 жоспар МИФ ӘБ, 2 ә бжб кестесі, ГОС.ЭКЗМ

Оқу сауаттылығы


Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Қазақтар ӛзінің халық, ұлт болып қалыптасу жолын кӛне түркілер заманынан бастаса, оның жазу мәдениетінің тарихы да сол дәуірден бастау алады. Ол кездегі түркілердің тілін қолданылу барысына қарай, әдетте, тіл мамандары үш кезеңге бӛліп қарастырады: а) түркі тілі қолданылған дәуір; ә) кӛне ұйғыр тілі қолданылған дәуір; б) кӛне қырғыз тілі қолданылған дәуір. Осы кезеңдер ішінде Орхон-Енисей жазу ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған.
Oрхон-Енисей жазуы Қытай іргесінен бастап Орта Азия, одан әрі Венгрия жеріне дейін тарап, кең жайылған. Оның қолданылу тарихы V және IX-X ғасырлар аралығын қамтиды. Тек X-XI ғасырдан бастап, Орхон-Енисей жазуының орнына біртіндеп ұйғыр жазуы, кейін түгелдей араб жазуы қолданылатын болды. X-XI ғасырлардан бастап қолданыла бастаған араб жазуы түркі халықтары тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданылса, сол қалпында ӛзгеріссіз түркі тілдерінде де қолданылды. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
Aраб графикасының қазақтың дыбыстық жүйесіне сай еместігін турколог ғалымдар он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында-ақ байқаған. Осыған байланысты Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Ильминский, П.Милиоранский сияқты ғалымдар араб графикасын тастап, орыс графикасын алуды ұсынған. Әсіресе, қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілі жүйесіне сәйкестендірудегі зор еңбегін атап ӛтпеу мүмкін емес.
Aраб графикасынан латын графикасына ӛту 1929 жылдың 25 шілдесінде басталды. Латын графикасын қабылдауда кеткен олқылықтар мен қолайсыздықтар, оларды түзетудің жолдары жайындағы мәселені шешуге Қ. Жұбанов белсене қатысты. Алайда латын әліппесіне негізделген жазуымыздың, басқа тілдерге қарағанда ғұмыры қысқа болды.
Yшінші кезең, яғни орыс әліппесіне негізделген жазуға кӛшу кезеңі, 1930 жылдардың екінші жартысынан басталды. Латын графикасынан кириллицаға кӛшу жұмысына басшылық ету, дыбыстарды қандай таңбамен таңбалауға болатындығы туралы ойлы пікірлер айтып, жаңа әліппенің жобасын жасаған – Сәрсен Аманжолов.
Oсы аталған үш кезең тек қана қазақ халқы ғана емес, сол кездегі Кеңес үкіметі үстемдігінің қол астында болған түркі тілдес халықтардың барлығына да тән еді

  1. Қазақтардың түрік тілін қолдану кезеңдері

    1. бес

    2. екі

    3. тӛрт

    4. үш

    5. алты

  2. Қазақ жазу мәдениетінің бастауына негіз болған ел

    1. Қытай мемлекеті

    2. Кӛне түркілер

    3. Ұйғыр мемлекеті

    4. Араб мемлекеті

    5. Венгрия халқы

  3. Oрхон-Енисей жазуы бастау алған ел

    1. Ұйғыр мемлекеті

    2. Кӛне түркілер

    3. Қытай мемлекеті

    4. Араб мемлекеті

    5. Венгрия халқы

  4. Oн шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ халқының мәдени-рухани дамуына қызмет еткен тіл

    1. ұйғыр тілі

    2. түрік тілі

    3. араб тілі

    4. қытай тілі

    5. орыс тілі

  5. Қазақ ғалымдарының араб графикасынан бас тарту себебі

    1. араб графикасын қабылдауда кеткен олқылықтар

    2. араб тіліндегі лингвист-ғалымдардың аздығы

    3. қазақтың дыбыстық жүйесіне сай келмеуі

    4. араб тіліндегі баспа материалдардың жетіспеушілігі

    5. араб тіліндегі шығармалардың аз болуы

  6. Oтызыншы жылдары кириллица бойынша жаңа әліппенің жобасын ұсынған

    1. А. Ильминский

    2. А. Байтұрсынов

    3. Қ. Жұбанов

    4. С. Аманжолов

    5. Ш. Уәлиханов

  7. Tүркі халықтарында ӛзгеріссіз қолданылған жазу түрі

    1. орыс жазуы

    2. ұйғыр жазуы

    3. араб жазуы

    4. түркі жазуы

    5. латын жазуы

  8. Қысқа уақыт аралығында қолданыста болған әліпби

    1. түрік әліпбиі

    2. ұйғыр әліпбиі

    3. араб әліпбиі

    4. латын әліпбиі

    5. орыс әліпбиі

  9. Mәтін мазмұнына сай қорытынды пікір

    1. Латын графикасын қабылдауда олқылықтар жіберілді.

    2. Қазақ жазба мәдениетінің кезеңдері.

    3. Араб графикасы қазақ тілінің дамуын тежеді.

    4. Орхон-Енисей жазу ескерткіштері – ортақ тарих.

    5. Қазақ тіл білімінің атасы – А. Байтұрсынов.

  10. Mәтін мазмұнына сәйкес қазақ графикасының ауысу кезеңдері

    1. түркі, латын, орыс, араб

    2. араб, түркі, латын, орыс

    3. түркі, орыс, араб, латын

    4. түркі, араб, латын, орыс

    5. түркі, араб, орыс, латын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет