4.2. Обсессивтік синдром
Жабысқақ жағдай синдромы жабысқақ ойлар басым көрініс беретін психопатологиялық жағдай. Мысалы, ауыр және жағымсыз
ойларды ойламайын десе де, ойына келуі, бұрынғы болған жағымсыз
жағдайларды, қорқыныштарды, әуестіктер, іс-қимылдар, науқастың
бір кездері сынымен қарайтын, ұмытайын деген ойларының есіне
түсе беруі. Обсесивтік синдромдары бар науқастарда жабысқақ ойлар
ұстама түрінде өтіп, кейбір кезде айқын вегетативтік симптомдармен
қатарласады. Тері жабындысының бозаруы мен қызаруы, суық тері,
тахи- немесе брадикардия, ауа жетіспейтіндей сезіну, ішек
перисталтикасының күшеюі, полиурия және т.б. көрініс береді.
Кейбір науқастарда басының айналуы мен лоқсу сезімі бірге жүреді.
Обсисивтік синдромда жиі бұзылыстар аралық психикалық
ауруларда, егде жастағы адамдарда болады. Обсессивті-
компульсивтік бұзылыс көбінде өзіне сын көзбен қарайтын
ауруларда, депрессия кезінеде байқалады .
Обсессивтік синдром:
1.Әр түрлі обсессивтк көріністер
2.Іс әрекеттерінің «қорғаныс түрлері»
3.Тұлғаның психастениалық ерекшеліктері.
4.3. Истериалық синдром
Истериалық синдром бұл психикалық, вегетативтік, қимыл
қозғалыс және сенсорлық бұзылыстар симптомдарының жиынтығы.
Көп жағдайда жетілмеген, инфантилды, психикалық жарақаттан
пайда болған, эгоцентризмды адамдарда кездеседі. Бұл адамдардың
тіл байлығы керемет өтірікке бейім, әдибиелік қорымен қоршаған
адамдарға болмаған оқиғаларын, өтіріктерін, әсерлеп айтып береді.
Осындай адамдар, жиындар арасында өз-өздерін көрсетіп, қоршаған
ортаға көрінуге тырысады. Олар қоршаған адамдардың өздері туралы
қандай жаман ойлап отырғандарына қарамастан, барлығымен тіл табысып сөйлесуге тырысады. Психикалық бұзылыстары біріншіден,
эмоциялық ортаның толқын тәрізді болуы көңіл-күйінің өзгеруімен,
қарсы шығу, қуаныш, жек көргіштік, ұнату (симпатия) және т.б.
Мимикасы мен қимыл-қозғалыстар айқын, шектен тыс, экспрессивті,
театралды болады. Бұндай адамдардың «Мен» дегені күшті
болғандықтан, сөйлесіп отырған адамына өзінің ойының өтірік болса
да, сендіруге тырысып, айғақтарды келтіреді. Науқас адам өзінің
өтірігіне өзі сенеді, шын деп мойындайды. Ол кезде истериалық
симптоматика әр түрлі болады. Науқастар, көбінесе, шындықтан безу
үшін, жағымсыз жағдайлардан сытылып шығу үшін олар өтірік
айтады. Жас және жылау, өте жылдам өтеді, бұл, истериада ең бір жиі
қосарласатын көрініс. Вегетативтік бұзылыстары тахикардия, қан
қысымының түсуі, ентікпе, тамағының қысылу сезімі, бұл
истериялық комаға, құсу, тері жабындысының қызару немесе
бозаруына әкелу мүмкін. Астения симптоматологиясы үлкен
әртүрлігімен ерекшелінетін себептер қатармен түсіндіріледі. Астения көрінісі, басымырақ көрінетін негізгі бұзылыстын құрамына тәуелді,
егер астения көрінісінде қызбалық, шамданғыштық, шыдамсыздық,
ішкі жайсыздық сезімі ұстамсыздық, ашуланшақтық сезімі басым
болса, астения гиперстениялық деп айтады. Бұл астенианың жеңіл
формасы.
Қалжырау және әлсіздік сезімі басым болса - гипостениялық деп
айтады, бұл астенияның ауырлау түрі. Астениалық бұзылыстардың
тереңдігінің өсуі жеңіл гиперстениялық астениаға ауысуына әкеледі.
Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалған тұлғада, әдетте
истериалық синдромда, үлкен истериалық ұстама сирек кездеседі.
Истериалық синдромда, әдетте, қозғалыс бұзылыстары аяқ қол
треморының немесе барлық денесімен, астазия, абазия элементері-
мен аяғын сүйрету, баяулап отыру, жүрудің қиындаумен шектеледі.
Истериалық афония, толық, бөлікті истериялық мутизм және тұтығу
кездеседі. Истериялық мутизм саңыраулықпен, сурдо- мутизмен
сәйкестену мүмкін, сирек, жеке көру аймағы фонында истериалық
соқырлықты кездестіруге болады. Тері сезімталдық бұзылыстары
болады: гипостезия, анестезия науқастың иннервациясы аймағының
анатомиялық қойылымдарын айқындайды. Осыған байланысты
бұзылыс аяқ-қолдың біреуін бүтіндей және дененің басқа жартысын
қамтиды. Психопатияда, истериалық үрдісте (реакцияда), истериалық
неврозда және реактивтік жағдайда истериалық синдром анығырақ
байқалады. Одан кейін, истериалық синдром, сандырақтық, қиял-
ғажайып пуэрилизм, псевдодеменция фонындағы психоз жағдайына
ауысуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |