Оқу-танысу тәжірибе КҮнделігі тегі хамза



бет6/9
Дата09.01.2022
өлшемі45,06 Kb.
#110645
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
күнделік оқу-танысу практикасы
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
Студент-тәжірибеші : __________________ Руслан Пангерейұлы Хамза

(қолы) (аты-жөні)

Пән бойынша
тәжірибе жетекшісі _________________ Жакупова Шнар Аскаровна


қолы) (аты-жөні)

Жеке оқушыға мінездеме
Атырау қаласы, Х.Доспанова атындағы орта мектеп
10 «В» сынып оқушысы
Қуандықова Мейрамгүл Азаматқызы
педагогикалық – психологиялық

МІНЕЗДЕМЕ



Қуандықова Мейрамгүл Азаматқызы тұрғылықты мекен – жайы Атырау қаласы, Авангард ы.а., 14, 28 үй. Туған күні 01.03.2004 жылы. Әкесі: Қуандықов Азамат жеке кәсіпкер, анасы Аманқосова Лейла салық департаментінде. Отбасында 7 адам тұрады. Олар: әжесі, әкесі, анасы, егізі, апасы, сіңлісі, інісі. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Бойы 165 см, салмағы 55 кг. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сай келеді. Денсаулық жағдайы жақсы. Сынып ұйымдастырушысы яғни басшысы қызметін атқарады. Мейрамгүл көбіне ән айту жағына бейімді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қояды. Мейрамгүл сынып ұйымдастырушы болғандықтан, оның сыныптағы орны өте ерекше. Оқу үлгерімі өте жақсы. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді.
Сыныпты қоғамдық жұмыстарға қатысу жағынан үнемі алға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Оқу жұмысына деген белсенділігі жоғары. Тарих және әдебиет пәндерін қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келеді. Ол мектептің «жас тілшілер», «Гүлдер» үйірмелерінің белді мүшесі. Мейрамгүл сырлы мінезді, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыстарынан үздік жүлдегер атанды. Сөйлеу мәдениеті жақсы жетілген, ауызша, жазбаша сөздік қоры мол. Тәртібі мектеп ережесіне сай. Сабақтарды себепсіз босатпайды. Мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым – қатынасы өте жақсы. Темпераменті сангвиник – меланхолик. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Ерік – жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін күшін салады. Мінезі ашық, сабырлы, достарымен жақсы тіл табысады. Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады. Берілген істі ұқыпты, тиянақты және шапшаң орындайды. Мектепішілік, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Мектептен тыс «Достық» оқу орталығына ағылшын курсына қатысады. Анеля бойындағы ерекше қасиеті қайтпас қайсарлығы, батылдығы. Болашақ мамандығын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде елестетеді. Мейрамгүлдің жалпы білім деңгейі жоғары, себебі көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді.. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі, жетекші түрі – сөздік логикалық, ерекшелігі – аналитикалық, дербестік. 

Болашақта өз ісінің маманы болатынына және жоғары нәтижелер көрсететіне сенімдімін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет