Оқу шының аты-жөні: Написать тему, число: «Жаһандық мәселе: демография», «Роботтар мен киборгтер әлемі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау і-нұсқа



бет1/3
Дата14.05.2020
өлшемі22,55 Kb.
#68096
  1   2   3
Байланысты:
1-нұсқа
1-нұсқа

Оқу шының аты-жөні:

Написать тему, число:

«Жаһандық мәселе: демография», «Роботтар мен киборгтер әлемі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

І-нұсқа

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым

Жазылым


Оқу мақсаты

9.3.1.1 Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау

9.2.6.1 Перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазу



Бағалау критерийі

Білім алушы:

-Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

-Берілген сөздердің мәтіннен синонимін, антонимін тауып жазыңыз.

-Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазады



Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану


Мәтінді оқыңыз. «ПОПС формуласын» қолданып, осы мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.

«ПОПС формуласы»



1.пікір Менің ойымша, ...

2.мысал Оны былай түсіндіремін: ...

3.дәлел Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін: ...

4.қорытынды Ойымды былай қорытындылаймын: ..
Орындау уақыты

20минут

1-тапсырма. Оқылым

Жер бетіндегі әртүрлі кезеңдегі халық санының өсуі әртүрлі болды. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды (стабилизовало). XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде (сравнительно) Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп болды.

XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен (скоростью), жүзжылдықта 1%-ға көтеріліп отырған, ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.

XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың ортасына дейін экономикасы жылдам дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды.

Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» (взрыв) орын алуда. XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі (бесконтрольный рост) азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок), Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.

Дамушы елдердегі (развивающие страны) демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға (вступать в брак), білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Сонымен қатар кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. 2. Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет