Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Ұстамалы дерттік (пароксизмальды) құбылыс



бет71/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Ұстамалы дерттік (пароксизмальды) құбылыс
Тырысу синдромдорына ұстамалы дерт жатады, кенет басталатын және кенет аяқталатын тырысулық жағдайлар, көп жағдайда сананың алжасуымен қатар жүреді. Үлкен эпилептикалық ұстамалар. Үлкен тырысулы ұстамалардың дамуында бірнеше сатылардан тұрады. Ұстаманың алдында аура болады да, бірақ бұл тырысулы ұстаманың сатысына жатпайды. Тоникалық фаза кенеттен пайда болып, есін жоғалтады және тоникалық тырысулар болады, осы кезде науқас құлағанда жиі ол ет бетімен құлайды.
Науқас құлар кезінде қатты айғалайды өйткені дауыс өзегінің бұлшық еті тырысуына байланысты. Науқас құлағанда тоникалық тырысу жағдайында болады, бұлшық еттерінің тонусы жоғарлағандықтан басы артқа шалқаяды, қолдары шынтағында бүгілген кез деңгейінде, білектері бүгілген, жұдырығын түйіп алады. Тізе және жаңбас буынан ішке қарай бүгілген. Кейде тоникалық сатыда науқастың қолдарын алдыға қарай сөзған қалыпта болады. Омыртқасы артқа қарай бүгіледі, ретрофлексияда. Аяқ-қолдың
сынуына қауіп туады; аяқтардың кенеттен талтаюы, сан мойынның сынуына әкеледі, омыртқаның ретрофлексиясы – кеуде және бел, немесе омыртқасының сынуына әкелуі мүмкін. Әдетте науқас тілін және ұртын тістеп алады. Кейде тырысу кезде тілін сыртқа шығарып тұрғанда, немесе сөлесіп жатқан кезде ұстама басталса, тіл ұшының жарақаттық ампутациясы болуы мүмкін. Тоникалық тырысу кезінде тері қатпарларында кенет цианоз байқалады, қысқа уақытқа жүрек жұмысы тоқтайды. Тоникалық саты кезде еріксіз зәр шығару және дефекациялар болмайды. Еркектерде жиі эрекция және де шаұкаттың эякуляциясы болуы мүмкін. Тотальді арефлексия байқалады. Тоникалық сатының ұзақтығы 20-30 сек. Тоникалық сатыдан кейін клоникалық саты басталады. Тырысулар ритмикалық және симметриялық болады, қабақтарда және саусақтардың дистальді фалангалардан басталады. Интенсивтілігімен өрнеледі тырысулар аяқ бұлшық еттеріне, дене, мойын, бас бұлшық еттеріне жайылады. Бұндай тырысулар кезінде қолдарында жазу-бүгу қозғалысының амплитудасы үлкен, аяқтарында-шектелген. Басы жан жаққа бұрылады, көздері айналады, тілін үнемі шығарып отырады, төменгі жағы шайнау қозғалыстарын жасайды, бетін әр түрлі тыжырайтады шайнау қозғалыстарына байланысты. Клоникалық сатыда науқастарда еріксіз зәр шығаруы, дефекация және де жоғарғы тершеңдік байқалады. Сілекей және бронхтың шырышты қабатының бөлінісінің гиперсаливациясы болады.
Науқастың ауызынан көбікті қанды сүйықтық ағады, бұл сұйықтық ауыздағы сілекей бронхтағы секрет, тілін немесе ұртын тістегенде болатын қан. Клоникалық сатының ұзақтығы 1 мин 3 мин- қа дейін созылады. Жилігі және амплитудасы сирейді. Клоникалық сатының соңында тыныс алуы қалыптасады, цианозы азаяды.
Комадан шығу сатысы. Кейбір жағдайларда комалық жағдай арефлексиямен, кенет бұлшық еттердің босаңсуымен және терминдікпен, тағы да тыныс алуы қиындалады да терең есеңгіреу жағдайына ауысады , біраздан соң обнубиляциялық жағдайдан кейін санасы анық болады да науқас ұйықтайды. Ал кейбір жағдайларда ғана болады, онда санасының бұлыңғыр бұзылыстары және айқын эпилептиформды қозумен байқалады бұл жағдай бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ұстамадан кейін кейбір науқастарда жеңілдеген сияқты сезім болады, сирек эйфориямен қатарласады, ал басқа науқастарда керісінше болады, қажу сезімде болады физикалық және психикалық қажу жоғарлайды. Көңіл күйі төмендеуі мүмкін,
тітіркенгеніне болады.
Эпилептикалық жағдай. Бұл бірінен соң бірі болатын эпилепсиялық ұстамалар. Ұстаманың жилігі жиі болғандықтан науқас есін жинай ала алмайды, ұзақ уақытта комотозды, сопорозды немесе есеңгіреу жағдайда болады эпилептикалық. Жағдай бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылуы мүмкін. Эпилептикалық жағдай кезінде науқастың температурасы жағарлайды, тамыр соғысы жилейді, Артериялық қысым төмендейді, тершеңдік, жүрек-қан тамыр қызметі әлсірейді, өкпенін және мидың ісінуі мүмкін. Қан сарысуында мочевина жағарлайды, ал зәрде белок деңгейі жоғарлайды.
Адверзивті тырыспалы ұстама. Классикалық эпилептикалық ұстама сияқты адверзивті ұстама да тоникалық сатымен басталады, бірақ мұнда балу өтеді, және де аура болмайды. Науқас ұстама кезінде өз денесінің осімен бұрылыс жасайды: басында зорлықпен көз алмасын бұрады, одан кейін осы жаққа басын да бұрайды, науқас құлайды клоникалық саты басталады, ол эпилептикалық тырыспалы ұстамадан ешқандай айырмашылық жоқ.
Адверзивті ұстаманың дамуы бас мидың маңдай бөлігінің органикалық зақымдалуынан болады.
Парциалды ұстама. (Браве-Джексон ұстамасы). Ұстама кезінде тоникалық және клоникалық саты белгілі бір бұлшық еттердің тырысуымен сипатталады. Парциальді ұстамалар тек қана қолдың немесе аяқ бұлшық еттерінің тырысуымен көрінеді. Аяқ-қолдардың тырысудың динамикасы үнемі проксимальді бағытта болады. Егер ұстама қол бұлшық еттерінде болса, тоникалық тырысу білезіктен, шыбық сүйекке және иыққа өтіп қолын жоғары көтереді, және де зорлықпен науқас басын бұрады, қолын көтерген жаққа. Одан кейін ұстаманың клоникалық сатысы өтеді.
Браве-Джексон ұстамасының генерализациясы болуы мүмкін:
мұнда кәдімгі тырыспалы ұстама құбылыстар дененің бір жағында ғана болады. Парциальді ұстама жиі естен танумен қатарласады. Браве-Джексон ұстамасы жиі бірнеше ұстамамен аяқталады, әсіресе алдыңғы орталық мидың иірілімі органикалық зазымдалу кезінде.
Тырыспасыз (кіші) ұстамалар. Кіші ұстамалар үлкен ұстамаларға қарағанда қысқа болады және клиникалық көрінісі бойынша. Абсанс. Бұл қысқа уақытқа сананың «өшеді» (1-2 сек-қа). Абсанс аяқталған соң науқастың санасы қалыптасады . Сананың «өшу» кезінде науқастың беті бозарады. Ортаға мән бермейді. Тырысулар байқалмайды. Бір немесе бірнеше ұстамалар болады. Пропульсивті ұстамалар. Бұл ұстамалық жағдайға толқын тәрізді алдыға қарай қозғалыстар - пропульсиялар тән. 1 жастан 4-5 жас аралығында кездеседі, көбінесе ұл балаларда кездеседі, түнгі уақытта, бірақ осыған әкелмейді. Кеш жасында пропульсивті ұстамаға үлкен тырыспалы ұстамалар қосылады. Салам-ұстамасы. Ұстама кеуде бұлшық еттерінің тоникалық жиырылуымен басталады, денесі алға қарай еңкиеді, басын, ал қолын алдыға қарай созады. Науқас әдетте құламайды. Найзағай тәрізді ұстама салам-ұстамадан тез өтумен ерекшелінеді. Клиникалық көрінісі ұқсас. Бірақ найзағай тәрізді ұстамада тоникалық тырысу кезінде дененің тез қозғалысынан науқас алдыға қарай етпетімен құлайды. Клоникалық пропульсивті ұстамалар. Клоникалық тырысулармен сипатталады, алдыға қарай қозғалады, бірақ пропульсивті қозғалыстар айқын болады науқас етпетімен құлайды. Ретропульсивті ұстама. Бұл ұстамалық жағдайға толқын тәрізді артқа қарай қозғалыстар - ретропульсиялар. 4 жастан 12 жасқа дейін
жиі 6-8 жаста кездеседі, жиі қыз болада оянғанда болады. Ешқашан
ұйқы кезінде болмайды. Клоникалық ретропульсивті ұстама. Ұсақ бұлшық еттерінің клоникалық тырысулар болады әдетте құламайды. Қарашықтың
жарыққа реакция болмайды. Науқас терлейді, сілекей ағады. Импульсивті ұстама кенеттен, найзағай тәрізді өтумен сипатталады. Қолдарын алдыға қарай лақтырады да толқын тәрізді денесін алдыға қарай қозғалтады. Науқас құлауы мүмкін. Науқас шалқасына құлағаннан кейін сол арада аяғына тіке тұрады. Ұстамалар әр жаста болуы мүмкін, жие 14-18 жас аралығында. Себепші факторлар: ұйқының жеткіліксіздігі, тез ояну, алкогольді экцесстер.
Импульсивті ұстамалар бірінен соң бірі болады немесе арасы бірнеше
сағат интервалмен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет