Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Психикалық бұзылыстардың этологиясы мен патогенезі



бет19/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Психикалық бұзылыстардың этологиясы мен патогенезі
Психикалық аурулардын себептері әрқилы ішкі және сыртқы факторлар бола алады. Аурулардың ішкі себептердің ішінде генетикалық факторларға, ерте жастағы даму бұзылыстарына, ми қызметін бұзатын соматикалық ауруларға (ишемия, эндокринопатия, аутоинтоксикация және т.б.) ерекше көңіл бөлінеді. Сыртқы факторлар негізгі 2 топқа бөлінеді:
1) миға органикалық әсерлер, басқаша айтқанда жарақаттар, интоксикациялар, инфекциялар, радиациялық зақымданулар;
2) эмоциональды стресстің зақымдаушы әсері, тұлға аралық және тұлға ішілік конфликттер, дисгармониялы тәрбие, жанұялық және әлеуметтік проблемалар. Диагностика үрдісінде аталған факторларды маңыздылық дәрежесіне қарай анықтауға (аранжировать), олардың ішіндегі бастысын ажыратуға, ауруға қатысы жоқ ақпараттардан арылуға тура келеді.
Негізгі себептік фактор ретінде ауру ағымының бойында бақыланатын, оның пайда болуын, ары қарайғы ағымын, өткірленуін, ремиссиясы мен соңын анықтайтын факторды тануға болады. Дертті үрдістің басталуында маңызды орын алған, ал ауру пайда болғаннан кейін онын ары қарайғы ағымында бақыланбайтын әсерлерді бастапқы, немесе триггерлік деп қарастыру керек. Ауруларды диагностикалау кезінде дәрігер жиі патологиялық болып табылмайтын және солай бола тұра жиі аурудың дамуына белгілі бір жағдай жасайтын, жасырын генетикалық патологияның көрініс беруіне ықпал ететін адам ағзасының ерекшеліктерін, дамудың табиғи фазаларын ескереді. Бұл ерекшеліктер қауіп факторлары ретінде қарастырылады.

2.6 Психикалық бұзылыстар патоморфологиясы


ХІХ ғасырдың жетістігі макроқұрылымдарды зерттеу әдістері болды (рентгендік компьютерлік томография - КТ, МРТ және т.б.). Бұл әдістердің органикалық аурулар кезінде пайдасы зор. Өмір сүру кезіндегі КТ бір атрофиялық үрдісті екіншісінен сенімді ажыратуға мүмкіндік бермейді. Барлық дегенеративті аурулар кезінде дерлік бас миының массасының төмендеуі, ми қарыншаларының кеңеюі (ішкі гидроцефалия), ми иірімдерінің тереңдеуі және бас сүйегі мен ми арасындағы кеңістіктің кеңеюі бақыланады. Бас ми қыртысының жұқару дәрежесі мен психикалық бұзылыс ауырлығы сәйкес келе бермейді. Атрофиялық үрдістің қантамырлық зақымданудан айырмашылығы болады, ми зақымдануының көрінісі мозаикалы, ишемия ошақтары, ақ заттағы төмен тығыздылық бөліктерімен көрінеді. Функциональды психоздар кезінде (шизофрения, МДП) арнайы нейроглистикалық көрініс анықталмайды. Микроскопиялық деңгейде мида шизофрениямен науқастарда жиырылған нейрондар, жүйке жасушаларында жиналған липофусциндер жиі анықталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет