Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Кесте 24 - Делирий мен онейроидтың салыстырмалы мінездемесі



бет68/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Кесте 24 - Делирий мен онейроидтың салыстырмалы мінездемесі



Клиникалық
белгілер

Делирий

Онейроид



Этиология

Экзогенді

Эндогенді



Ұзақтығы

Сағаттар-күндер

Күндер-апталар

Ағымы

Толқынды

Стабильді



Тәулік уақыты

Түнгі

Бәрі бір



Галлюцинациялар

Шынайы

Жалған

Тақырыбы



Микро-, макро-, зо-
опсиялар, кәсіби
және тұрмыс елес-
тер

Қиял ғажайыптылық,
мегаломаниялық



Ортаға бағдары

Өзгерген, өз-өзіне
дұрыс

Толық өзгерген



Уақытқа бағдары

Кәзіргі заман

Бұрынғы, болашақ
замандары



Ассоциациялар

Фрагментарлы

Байланысты



Өзіндік сана

Сақталынған

Басқа кейіпке түсу, қос
бағдарлану



Жүріс-тұрысы



Психикалық
бұзылыстарға
сәйкес

Бұзылыстармен жүріс-
тұрысының
диссоциациясы

Бұлшық еттердің
тонусы

Өзгеріссіз

Кататониялық ступор

Ес

Фрагментарлы

Бір шама жүйеленген

Аменция /аментивтік синдромы, сананың аментивтік бұлыңғырлануы/ сөздің, моториканың байланыссыздығымен сасқалақтаумен көрінетін сананың бұлыңғыр түрі. Мейнерт - жеделмағынасыздық деп сипаттаған.
Ауыр және ұзақ соматикалық және инфекциялық ауруларда пайда болады. Терең астениядан пайда болып, ауру басталады. Науқастың уақытқа, айналасына, тұлғасына бағдары бұзылады. Сөздік контакт мүмкін емес.
Науқастардың ойлары байланыссыз, айтқан сөзі тіркеу мінезінде (кәдімгі жай сөздерден, буындардан, дыбыстардан құралған; бір қалыпты ақырын немесе қатты айтылатын). Жиі персеверациялар байқалады. Науқастардың көңілі өзгермелі: біресе төмендеген үреймен, біресе жоғарлаған - мақсаттанған, біресе - немқұрайлы.
Қабылдау бұзылыстары болуы мүмкін, науқастар бірдемені тыңдап тұрғандай. Бет - әлпетіне қарап эмоциялық реакциялардың
өзгеруін байқауға болады.
Аменция кезінде моторлық қозу шектелген кеңістікте болады,
көбінесе төсекпен шектелген. Ол жеке қимылдар: науқастар айналады, иіледі, селк ете түседі, аяқ-қолдарын жан-жаққа лақтырады.
Науқаспен сөйлесу мүмкіндігі жоқ. Науқастың жеке айтқан сөздеріне қарап түсінбестік аффектісі және бұлыңғыр санасымен дәрменсіздігін түсінеді, бұл симптомдар абыржу кезінде үнемі кездеседі. Аменцианың ұзақтығы бірнеше апта немесе бірнеше ай құру мүмкін. Аментивтік жағдай кезеңі толығымен амнезияға ұшырайды. Сауығу кезінде аменция ұзақ уақыт сақталатын астенияға немесе психоорганикалық синдромға ауысады. Сырттан қарағанда аменциясы бар науқастар ауыр жағдайдағы соматикалық науқастарға ұқсайды (беті солған, боз, жүдеген, төмен АҚ және төмен температура). Казіргі кезде астеникалық шатасу басқаларға қарағанда жиі
кездеседі. Науқас үрейленген, көңілі төмен, сасқалақтаған, әңгіме тақырыбын еске сақтай алмайды, персеверациялар байқалады, тақырыптан тақырыпқа секіреді. Кейде жүйеленбеген ерекше аса мағыналы ойлар пайда болуы мүмкін, бірақ науқас бірнеше минуттан кейін сандырақ ойдың жалған екенін айтады. Сырттай науқастар жүдеген, бозарған, акроцианоз, гипергидроз байқалады, әйелдерде – аменорея. Бұл кезеңде науқастар толық тамақтануына қарамастан арықтай түседі.Астениалық шатасудан астения арқылы шығады. Сананың бұлыңғыр алжасуы типтік эпилептиформдық
пароксизм болып табылады. Бұл психозға кенеттен басталу, салыстырмалы қысқа мерзімділік (оншақты минуттан бірнеше сағатқа дейін), жылдам аяқталуы және сананың алжасу уақытының толық амнезияға ұшырауы тән.
Бұлыңғыр алжасу кенеттен дамиды. Бағдар толығымен бұзылады. Науқастар қоршаған ортадан аластап қалады. Сұрақтарға жауап бермейді. Олармен қарым-қатынас құруға мүмкіндік мүлдем жоқ. Спонтанды сөйлеу болар-болмас, немесе қысқа сөз тізбектері мен жеке сөздерді стереотиптік қайталау түрінде болады. Кейбір жағдайларда келісімді, жиі салыстырмалы қарапайым, сырттан қарағанда мақсатталған әрекеттер сақталған. Егер бұл
әрекеттер еріксіз серуендеумен ұласса, онда амбулаторлық автоматизмдер туралы айтады. Ұзақтығы минуттармен саналатын амбулаторлық автоматизмдік фуга деп атайды; ұйқы кезінде кездесетін амбулаторлық автоматизмді – сомнамбулизм немесе лунатизм деп атайды. Науқастар автоматтық қозғалыстар жасайды (жүреді, үй жиһазын қозғалтады, киімін қалыпқа келтіреді). Бір қатар жағдайларда сананың бұлыңғыр алжасу кезінде
науқастар шектен тыс қауіпті агрессиялық әрекеттер жасайды. Бұлжағдайларда сананың айқындалуынан кейін істелген әрекет және
оның салдарынан депрессиалық реакция пайда болуы мүмкін. Науқастардың қауіпті және қисынсыз әрекеттерінен, сонымен қатар осы кездегі үзбелі үндерінен сананың бұлыңғыр алжасуында галлюцинаторлы-сандырақ бұзылыстарының кездесу мүмкіндігін дәлелдейді. Көбінесе, сананың біртіндеп айқындалуы психикалық жағдайдың күрт төмендеуімен ілесіп жүруі мүмкін, осыған байланысты науқастар кем ақыл болып көрінеді. Бір қатар жағдайларда терминальдік ұйқы келеді. Сананың бұлыңғыр алжасуы әдетте минуттар немесе сағаттарға созылады және толық амнезиямен жүреді (кесте 25).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет