Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер



бет62/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Кататониялық қозу
Кататониялық қозу – алғашқы сәтте абыржушылық, шаттандырушылық сипатта болады. Сөзі көбіне байланыссыз, бір сөзді немесе бір сөйлемді қайта қайталап айтады (вербигерация). Сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Байланыс сөздер кейде қысқа уақыт үнсіздікке әкеледі, не болмаса кенет орнынан тұрып, не қашып кетуге, бір орнында айналады, билей жөнеледі, өзінің киімін жыртады. Осындай іс әрекеттердің барлығы еш бір себепсіз болады. Науқас мимикасы сыртқы кейпі мен іс әрекетпен, ортаға сәйкес емес
(парамимия). Іс әрекеті қайталамалы (эхопраксия). Қойған сұраққа қатысы жоқ, мағынасыз жауап қайтарады. Науқаста белсенділігі бірден жоғалуы, тез ашуланып, тез басылуы мен үнсіздік, қатысы жоқ адамша тынышталуы да мүмкін. Бұл қозғалыстар мақсатсыз ұмтылумен көрінеді, маниакалдік жағдайдан айырмашылығы іске ұмтылу. Сөздер бөлек, науқастардың қозғалысымен мимикасының мәнерленуімен, театралдылығымен стереотиптік ерекшеленеді, кейде импульсивтік әрекеттер де байқалады, эхолалия, эхопраксия пайда болады. Активтік немесе пассивтік негативизм жиі пассивті бағыну, амбиваленттілік, инстинктивтік әрекеттердің бұрмалануы және күшею белгілері сирек кездеседі. Кататониялық қозу ішкі бірлік пен мақсатты бағытын жоғалтқан. Науқастардың іс әрекеттері табиғи емес, реттіліксіз, жиі мотиві жоқ және кенеттен (импульсивтілік), оларда бір жайлар көп (стереотипиялар) айналадағы адамдардың қимылын, қозғалысын,
позасын (эхопраксия) қайталайды. Сөздері жиі символдық айтылулармен, неологизмдермен, бір фразаларды және сөздерді (вербигерация) қайталаумен жүреді, сонымен қатар айналадағы адамдардың сөздерімен айтылуларын қайталайды (эхолалия). Кейде рифмаланған сөздер болуы мүмкін. Қойылған сұрақтарға мәні сәйкес келмейтін жауап қайтарады. Үздіксіз, байланыссыз сөзді қозу кенеттен, аз уақытта толық үнсіздікпен алмасады. Кататониялық қозу әртүрлі аффективтік бұзылыстармен - патетика, экстаз, ашулану, ызалану, кейде қатыспауымен, немқұрайлықпен қатар жүреді.
Кататониялық қозудың түрлері:
1.Абыржу-патетикалық.
2.Кататонді-гебефрендік.
3.Импульсивтік.
4.Үнсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет