Парафрендік синдром
Парафрендік синдром (Е. Dupre, 1914) тылсым дүние, ұлылық сандырақпен немесе жүйелі сандырақ әсерімен көрінеді. Сандырақ ойлары көбіне есту галлюцинациясымен немесе псевдогалю- цинациямен және психикалық автоматизммен жүреді. Көбіне алдамшы еспен фантастикалық конфабуляциямен көрінеді. Науқастар өздерін әлем билеушісі, өлмейтін адамдар деп санайды, атақты жазушылардың кітаптарын өзім жаздым деп айтады. Ұлылық сезіммен, ойлаумен конфабуляция құралады, космосқа ұшулар туралы ойлар т.б. айтады. Науқастың көңіл күйі көтеріңкі болады кейде депрессиялық күйде болады.
Парафрендік синдромның құрылымы:
1.Қисынсыз аңду және әсер ету сандырағы.
2.Ұлылық сандырақ.
3.Фантастикалық (қийял ғажайыптық) конфабуляциялар.
4.Эйфория.
Котар синдромы – науқас өзін керемет қылмыскер деп санайды. Дүние жүзіндегі ашу мен ызаны мен басқарам, соғыстар, өлімдер менің әсерімнен болып жатыр деп, өзін осы үшін жазалайды. Ол өзінің жаза ретінде өмір бақи өмір сүремін деп есептейді. Сонымен қатар, ол ағзасы қандай да бір белгі бергендей, не ішкі ағзасында бірнәрсе бұзылып жатқандай, не миым жоқ, не мен өлген мәйітпін,осы күйде мәңгі өмір сүремін дегендей сөздер айтады. Парафрендік синдром кезінде ұлылық сандырақ дамиды. Науқас өзін ұлы реформатор, жаңалық енгізуші,әлемді құтқарушымын деп есептейді. Экспансивтік сандырақ, көбіне қудалау, улану, физикалық жою сандырағымен дамиды. Науқас өзін басқа ортада, үлкен жиында жүргендей сезімде болады. Парафрендік синдромның дамуы аурудың созылуын және үдеуін дәлелдейді. Парафрендік синдром жиі шизофренияда кездеседі. Кейде созылмалы конфабуляторлық парафрения жарақаттық, алкогольдік генезі бар психоздарда және кәрілік психоздарда, жиі кәрілік кемақылдылық кезінде кездеседі.
Кататониялық синдром
Кататониялық синдром (кататония) - кататониялық ступор немесе гиперкинез (кататониялық қозу) түрінде қозғалыс бұзылыстармен көрінетін психикалық бұзылыстың симптомо комплексі. Кататония термині және синдромның анық клиникалық сипатын KKahlbaum (1863- 1874) жазған. Негізінде, өте терең деңгейге жететін және эмоционалдық сфера мен таным процесстердің артынан, тәртіптің, жүйеасты ерікті реттеуін және психомоторикасын қамтитын психикалық қызмет бұзылысы жатыр, ол әртүрлі парабулиялық симптомдармен көрінеді. Психикалық бұзылыстардың қарама–қарсы екі кеселмен кататониялық қозу және кататониялық тежелумен (ступормен)
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |