Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер



бет54/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
Истериалық синдром:
1.Конверсиондық бұзылыстар (психикалық, вегетативтік,
сезімталдық, қозғалыстық)
2.Диссоциативтік бұзылыстар (психогендік амнезия, психогендік
сананың бұлынғырлануы)
3.Тұлғаны истероидты ерекшеліктері.

4.4 Аффективтік синдромдар

Бұл синдромдар келесі психикалық қызметтік бұзылыстарының терең деңгейінің көрінісі болып табылады. Аффективтік синдромда бас миының жұмысының диэнцефальдык деңгейінде, ағзаның биотонусын реттеуде, көңіл- күйде, психикалық үрдістер тұрақтылығында өзгерістер дамиды. Аффективтік синдром көңіл-күйдің тұрақты өзгерісі, түріндегі психопатологиялық жағдай, көбінесе оның төмендеумен немесе көтерілумен және апатико-абулиялық синдроммен көрінеді. Депрессия және мания кең тараған психикалық бұзылыс жиілігі бойынша олар үлкен психиатрия клиникасында бірінші орынды алады және шектелген психикалық ауруларда өте жиі кездеседі. Аффективтік синдромдар психикалық аурулардың дебютінде үнемі кездеседі, бұзылыс барлық жағынан басым болып қалуы мүмкін, ал асқынған ауруларда өте ауыр өзгеде әр түрлі психопатологиялық
бұзылыстарымен ұзақ қатарласа жүреді. Аурудың көрінісінің қайта дамуында депрессия мен мания соңында жоғалады.
Депрессивтік синдром:
Депрессия, меланхолия негізгі белгілердің үштігімен
(триадасымен) сипаталады.
1. көңіл күйдің төмендеуі қосарлану сезімімен
2. қозғалыстардын тежелеуі
3. ойдың баяулаған қалпы

Қосымша соматикалық және вегетативтік бұзылыстар. Науқас көңіл күйдің төмендеп, басылуы,айналасына қызығушылығының жоғалтумен сәйкеседі. Олар «жанында», кеуде, мойын, бас аймағында ауырлықты сезінеді, қосарлану не жан ауруы сезімін олар физикалық ауруға қарағанда азапты түрде сезінеді. Депрессивтік сары уайым аффектісі оның жеткілікті көрінуінде, айналаға қызығышулығын жоғалтуы, сәтсіздікпен, уайым көздерінен тек жамандықты жақын алуымен, барлық әлемді құбыжық көзі ретінде қабылдаумен сипатталады. Олар барлығына өзін кінәлауға бейім, келешексіз (перспективасыз) сезімге толы, туындаған жағдайлардан шығуды көрмейді. Науқастардың сыртқы келбеті ауыр жан ауруы жағдайына сәйкес, бүгілген қалпында, басы түскен, көз қарасы өшкен. Мұндай жағдайдағы науқастар өздеріне өте маңызды жақсы оқиғаларда қуануға бейімсіз, қарама-қарсы аффектіге жеткілікті жауап бермейді. Олар өз жастарынан егде көрінеді. Қозғалыстың тежелуі әдетте айқын көрінеді. Науқастар аз қозғалады, уақыттын көп бөлігінде жатады, не бүгілген қалыпта отырады. Кейбір жағдайларда қозғалыстың тежелуі тез байқалмайды, ал кейде тез,


депрессивтік ступор түріне дейін жетеді, уақыттан уақытқа дейін қозғалыс қозуы меланхоликалық раптусқа жетеді. Қозғалыстың тежелуі, барлық депрессивтік симптоматика таңертеңгілік уақыттарда анық көрінеді, ал кешке әлсірейді. Науқастар есте сақтау күшінің жоқтығына және бір нәрсе істеу құлықсыздығына, қолынан бәрі түсе беретініне, жұмысқа икемсіздігіне шағымданады. Күрделі және қарапайым дағдылардың, шартты қозғалыс рефлекстерінің жойылуы көрінеді. Ойлаудың баяулауы, айқын, ассоциативтік үрдістердің ағымы көзге көрінеді. Науқастар үнсіз, аз сөйлейді, даусы ақырын, қойылған сұрақа тежеліп жауап береді, көбінесе бірдей қысқа сөзбен, кейде бас изеумен. Өз-өзіне деген бағасының түсуі соншалықты, өзін кінәлап, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жетеді. Олардың өздерін ештеңеден хабары жоқ, ештеңе қолынан келмейтін болып елестейді.
Болмаған қылмысты оқиғаларды істемесе де, істедім деп, өз-өзін кінәлайды. Науқастарда ипохондриялық сандрақ көрінісінен, мұңды немесе уайымды мұңлы көңіл-күй болуы мүмкін. Олар жазылмайтын аурумен ауырамыз деп шағымданады: сифилис, қатерлі ісік және де әлсіздік, шамасыздықтарын айтады. Көбінде науқастар ішкі ағзаларының атрофиясы, бұзылыстары, жоғалғанына, мысалы: өңеші жұқарған, асқазаны тамақты қорытпайды, асқазан-ішек жолдары тоқырап қалған деп, біраздан соң, Котар сандырағы дамиды. Науқастар ішкі ағзаларының барлығы шіріп, өңеші мен ішегі жоқ екендігін айтады, бұл Котар сандрағының нигилистикалық түрі. Кейбір жағдайларда, олар қиналғандығы ешқашан бітпейді деп, олар осы өмірден кету үшін әлі алда жүздеген мыңдаған жылдар бар, кейде мәңгі өлмей тіршілік ете беретіндігін айтады, қиналумен өтетін мәңгілік өмір сандырағы болады. Көп жағдайларда, олар өздерін адамзат білмейтін қылмыскерлер екендігін, тіпті, олар осы өмірде өздеріне дейін осындай адамдар болмағандығын айтады. Осы науқастардың төрт жағдайда ғана сауығу болуы мүмкін.
Эндогенді депрессияға жатуы мүмкін
- тәуліктік көңіл күйінің ауыспалылығы, таңертеңгілік уақытта көңіл- күйінің мұңды болып, кешке қарай көтерлуі.
- ұйқысының бұзылуы, ерте оянуы, таңғы сағат 4-5, кейде тіпті түнде мүлдем ұйықтамағандықтарын айтады «ұйқы жоқ сезімі».
- сомато-вегетативтік бұзылыстар.
Тамаққа тәбеті төмендеген немесе мүлдем дерлік жоғалуы науқас дене салмағы күннен-күнге азайып, терісі бозарып, бетінің түсі топырақ тәріздес, шырышты қабаттары құрғақ. Жыныстық жағынан да инстинкті төмендеп, басқадай сезімдері болмауы. Ер адамдарда либидо болмайды, ал әйелдерде аменоррея дамиды. Жедел жағдайына байланысты перифериялық симпатикотония дамиды.
Осы ауруға тән Протопопов үштігі жазылады: тахикардия, қарашықтын үлкеюі және іш қату. Науқастың сыртқы келбетіне көңіл аударарлықтай: тері жабыны құрғақ, көкшіл тартқан, қабыршықтанған. Бездердің секреторлық функциясының төмендеуінен жасақпайды. Көп жағдайларда шаштарының түсіп, тырнақтарының сынуы байқалады.Тері тургорының төмендеуінен денесіндегі әжімдері тереңдеп науқаста өз жасынан үлкен көрінетіндей жағдай туады, қан қысымы көтеріледі, жиі сенестопатия, әсіресе қарт
адамдарда болады.
Суицидтік ойлар, әсіресе, депрессиялық халде қауіпті. Осымен қосарласа, жеңілдеу бұзылыс өмір сүргісі келмеуі, бұл кезде науқас нақты өз-өзіне қол жумсауға дейін жетпеген, бірақ, бір жағдайлар болса, өмірмен қоштасуға өкінбейтін болады. Суицидті ойлар депрессия жағдайында өте жиі кездеседі, бірақ қимыл-қозғалысының тежелуіне байланысты, өздеріне қол жұмсауға дейін жете алмайды. Депрессиалық синдром жіктелуінде ең бастысы аффективтік құрылым, өйткені, тек қана ол осы жағдай аурудың патогенетикалық механизмнің күйін, сол себепті адекватты емнің сынына сәйкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет