Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер



бет20/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Психикалық бұзылыстар биохимиясы

ХХ ғасыр психиатриясының маңызды жетістігі жаңа бағыт үстінде қоғамның психиатрияға деген көзқарасын өзгерткен, және психикалық бұзылыстардың этиологиясы мен патогенезінің жаңа теорияларын жасауға мүмкіндік берген психофармакологияның негізінің қалануы болды. Егер өткен ғасырдың ортасында мидағы негізгі гормональды жүйе мен иммунды үрдістерді зерттеуге көбірек көңіл бөлінсе, ғасырдың аяғында ғалымдар зейіні нейрондар арасындағы ақпарат алмасуды реттейтін синапстар мен рецепторлардың рөлін зерттеуге аударылды. Психикалық бұзылыстар пайда болуындағы психологиялы факторлар Психиатрлардың басым көпшілігі невроздар мен реактивті психоздар тәрізді аурулардың пайда болуында эмоциональды стресс пен тұлға ішілік конфликттердің басты рөл алатынын мойындайды. Қазіргі уақытта ғылыми психологияның ортақ концепциясы толмағандықтан, ғылыми мектептердің өкілдері психикалы бұзылыстардың пайда болуында стресстің рөлін әрқалай талдайды. КССРО-да адам жүріс-тұрысын зерттеу, жүріс-тұрыс пен сан бірлігі айқын көрсетілген қызметтік (деятельностного подхода) көзқарас шеңберінде қарастырылды. В.Н. Мясищевтің (1893-1973), М.Я Засовтың (1892-1931), С.Л. Рубинштейннің (1889- 1960), А.Н Леонтьевтің (1903-1979) еңбектерінде жүріс-тұрыстың тұлғалық мәнін және олардың қалыптасқан қарым-қатынаспен (өзіне деген, өзгелерге деген, заттарға және т.с.с) өзара әсерлесуінің анализіне көп көңіл бөлінді. Осындай анализдің патологиялық тұлғалар мен неврозға шалдыққандардың жүріс-тұрыстарын түсінуде пайдасы зор. Психодинамикалық концепция З. Фрейдтің (1856-1935 психоаналитикалық теориясынан, оның оқушылары А.Адлердің (1870 1937), К.Г. Юнгтін (1875-1961) және т.б. еңбектерінен тұрады. Фрейдті пікірі бойынша адамның қоршаған ортамен қарымқатынасы балалық шақта түзілген подсознание мен қоршаған шынайылық күштер арасындағы жасырын конфликтпен анықталады. Психиканың басқарушы күштері сексуальды энергия (либидо), және де агрессия мен өз-өзіне күш жұмсауға талпыну болып табылады. Когнитивті тәсіл адамды жануарлардан бақылау қабілетімен ғана емес, қоршаған ортаны түсінуге қабілеттілігімен ерекшеленетін бірегей тіршілік иесі ретінде қарастырады.Адамның қоршаған ортадағы объекттерден маңыздысын (формасын гештальт) ажырату қабілеті гештальт психологияның негіздерінің бірі болып табылады. Ойлаудың логикалық үрдістері мен түзілу сатыларын зерттеуге танымал психологтардың еңбектері арналған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет