Сананың алжасу жағдайын сипаттайды:
1) Науқас айналасына айқын емес, қиын, бөлікті қабылдауы және одан алыстау, абыржушылық байқалады.
2) Дезориентировканың әр түрлі түрлері – ортаға, уақытқа, айналасындағы адамдарға, сол уақыттағы жағдайға, өзіндік тұлғасына, осы көріністердің барлығы бірге немесе кейбіреулері болуы мүмкін.
3) Кейбір дәрежедегі ойдың байланыссыздығы, ол әлсіздікпен немесе көз қарасын білдіре алмаумен, сөз бұзылуымен жүреді.
4) Сананың алжасуы кезеңіндегі толық немесе бөліктік амнезиядан: осы кезеңіндегі байқалған психопаталогиялық бұзылыстардың – галюцинациялар, сандырақ, сирек – айналадағы оқиға бөліктері үзік-үзік есінде қалады.
Сананың бұзылу синдромының негізгі жалпы белгісі – науқастың айналадағы байланысын жоғалту, ол болып жатқан жағдайды қабылдауы, түсінуі және есте сақтауы толық немесе жартылай көрінеді. Бұл жағдайларда ой бұзылған, соңында сана бұзылу кезеңінде толық немесе бөлікті ұмытылады. Сана бұзылу синдромын физиологиялық жағдаймен салыстырады, өйткені адам түсінде айналысындағы ортамен байланысын үзеді. Бірақ физиологиялық ұйқы бір түрлі жағдай емес екені мәлім, онда анық түнде көп алмасатын екі фазасы анықталған. ақырын ұйқы мидың белсенді белгілерімен жүретін және түс көрмейтін, парадоксальды немесе тез ұйқы ми белсенділік белгілері аз мөлшерде және ұйқымен көрінеді.
Сана бұзылу синдромдары арасында екі топ жағдайлар анықталған:
1. Сананың өшу синдромдары, психиқалық әрекет соңына дейін редуцерленеді және толық болмайды.
2. Сананың алжасу синдромдары сыртқы ортадан шектелген мида көбінесе түске ұқсас интенсивті психологиялық әрекеті.
Сананың өшу синдромдары
Сана анықтығының деңгей тереңдігіне байланысты сананың өшуінің келесі дәрежелерін ажыратады: обнубилиция, сомноленттілік, сопор,
кома. Көбінесе жағдай нашарлағанда бұл дәрежелер бір бірін алмастырады.
1. Обнубиляция – «Сананың бұлттануы», «Санаға жалық». Науқастардың реакциясы, бірінші орында, сөздер ақырындайды, назар бұзылуы, ұмытшақтық, жауапта кателіктер пайда болады. Жиі көңіл- күйдің емқұрайлы болуы. Бұл жағдайлар бірде минуттарға созылса, екіншісі, мысалы, өршу, салдану немесе ми ісіктерінде алғашқы формасында ұзақ уақыт болады
2. Есеңгіреу – сананың анықтығының төмендеуі және бір уақытта оның болмауы. Есеңгіреудің негізгі көрінісі барлық сыртқы тітіркендіргіштерге қозу табалдырығының жоғарлауы.
Науқастар қатысусыз, айналасы қызықтырмайды, науқастар қойылған
сұраққа тез мән бермейді және салыстырмалы қарапайым немесе тек өте қарапайымды сұрақтардың ғана мағынасын түсінеді. Ойлануы тежелген және баяулаған. Жауаптары бір текті қозғалыс белсенділігі төмендеген: науқастар аз қозғалады, қимылдары баяу, қозғалыстары икемсіз байқалады. Мимикалық реакциялар азайған. Есеңгіреу кезеңі әдетте толық немесе жартылай толық амнезирленеді.
3. Сопор - психикалық қабілеттің толық болмауымен жүреді. Науқас
қозғалыссыз жатады, көздері жабық, бет мимикасы жоғалған.
Науқаспен сөйлесу мүмкін емес. Қатты тітіркендіргіштер (сәуле,
қатты ауырсыну тітіркендіргіш) стеротиптік қорғаныс қозғалыстар-
мен, сирек дауыс реакцияларын шақырады.
4. Кома - әр түрлі тітіргендіргішке реакцияның жоқ болумен, есінің
жоғалуы. Тек шарттық ғана емес, шартсыз да рефлекстер жоғалады:
қарашықтардың жарыққа реакциясы жыпылықтау рефлексі,
корнеалды рефлекс.
Сананың өшу синдромы интоксикацияларда алкогольда, көміртек газ
және т. б. зат алмасу бұзылыстар (уремия, диабет, бауыр жетіспеушілігі), бас ми жарақаттарында, ми ісігінде, ОНЖ –ның басқа органикалық, тамырлық ауруларда кездеседі (кесте 23).
Достарыңызбен бөлісу: |