Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Кесте 23 - Сананың өшу синдромдарының салыстырмалы мінездемесі



бет66/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
Кесте 23 - Сананың өшу синдромдарының салыстырмалы мінездемесі



Синдром

Сөйлесу

Ауырсыну

Рефлекстер

Есенгіреу

+

+

+

Сопор

-

+

+

Кома

-

-

-


Сананың алжасу синдромдары
Делириоздық синдром (делирий) – сананың алжасуы шынайы көру галюцинациялар мен иллюзиялармен басым, қорқу, қозғалыс қозуы басым болатын аффект өзгерістері. Делирий – сана-сезім бұзылысының ең жиі кездесетін түрі. Делирийде уақытқа, айналысына бағдары бұзылады, тұлғалық бағдары сақталған. Көптеген иллюзиялар мен шынайы галлюцинациялар (көру, есту, тактильды) байқалады. Науқастар үрей мен қорқынышты сезеді. Козғалыс қозулары байқалады, олардың тәртібі галюцнацияларға сайкес, жиі қорқынышты. Әрекеттерде қорғанысты немесе агрессивті бағыттар бар.
Делирий жағдайында сананың бұзылуының барлық ерекшеліктері байқалады. Науқастар галлюцинаторлық алаңдауға берілгені сонша, тіпті оларға айтылған сөздерге тез мән бермейді, шынайы жағдайдың заттары оның санасында бұрмаланғаны сонша, олар болып жатқанның мәнін түсінбейді, жай-күйлерді талдай алмайды, медициналық мекемеде екенін түсінбейді. Ойлар ретсіз, хаотикалық болады. Психоз аяқталғаннан кейін бөліктік амнезия байқалады. Галлюцинаторлық бейнелер жақсы, ал шынайы – оқиғалар жаман есте сақталады. Делирий ағымы көптеген ерекшіліктермен сипатталады. Бұл психоз жедел басталса да, симпотомдары белгілі бір реттілікте өршиді. Психоздың толық құрылымына бірнеше сағаттан екі тәулікке дейін уақыт керек. Оның басталуы әдетте кеш түсуімен, түннің жақындаумен байланысты.
Делирий дамуында бірнеше кезеңінен тұрады. Психоз басталуындағы
ерте белгілері не өршитін үрей, тынымсыздық, қауыптың болуын сезуі, жалпы сезімталдықтың жоғарылауы (гиперестезия) жатады. Науқастар ұйықтай алмайды, бөлмедегі кездейсоқ дыбыстарға, кішкентай, мәнсіз заттарға мән береді. Егер ұйықтауға тырысса көз алдына ашық қорқынышты бейнелер пайда болады (гипногогикалықгаллюцинациялар), осыдан науқастар оянады. Кейде галлюцинациялар ұйқыдан тұрғаннан кейінде жалғасады (гипнопомпиқалық галлюцинациялар). Үрей өршіп айқын алдамшы иллюзялар болады.
Науқастар санасында үй заттардың (қабырға кағаз суреті, жиһаз сырттары, еден сызықттары және дастархандағы) белгілі мүсінмен бейненің фантастикалық бұрмалануы тән. Қабырға кағазындағы гүлдер шығыңқы болып, қабырғадан өседі, дақтар кішкентай қоңыздарға айналады, кресло сызықтары бет секілді болып көрініп езуін тартып және тыржыйта бастайды (парейдоликалық иллюзиялар). Бұл кезде науқастарды Липман симптомы арқылы (көзалмасын басқанда галлюцинациялар пайда болады) галлюцинациярдың пайда болуы дайындығын көруге болады.
Бірінші галлюцинациалар бейнелері жиі өрілмелі сызықтар ретінде көрінеді (жіп шоғыры, төбеден салбырап тұрған талшық, серпантин, өрмектің шоғыры жыландардың үйірі). Одан кейін күрделі галлюцинациялар пайда болады: бөлме адамдарға, жануарларға толады. Науқастар олардан корғануға ұмтылып, пәтерінен қуып, колымен ұстап алмақшы болады, пышақпен сілтейді. Одан кейін делирийдің жайылған суреті барлық жағдайдың толық бұрмалануына әкеледі, науқастар жұмыста немесе шарап дүкенінде екен деп сезінеді, аңдып жүрген адамдарды көріп қашуымен,
құтылмақшы болады, осы жағдайдан шығалмайды, өйткені жағдайдында шынайы заттарды көрмейді, бұл кезең қатты қорқынышпен және өткір психомоторлық қозумен сипатталады. Делирйдің ұзақтығы бірнеше (екі-бес) күн. Күндіз олар тыныш жүреді, төсекте жеңіл қалғумен жатуы мүмкін, бірақ сұраған кезде галлюцинациялар сақталады. Кешке таман жағдайы төмендеп,
қабылдаудың жаңа алдаулары пайда болып психомоторлы қозу жоғарлайды. Делирйдің аяқталуы - науқас ұйықтайды және 8-12сағат терең ұйқыдан кейін психоз белгілерсіз оянады. Біраз уақытқа дейінпсихоздың болған кездері шын екен (резидуальдық сандрақ) деп ойлайды, бірақ бұндай алдамшы талғамдар тұрақсыз және келесі бірнеше сағаттардан кейін арнайы емсіз жазылады. Психоз аяқталғаннан кейін басынан өткен алдамшы қабылдау туралы көп айтады, бірақ шынайы оқиға есінде жоқ. Психоздың басы есінде
жақсы сақталады. Делирйдің пайда болу себебі әр түрлі экзогенді және соматогендік аурулар болады (интоксикация, инфекциялар, қалтырау жағдайлары, бас-ми жарақаты, күю аурулары, тамыр жетіспеушілігі).Негізгі аурудың жағымсыз әсері (соматикалық, инфекциялық) және т.б. делирйдің ауыр формасы (кәсіптік және мусситерленген) дамуына әкелуі мүмкін .
Кәсіптік делирий (жұмыстық делирий, жұмыс сандрағы) әдетте күнде жасалатын бір түрлі қимыл қозғалыс қозулар, тамақ ішу, үй жинау т.б. немесе науқастың кәсібіне байланысты қимылдар, тауар жіберу, тігу, касса аппаратында жұмыс істеу және т.б қайталамалы түрде жасау.
Кәсіптік делирийде қозғалыс қозу шектелген кеңістікте болады,
ол бөлек сөздерді айтады, немесе мылқау болумен жүреді. Галлюцинациямен сандрақ болмайды немесе рудиментарлық. Сөйлесу жиі болмайды. Кейде бір типтік жауап айтады. Оның мазмұны патологиялық уайымдаумен көрінеді.
Мусситерлнген делирий (сыбырлаумен делирий, тыныш сандырағы) төсекте ғана болатын, өзінің көріністері мен әрекеттің толықтығымен бір тектілігінен айырылған, бағытталмаған қозғалыс қозумен болатын делирий. Науқастар бір нәрсені шешеді, қағады, ұстайды, бұл қозғалыстар жиі «жинау» сөзімен анықталады. Сөз қозуы ақырын, бөлек дыбыстыр, буындар, одағайлар айтылумен анықталады. Мусситирленген делирий әдетте кәсіптікті алмастырады. Кәсіптік және әсіресе мусситирленген делирий күндіз есеңгіреу симптомымен алмасуы мүмкін. Бұл жағдайда есеңгіреудің тереңдігі негізгі аурудың ауырлағанын көрсетеді.
Этиологиялық факторға байланысты \интоксикациялар көп жиілікпен\, делирий вегетативтік және неврологиялық бұзылыстармен жүреді. Вегетативтік бұзылыстар ішінде - тахикардия, тахипноэ, тершеңдік, артериялық қысым деңгейі жоғарлаумен құбылып тұруы, ал неврологиялық симптом ішіне бұлшық ет гипотониясы, гиперрефлексия, тремор, атаксия, конвергенция әлсіздігі, нистогмоид, Маринеску симптомы жатады. Мусситирленген ауыр делирийде бірінші кезекте артериялық қысым төмендейді, коллаптоидты жағдайлар дамуы мүмкін, орталықтан пайда болатын айқын гипертермия, ағзаның сусыздану симптомы байқалады.
Неврологиялық симптомдар ішінде шүйденің региттілігі, Керниг симптомы, оралды автоматизм симптомы, көз симптомдары \нистагм, птоз, страбизм\, атетоидты және хореоформды гиперкинездер болады.
Делирий ұзақтығы әдетте үштен жеті күн аралығында. Бұзылыстар ұзақ ұйқыдан кейін жоғалады. Орташа ұзақтығы қысқарған жаққа да, ұзарған жаққа да делирийді анықтайтын бар симптомдар ауытқиды. Соматикалық әлсіреген науқастарда, бірінші кезекте егде жастағы адамдарда жайылған және ауыр делириоздық суреттер бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Жайылған делирийді басынан кешірген науқастар уайымының мазмұны естерінде
сақталған. Әдетте бұл еске түсірулер үзілген, әр жерден алған және психопатологиялық симптомдарға жатады (галлюцинациялар,
аффекттивтік сандырақ). Кәсіптік және мусситирленген делириймен
ауыратын науқастарда толық амнезия байқалады. Жиі делирий астениямен алмасады, ауыр жағдайларда Корсаков синдромы дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет