Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер



бет56/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
Маниакалдік синдром
Негізгі үштік симптомдармен сипатталады.
1. Себепсіз және тұрақты түрде көңіл күйдің жоғарлауы.
2. Ойлау жылдамдығының жоғарлауы.
3. Психомоторлық қозу.
Науқастардың барлық уайымдары жағымды түстерге боялған. Науқастар мәселелері жоқ, өткен жамандықпенен бақытсыздықтар ұмытылады, осы кездегі теріс хабарлар қабылданбайды, болашақ ашық, жақсы түстермен суреттеледі. Бірақ науқастардың бұл көңілді көңіл-күйлері уақытша, әсіресе, сыртқы себептер әсер еткенде тітіркенгішпен және ызалықпен ауысады, бірақ бұл әсіресе науқаспен жылы сөйлескеннен кейін тез жоқ болады. Әсіресе науқастың физикалық сезімі өте жақсы болады. Қуаттың көп болу сезімі әрқашан болады. Көптеген жоспарларды орындау мүмкіншілігі жоғары болады және армандары шексіз болып көрініп, олардың орындалуына ешнәрсе бөгет жасамайтын сезім болады. Олар кәсіптік, физикалық және т.б жағдайларда өздеріне деген бағасы өте биік болады. Кейбіреулеріне сол кездері өздерінің айтқандарын шындыққа айландыру оңай болып көрінеді.
Көп жағдайда науқастар өздерінің үлкен ашылулар жасағандарына өздері сеніп, басқаларды да соған сендіреді, көбінде үлкен жастағы және қарт адамдарда көрінеді. Ондай науқастар көп, қатты, жылдам, жиі, тоқтаусыз сөйлейді,сөйлемдерді жалғастыруда дауыстары қарлығып шығады. Сөйлемді нақты емес, көбінде бір ойдан екінші ойға секіру байқалады. Аздаған қоздырғыштарға, заттарға көңіл аударулары жылдам. Сөз қорларында сөйлеу
барысында, көп күлкілі, келемеждеу, өткір, шетел тілдерінің сөздерін қолданады. Ассоциация беткейлік, жиі «мықты» сөз тіркесін колданады, сөздерінің арасында орынсыз күлу, ысқыру, өлең айтумен бөлетін болады. Есінің мықтылығымен көзге туседі, гипермнезия. Науқастың сыртқы келбеті көзге түсерліктей. Көздері жылтырап, беті қызарған, сөйлеп тұрғанда көбінде ауыздарынан түкірік шашып тұрады. Мимикасы көп, қозғалыстары жылдам, ұшып жүргендей, позасы мен ымдауы (жест) айқын болып келеді. Науқастар бір орнында көп отыра алмайды. Дәрігермен сөйлесіп отырғанда, бір жағдайдан екіншіге жылдам ауысып, айналып, орнынан атып тұрып бөлме ішінде жүгіре жөнеледі, тұрып тамақ іше береді, асығып тамақты дұрыс шайнамай жұта береді. Тамаққа тәбеттері әдетте жоғары. Ерлердегі сияқты әйелдерде де жыныстық әуестік жоғары болады. Маниакалдық қозу симптомы, әдетте кешке қарай болады кейбір науқастарда түнгі уақытта ұйқысыздық болса, енді біреулері аз мөлшерден болсада жақсы ұйықтайды. Маниакалдық даму көрінісіне қарай көптеген формаларын ажыратуға болады. «Күндік» (солнечная) мания: оптимистикалық көңіл күйінің көтерілуі, бірақ сөздік және қозғалыстық қозу орташа. Жеккөрушілік мания: көңіл-күйінің жоғарлаумен қатарласа қозушылық, көрінген нәрсеге ұрынушылық.
Араласқан мания: шаттанған көңіл-күймен қатарласа, сөйлеудің бұзылумен қимыл-қозғалысының шашыраңды болуы. Маниакалдық ашушаңдық: кенеттен көрінетін психомоторлы қозу, жындану агрессиясымен қатарласа жүреді, қазіргі кезде ерекшілік ретінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет