Қарапайым кемақылдылық. Интелектуалды-мнестикалық қызметтің құрылымда бүтіндей негативтік бұзылулармен көрінеді және тұлғаның регрессінің әр түрлі дәрежесінің айқындылығымен бірге көрінеді. Психопатия тәрәзді кемақылдылық. Оның құрлымында тұлғаның преморбидті ерекшелігі немесе мінездің жаңа аномалиялық көріністерімен айқындалады. Ол патологиялық церебралді үрдіспен байланысты.
Галлюцинаторлы-параноидтық кемақылдылық.
Деменция белгісі болып галлюцинация және сандырақтың бірге болумен көрінеді. Ол бас миының деструктивтік зақымдалуымен, оның орналасуымен, негативтік симптомдардың құрылымы және айқындылық дәрежесіне байланысты. Негативтік бұзылыстардың өсуіне байланысты редуцирленеді, бөлшектенеді және жоғалады.
Амнестико-парамнестикалық кемақылдылық. Қатаң интелектуалды дефект. Ол эйфориямен, естің айқын бұзылуымен, паралитикалық конфабулициямен бірге кездеседі. Оның құрлымында сандырақ және сандырақ тәрізді, науқастың өзінің тұлғасын жоғары санауы жатады, кейде өздерін ұлы адаммын деп есептейді. Бұл кемақылдылықтың негізгі сипаты болып психикалық қызметтің айқын төмендеуі жатады. Паралитикалық синдром үдемелі параличте ғана кездеседі. Ал басқа ауруларда (ми мерезі, ми ісігі, жарақаттық аурулар, алкоголдік энцефалопатия) оны псевдопаралитикалық деп атайды.
Асемиялық кемақылдылық. Өзінің құрамына деменция және ошақтық қыртыс қызметінің симптомдары – афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия.
Неврологиялық бұзылыстар дизартриямен, анизакориямен, қарашықтың жарыққа әлсіз реакциясымен, миозбен, бет нервісінің иннервациясы ассиметриясымен, Ромберг симптомымен, анизо-
рефлексиямен сінірлік рефлекстердің жоғарлауымен немесе төмендеуімен сипатталады.
Деменцияның парциалды түрлері
А) Лакунарлық (дисмнестикалық, атеросклеротикалық) деменция бірінші кезекте естің терең бұзылыстарымен сипатталады. Ұғым қалыптастыруға қаблеттілікпен тұжырымдау біршама кеш бұзылады. Бұл жағдай жаңа ақпарат қабылдауды қиындатады, бірақ кәсіптік білім мен автоматтандырылған дағдылар мұндай науқастарда ұзақ сақталуы мүмкін. Күрделі кәсіби қызметте өздерін әлсіз сезініп, ал күнделікті үй шаруасын оңай орнындайды. Өз кемшіліктерне сыны сақталған: науқастар өз шамасыздығынан ұялады, сылбырлығынан кешірім сұрайды, ес бұзылыстарын компенсациялауға тырысады (кейде сәтсіз), ең маңызды ойларын қағазға жазып жүреді. Мұндай науқастар дәрігермен ашық сөйлеседі, белсенді түрде шағым айтады,өз жағдайына қатты алаңдайды. Лакунарлық деменция кезінде мінездің өзгерісі аздаған, «тұлға ядросына» әсерін тигізбейді. Жалпы, туыстары тәртібінің негізі формалары, пікірлері бұрынғыдай қала бергенін анықтайды. Алайда мінез ерекшеліктерінің біршама айқындылығы анықталады. Мысалы, үнемділік - іштарлыққа,
сенімсіздік – күдіктілікке, тұйықтылық – мизантропияға. Дисмнестикалық кемақылдық бар науқастардың эмоциональды сферасында көңілшектілік көңіл-күйінің әлсіздігі, жылағыштық тән. Лакунарлық кемақылдықтың себебі болып мидың әр-түрлі диффузды тамырлық аурулары табылады: атеросклероздың, гипертониялық аурудың инсультсыз ағымы, диабетикалық
микроангиопатия, коллагеноздар кезіндегі тамырлардың жүйелі зақымдалуы. Ми қанайналымындағы өзгерістер (қанның реологиялық қасиетінің жақсаруы, тамыр кеңейткіш заттарды қолдану) жағдайдың құбылуын,өзгеруін және қысқа мерзімді жағдайының жақсаруын
туғызуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |