Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер



бет55/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Негізгі депрессиялық синдромдар:

  • Уайымдық депрессия, бұл кезде мұңмен қатар қорқыныш бірге жүреді.

  • Меланхоликалық, мұнда ең басты және айқын аффект: мұң болады.

  • Анергиялық депрессия, мұң мен бірге қорқыныш әлсіз көрінеді, мұнда бірінші орынға психикалық үрдістер жатады.




  • Депрессиалық-деперсонализациялық төртінші синдромға
    жатады.

Анергиалық депрессия бұл жағдайда анық мұң мен қорқыныш сезімі жоқ, көңіл күй айтарлықтай нашар болмайды, психомоторлы тежелу мүмкін. Науқастар әлсіздікке ғана шағымданбайды, сонымен қатар, бір нәрсе жасауға да өзін мәжбүрлей алмай, ерекше психикалық инерттілік дамиды, қозу деңгейі төмендейді, өзіне деген еріксіз сезімі пайда болады, қызығушылық болмайды. Жетістіксіздік, мақсат жоғалуы, өзіндік әлсіздік, көмексіздік сезімдері жоғарылап, қуаныш сезіну қабілеті жоғалады. Аз бағалану ойлары, әдетте, пайда болатын есептерді шығара алмау, сәтсіздік қорытындысы ретінде кінәлау идеясы, жиі қоршаған ортаға, текті мүгедектігін, кемтарлығын, көре алмаушылық сезімі және өзін аяушылық сезім болады. Депрессианың соматикалық синдромдары әлсіз көрінеді, кейде тәбетінің төмендеуі мен дене салмағының жоғалуы да болуы мүмкін, науқастар тамақ
жегісі келмесе де олар өз-өзін осыған мәжбүрлейді, өз-өзіне қол жұмсау ойлары болмайды, бірақ науқастар өмір сүргілері келмейтінін айтады. Обсессиалық болуы мүмкін бұл кезде күдіктену, ипохондриалық идеялар болуы мумкін, бірақ бұл симптоматиканың болуы міндетті емес. Меланхоликалық синдром, кейде қарапайым немесе классикалық депрессия түрінде белгінеді, ол тәулікті тербеліспен, витальдік қосылыспен жүретін, айқын мұңайумен күштеме, бірақ сыртқы қорқыныштар аз мөлшерде немесе болмауы мүмкін, психомоторлы тежелумен сипатталады. Суицидтік тенденциалар болады, өз-өзін аз бағалау, мазалау ойлары болуы мүмкін.
Агрессиялар сирек кездеседі,өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлармен сипатталады. Ауыр меланхоликалық синдром кезінде депрерсанализациалар жағдайлары болады, аурумен жүретін сезімсіз ауырсыну, қарын ашу, тою кейде ұйқы сезімдері болмайды.Ұйқысы нашар, таңертең ерте тұрады, тәбеті күрт төмендеген, жүдеу, іш қату болады. Қобалжу депрессивтік синдром мұңаюмен қосылып,
синдромының аффективтік негізін құрайтын қорқу сезімен
сипатталады. Көңіл-күйі күрт төмендеген, мұңаю витальдік
компонентпен бірге болуы мүмкін, көңіл күйінің құбылмалдылығы
айқын көрінеді, қозғалыс жағынан әртүрлі дәрежедегі қозғалыс
тынышсыздығы, күрт агитациаға дейін баруы мүмкін немесе
қорқыныштан қозғалмалуы да мүмкін. Тынышсыздық жиі болады.
Депрессивтік идеялар екі түрлі сипатта болады: кінәлімін, бірақ
жазадан қорқамын, ипохондриалық идеялар жиі болады. Ауто және
соматопсихикалық деперсонализациалар болуы мүмкін, тәбеттің
төмендеуі, жүдеу және іш қатудан басқа бұлшықет спазмдары,
ауырсыну және жағымсыз сезімдер болады, бұлар ипохондриалық
уайымдардың негізі болып табылады.
Депрессивтік деперсонализациалық синдром құрылымы бойынша қорқынышпен, уайым аффектіліктің қатынасы мен белсенділігімен (интенсивтілігімен) анықталатын, эндогендік депрессия шекарасындағы бақыланатын депрессивтік синдромдардан айырмашлығы мол. Оның айырмашылығы клиникалық көрінісінде мұңаюмен, қорқыныш аффектін тежейтін деперсонализацианың болуы алдыңғы орын алады. Бұл науқастар көңіл-күйдің төмендеуіне шағымданбайды,олар ешқандайда көңіл күйді сезбейтінін, көңіл күй толық жоқ болуын айтады. Деперсонализация айқын болғанда, депрессивтік симптоматика қосылады. Мимикасы көңілсіз, жоқ
болғанға ұқсайды, әдетте гипомимия, көздері меланхоликалық синдромда секілді ішке түскен, күңгірт емес, олар жылтырап, аз қозғалады, экзофтальмдалған. Сөйлескен кезде науқастар ештеңе көрсетпейтін езуін тартады, дәрігерді бұл салыстырмалы депрессия тереңдігіне және суицид қауіптілігімен ойландырады. Анық психомоторлы тежелу жоқ. Балаларына деген байланыс, махаббат, жақындарына деген жылу сезімдері төмендейді. Бұл эмоцияның болмауымен шақырылған жан ауырсыну сезімін жоғарлатады. Айналасындағы нәрселер «жапқыш» жауып тұрғандай болады.
Аштық, тою, дефекациялық шақыруларды, одан кейінгі женілдікті сезінуі болмайды, ұйықтау сезімі жоқ, толық немесе бөліктік аналгезиялар мен соматопсихикалық деперсонализациялар көрінеді. Бірақ, көп жағдайларда деперсонализация мұңаю толық болмауына әкелмейді, сезінудің болмауы кезінде де науқастар көңіл-күйдің айқын төмендеуін сезеді, сонымен қатар оларда әртүрлі қызық тактилдік сезімдер пайда болады, бұл соматопсихикалық деперсонализациямен бірге ипохондриалық ойлардың пайда болу негізі болып табылады. Жеткілікті ауыр меланхоликалық немесе қорқу депрессивті синдромдарда ауто- және жиі соматопсихикалық
деперсонализациялар анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет