Апатико-абулиалық синдром
Мына көріністермен көрінеді:
-Апатия ( селқостық, немқұрайлық, топастық)
-Абулия
Науқасты тыныш күйде болуына немқұрайлық пен байыпсыздық әкеледі. Олар бөлімшеде көп байқалмайды, көп уақыт төсекте жалғыз отырады, кейде телевизорды ұзақ уақыт қарайды. Бірақ, қараған жаңалықтарын бірде біреуін есіне сақтамайды. Бұндай науқастар жалқау болады, жуынғысы, тісін тазалағысы, душқа жуынғысы келмейді және шашын алмайды. Төсекке киімімен жатады, өйткені киінгісі және шешінгісі келмейді. Оларды ештеңе қызықтырмайды. Сөйлескенде науқаста ештеңеге қызығушылық болмайды. Жиі сөйлеуден бас тартады, шаршадым дейді. Егер дәрігер науқаспен жылы сөйлесіп әнгімеге тартса науқас еш қарсылықсыз шаршамай сөйлесуі мүмкін. Сөйлесу кезінде науқас еш қиналмай, өзін ауру деп санамайды және ешқандай шағым айтпайды. Апатико-абулиалық синдром негативті симптоматика ретінде көрінеді. Апатико-абулияның себебі шизофренияның жағдайымен сипатталады, жеңіл немқұрайлықтан және пассивтіліктен эмоциональді топастыққа дейін эмоциональді ауру дефекті біртіндеп өсіп
келеді.Бас миының маңдай бөлігінде органикалық зақымдану апатико-булиалық синдром дамуына әкеледі.
4.5 Галлюцинаторлы-сандырақтық синдромдар
1. галлюциноздар
2. паранойялдық
3. параноидтық
4. галлюцинаторлы-параноидтық
5. психикалық автоматизм (Кандинский- Клерамбо)
6. парафрендік
Галлюциноз синдромы
Галлюциноз бұл клиникалық көрінісінде тек қана шынайы галлюцинациялармен сипатталатын жағдай.
Анализаторлар бойынша галлюциноздардың жіктелуі
Галлюциноз синдромының түрлері (кесте 22) берілген.
Көру
|
Есту
|
Иіс сезу
|
Сипап сезу
|
Көз көрмегенде
(Ш.Бонне).
Психобелсенді
заттармен
уланғанда.
|
Созылмалы
алкоголизмде.
|
Жиі
кездеспейді.
|
Ауыр
металдарының
тұздарымен
созылмалы
улануда.
|
Достарыңызбен бөлісу: |