Іс-шараны өткізудің жоспары
І.Үйымдастыру кезеңі
1.Іс-шараның мақсаты мен қауіпсіздік ережелермен таныстыру;
2.Ардагерлер үйінен рұқсат алу.
3. Ардагерлер өмірбаянымен таныстыру.
ІІ.Қамқорлық акциясының барысы
1. Ардагерлер үйіне бару.
2.Оқушылардың шығармашылық концертін тамашалау.
ІІІ.Ардагерлерден сұхбат алу
1.Оқушылар сұрақтарын қояды.
2.Естелік суретке түседі
Қорытынды. Үйлеріне қайту
І.Үйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп. Оқушыларға біз қайда барамыз және не үшін ескертемін. Қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қол қойғызу. Оқушыларды ардагерлермен таныстырып, барғанда үлкен кісімен қалай сөйлесу және өзіңді қалай ұстау керектігін жайлы әңгімелесу, рухани – адамгершілік көмек көрсететіндігі айтылады.
ІІ.Қамқорлық акциясының барысы.
Қамқорлық акциясының мүшелерімен концерттік қойылыммен ардагерлер үйіне бару. Қандай көмек керектігін жайлы сұрастырып жұмысқа кірісу.Оқушыларды дайындаған қойылымды жоғарғы деңгейде өткізу, осы жұмысқа жауаптылығын ескеріп оқушыларды қадағалап,бірге жұмыс жасау. Істелінген жұмыс орындарында фотоға түсіріп оқушыларға көрсетіп талдау.
ІІІ.Ардагерлерден сұхбат алу
Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін ардагерлерге дайындаған сұрақтарға жауап алуға болды.
1.Балалық шақ кезеңдеріңізде қандай оқиға сізде ерекше есте қалды.
2.Сіздер қандай мамандық иесесі болғансыздар?
3.Бізге қандай ақыл кеңестер айтар едіңіздер?
Үлкен кісілермен бірге ән айтып, естелікке фотосуретке түсу.
Ардагерлерге тілек айтып қоштасып кетеміз.Оқушалармен жол бойы қандай әсерде болғаның жайлы бөлісіп әңгімелесеміз.Оқушалардың үйлеріне жеткендігі жайлы хабарлар алу.
Қорытынды.
Мектеп оқуларына хабарлау арқылы мәжіліс залына жинау. Қамқорлық акцияның өткенің жайлы айтып презентация арқылы оқушыларға көрсетіп, акцияға қатысқан оқушыларға алғыс білдіру.
|