Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Деменция (интеллекттің жүре пайда болған төмендеуі)



бет72/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Деменция (интеллекттің жүре пайда болған төмендеуі)
Интеллект – білімді алу және оны тәжірибеде қолдану қабілеттілік.
Интеллект ядросы - ойлау. Бұдан басқа эмоция, ерік, қабылдау, ес бұзылады.
Деменция белгілері болып жиналған қабілеттілік пен білімді жоғалту, психикалық қызметтің өнімділігінің жалпы төмендеуі, тұлғаның өзгеруі болып табылады. Деменцияның динамикасы әр - түрлі болады. Ми ісіктері, атрофиялық аурулар және атеросклероз кезінде психиканың дефектісі басымдай түседі. Посттравматикалық және постинсультті деменция кезінде психикалық функцияның аурудың алғашқы айларында қалпына келуі және кейінгі жылдарда тұрақты сипатта қалуы мүмкін. Бірақ жалпы, деменция кезінде бұзылудың негативтік сипаты оның салыстырмалы түрдегі
тұрақтылығын және толық сауыға алмайтындығын анықтайды. Кем ақылдықтың клиникалық суретін, маңызды түрде негізгі психикалық
аурулар кезінде ажыратады - органикалық процесттер, эпилепсия және шизофрения.
Деменцияның клиникалық формалары.
1. Тоталды деменция. Интеллектің барлық компоненттері бұзылады (ойлау, ес, эмоция, ерік, қабылдау, жалпы тұлға). Тоталды (паралитикалық) кем ақылдық логикаға қабілеттілікті және ақиқатты түсінуді біріншілік жоғалтумен сипатталады. Естің бұзылуы терең болуы мүмкін, Рибо бойынша үдемелі амнезия анықталады, бірақ абстрактты ойлау бұзылысынан кейін қалуы мүмкін. Ауруға деген сынның едәуір төмендеуі немесе болмауы
анық. Эмоциялық кедейлену байқалады, тұлғаның өнегелік қасиеттері бұзылады: борыштық сезім, сыпайлық, биязылық, әдептілік, ұят сезімі жоғалады. Инстинктармен байланысты төменгі эмоциялардың біртіндеп қозуы болады. Науқастар балағаттайды,жалаңаштанады, палатада үлкен және кіші дәретке отырады, сексуалды қозған болады. Әуестік жоғарлайды. Әсіресе бұл булимия дәрежесіне жететін тәбеттің жоғарлауы. Науқастар салақ, өз-өзін күтпейді. Тәртіптің регресстік элементтері байқалуы мүмкін – қолмен жейді, ас қалдықтарын жинайды, төсекке киіммен жатады,
қоршағандардан сұраусыз тамақ және заттарды алады, т.б.
Тұлғалық бұзылыс дережесі соншалықты айқын, науқастар өз- өзідеріне ұқсамайды («тұлға ядросы» бұзылады). Тоталды кемақылдықтың себебі болып, ми қыртысының атрофиясы табылады. Бұл диффуздық процесстер болуы мүмкін, мысалы дегенеративтік аурулар (Альцгеймер және Пик аурулары), менингоэнцефалиттер (мысалы, сифилитикалық менингоэнцефалит-прогрессивті паралич), алкоголизм. Алайда маңдай бөлімінедегі аздаған патологиялық процесс (локальды травма, ісік, парциалды атрофия) ұқсас клиникаға әкеледі. Алғашқы болып дифференциялдық интелетуалдық қызметтің күрделі бұзылыстары тұрады: талдау, дұрыс қорытынды жасауға қабілеттің болуы, шектеу, квалификация, бөлуге және т.б. Ойлау нәтижесіз болады. Осы кезде тұлғалық қасиетінен айырылады және сын бұзылады.
Кемақылдылық синдромдық ерекшелігіне байланысты келесі топтарға бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет