Оқу-танысу тәжірибе КҮнделігі тегі хамза



бет5/9
Дата09.01.2022
өлшемі45,06 Kb.
#110645
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
күнделік оқу-танысу практикасы

Студент-тәжірибеші : __________________ Руслан Пангерейұлы Хамза

(қолы) (аты-жөні)

Пән бойынша
тәжірибе жетекшісі _________________ Жакупова Шнар Аскаровна


қолы) (аты-жөні)

Бекітілген топ ұжымына мінездеме

Атырау қаласы, Х.Доспанова атындағы орта мектеп
10 «В» сыныбына
педагогикалық – психологиялық

МІНЕЗДЕМЕ



Х.Доспанова атындағы орта мектеп 10 «В» сыныбында 23 оқушы білім алуда. Сыныпта 9 ұл, 14 қыз бар. Жас ерекшеліктері 16- 17 жас. Олардың 1 оқушысы өте жақсы, 9 оқушысы жақсы, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сыныптың оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік құрамы – орташа. Сынып гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиесі жақсы. Оқушылар ұйымшыл бір – бірімен жақсы араласады. Мектептегі түрлі мәдени шараларға және спорттық жарыстарға белсене қатысады. Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттерін жүзіге асыру негізінде оқушылар шығармашылық дамуы үшін жүргізілетін үйірмелер және пәндік қосымша сабақтарға қатысады. Абаева А., Жолдыбай А., Наурзбай С. мектеп олимпиадаларына әрдайым қатысып, жүлделі орындар алады. Оқушылар биге, әнге, домбыраға, спорттық жарыстарға қатысады. Атап айтсам, Рашит Гулим – би үйірмесіне, Абдурахман Али – күреске, Жалекенова М. – үстел теннисі командасының мүшелері. Жумабаева І. – шахмат үйірмесіне, Серик Р. –ән үйірмесіне қатынасады. Оқушылар арасындағы өзара қарым – қатынасы, ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары. Оқушылардың еңбекке ынтасы зор, ағаштарды күтіп баптау, сенбілікттерге қатысу, жауапкершіліктері мен адалдығы үлгі етерліктей. Сыныптың оқу үлгерімі 100 %, білім сапасы 85%, тарих пәні бойынша 4, 25 балл. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Ұлдардан: Али, Медет. Қыздардағы айырылмас жұп: Инкар мен Гулнур. Сыныпта мазасыз оқушыда бар: Даулет. Олар үнемі бірге отырады, бірге жүреді, бір-бірін қатты сыйлайды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, саябаққа, қыс мезгілінде коньки тебуге барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар.Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады. Сыныпқа бұрын өз сыныбымызда оқыған оқушыларда келіп, биылғы жылдан бастап сыныппен бірге оқуда. Сынып пен жақын танысқан жаңа оқушыларымыз сыныпқа тез үйренісіп кетті деп айта аламын. Сынып оқушылары ұжымы ішінде ұйышыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік сынып аралқы іс- шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілеттеріне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы, қоғамдық жұмыстарға араласа біледі.Еңбек ету, үлкенге илтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары, әрі баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әрі уақытты барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланады. Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелдік мерекелер, әр бір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұймшылықпен мерекелік ертеңгілік түрінде өткізеді. Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық жарыстық конкурстарға қатысып отырады. Мектептен тыс үйірме, секция. Түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады. Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық, мүлікті ұстау, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласына көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет