Амнестикалық синдром Корсаков синдромы (амнестикалық синдром) – фиксациялық амнезияның (осы шақтағы есінің бұзылуы), псевдореминисценцияның және конфабуляцияның үйлесімі. Алғашқы рет 1887 ж. С.С. Корсаковтың «Алкогольды салдану туралы» атты докторлық диссертациясында суреттелген.
Амнестикалық синдромға кіретін симптомдар: 1. Бекіту амнезиясы
2. Ретро-, антероградты амнезия
3. Амнестикалық бағдардың бұзылуы
4. Парамнезиялар (конфабуляциялар, псевдореминисцециялар)
Корсаков симдромындағы ес бұзылыстары бірінші қатарда болып
жатқан және аз уақыттағы оқиғаларды еске сақтауына тән.
Науқас әдетте алған әсерлерді сол кезде-ақ ұмытады. Бұл процесс секундтар ішінде болуы мүмкін. Науқас әлгінде көріп-сөйлескен адамның атын ғана емес, түрінде ұмытуы мүмкін, сондықтан бір адаммен бірнеше рет амандасуы мүмкін, ал соңғы адам неге бұлай істейтінін, және көріскендігі туралы сұраса бұл адамды бірінші рет көріп тұрғандығын айтады. Науқас бүгін немесе жалпы не жегендігін білмейді, бір оқиғаны бірнеше рет қайталап айтуы мүмкін, аурғандығына қанша күн болғанына және ауруғанада қанша жатқанын білмейді. Дәрігермен сөйлескенде науқас бір сұрақты бірнеше рет қайталап, бірнеше рет алған кеңесті беруді өтінеді, бір ақпаратты бірнеше рет қайталап оқиды және әр оқыған сайын жаңалық ретінде таниды, т.с.с. Басым мөлшерде сөздік ес бұзылады. Сол кезде аффективтік ес (науқасқа жағымсыз уайымдармен байланысты оқиғаның есте болуы) аз
мөлшерде бұзылады.
Амнестикалық бағдар бұзылу деп аталатын, бағдардың бұзылуы
әр-түрлі дәрежеде көрінеді. Басым мөлшерде уақытқа бағдары бұзылады. Әдетте науқас тек қана күн, апта, ай, жыл мезгілін ғана емес, осы жылды да айта алмайды. Жергілікті орынға бағдары едәуір бұзылады, сонымен қатар кеністіктегі бағдары да. Сондықтан да, науқас бөлімнің ішінде, әсіресе өз төсегінің, әжетхананың қайда екенін білмейді. Көп науқастар жанындағы жүрген адамдар жайлы айта алмайды, ал кей кезде бейтаныс адамдарды өзіне таныс адамдардың атымен атайды. Әдетте псевдореминисценция өздігімен емес, сәйкес сұрақтар кезінде туындайды. Олардың мазмұны кәсіби қызметпен байланысты күнделікті өмірдегі өткен оқиғалар немесе ситуациялармен тығыз байланысты. Бұл жағдайларда орын басатын (мнемоникалық) псевдореминисценциялар жөнінде айтады. Фантастикалық мазмұнды конфабуляциялар едәуір сирек кездеседі. Ес бұзылу дәрежесімен
конфабуляция айқындылығы арасында параллелизм болмайды. Корсаков синдромы бар науқастарда интелекттің кез-келген дәрежеде төмендеуі тән, сонымен бірге өз жағдайына бағытталған сын да төмендейді. Сонымен қатар, бұрынғы дағдылары мен білімі қанағатты түрде сақталады. Мысалы, кәсіптік білімді сақтайды, карта, шахмат ойындарын жақсы ойнайды, әр-түрлі есептер шығарады, бұрынғы дағдымен байланысты сұрақтарды логикалық дұрыс тұжырымдайды. Тұлғаның бұрынғы құрылымы әжеп-тәуір сақталады. Көпшілігінде сынның төмендеуіне қарамастан, дерттің ес бұзылуымен байланысты екендігін біле тұрып, әр-түрлі айлалармен мнестикалық дефектіні жасырмақ болады. Корсаков синдромы бар науқастарда пікір және белсенділік деңгейі үнемі төмендейді. Әрдайым психикалық және физикалық қажуды анықтауға болады. Бұл бұзылыстар кәрі адамдарда басым деңгейде кездеседі. Басым жағдайларда Корсаков синдромы сананың бұзылуынан кейін, жиі ауыр делирийден кейін жедел дамиды. Корсаков синдромы әр-түрлі интоксикациялардан (бірінші кезекте алкоголизм), бас-ми жарақаттардан, ми ісіктері және инфекциялық аурулардан, жедел гипоксиядан (исті газбен улану, асылу, т.с.с.), атрофиялық және тамырлық өзгеріс үрдістерінен кейін байқалады.