Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Б) Эпилептикалық (концентрленген) кемақылдық



бет74/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
Б) Эпилептикалық (концентрленген) кемақылдық – сипаты бойынша органикалық кемақылдықтың бір түрі болып табылады. Басқа да органикалық процесстердегідей эпилепсия ағымының кеш кезеңдерінде ес және ұғымдық қызметке қаблеттілігі бұзылады.
Алайда ойлаудың және мінездік өзгерістердің едәуір ерекшеліктері
бар. Ойлаудың негізгі ерекшелігі болып, ойлаудың пайымдылығының үдеуімен, детализацияға бейімділік, сөз таңдауындағы қиыншылықтармен сөз қорының азаюымен сипатталады (олигофазия). Сөз жетіспеушілігін көп ретті қайталаумен, паразит сөздермен, бірдей сөз (штампталған) тіркестер орын басады. Мінездік өзгерістер шектен тыс педанттылықпен, тым артық мейрімділікпен, жағымпаздықпен, еркелік атауларды қолдану, эгоизммен қосарлана сипатталады. Ой өрісінің тарылуы, өз мәселелеріне көңіл бөлу тән. Жиі бұл жағдай қоғамдық маңызды оқиғалардың білмеуіне әкеледі. Ес бұзылысы таңдамалы сипатта болады: науқастар өзіне қатысты фактілерді
жақсы біледі (дәрігерлер аты, өзі қолданатын дәрмектер аты, зейнетақы көлемі және оны беретін күн) алайда, өзіне қатысы жоқ оқиғаларды мүлдем еске сақтамайды. Қоршағандарға жоғары талаптылық сұраумен бірге, өздері бұл талаптарды орындамауы мүмкін, аурухананың кіші персоналына немесе басқа науқастарға
дөрекі болуы мүмкін. Жалпылауға қаблетінің төмендеуі бастыны айыра алмауда. Мысалы, мақал мәтелдердің нақты – ситуациялық түсінуінен көрінеді.
В) Шизофрениялық кемақылдық органикалық аурулардан кейінгі кемақылдықтан біршама ерекшеленеді. Шизфрения кезінде ес өзгермейді, абстрактты ойлау қаблеттіліктің жоғалуы байқалмайды. Сонымен қатар оның кезектілігімен бағыты бұзылады. Тән симптом болып атактикалық ойлау (шизофазия) табылады. Апатия мен абулияға дейінгі эмоционалдық мақлұқтық тән. Немқұрайлықпен белсенсіздік үдей түседі. Әдетте науқастарда мақсатқа жету талпынысы жоқ. Бұл дәрігердің қойған сұрағына жауап бермей жатып «Білмеймін!» деп айтудан көрінеді. Білім қоры жеткілікті, физикалық мықты науқастар мүлдем жұмыс істей алмайды, себебі
еңбекке, әңгімеге, мақсатқа жету қажеттілігін сезбейді. Науқастар өз- өзін күтпейді, киімге мән бермейді, жуынбайды. Сонымен қатар жиі олардың сөздерінде жоғары абстратктілі ассоциациялар кездеседі (символизм, неологизм, парологиялық ойлау). Арифметикалық есептерде әдетте дөрекі қате жібермейді. Тек аурудың соңғы этаптарында ұзақ мерзімде интеллекттің әрекетсіздігі, жиналған білім және дағдылар
кезінде орталық бұзылыстар ретінде эмоцияның кедейленуін, еріктің болмауы және ойлау құрлымының бұзылуын санайды. Нақты айтқанда бұл жағдай апатико-абулиялық синдром деп анықтау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет