Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Жоғарыда аталғандардың барлығын 4 кезеңге бөлуге болады



бет67/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
Жоғарыда аталғандардың барлығын 4 кезеңге бөлуге болады
(Либемейстер), яғни делирий біртіндеп дамиды:
1 - көбінесе кешкі уақытта басталады, науқас қозып, көп сөйлеп (тіпті кейде байланыссыздыққа дейін), қимылдайды, мимикасы жоғарылайды. Сахна тәрізді еске түсулер болады. Гиперестезия. Көңіл-күй деңгейі тұрақсыз. Тітіркенгіштік пен қырсықтық пайда болады. Ұйқысыздық, көптеген қорқынышты түстер. Қорқыныш пен үрей. Таңертен әлсіздік пен ұйқышылдық.
2 - жоғарыда аталғандардың барлығы да күшейеді және олардың көрінісіне иллюзиялар қосылады. Тұрақсыз сипатта жергілікті және уақыттық бағдар бұзылады. Көптеген гипногогикалық елестер пайда болады. Симптоматика тұрақсыз болғандықтан, қысқа уақыттық «люцидті терезелер» пайда болады.
3 – парейдолиялар елестерге ауысады, көбінесе сахна тәрізді елестер. Аффективтік сандырақ мазмұнына байланысты өзгеріп отырады. Жалған бағдар бірақ, өзіндік «мен» сақталады.
4 – негізгі аурудың қолайсыз дамуында (соматикалық, инфекциялық, интоксикациялық) делирийдің ауыр түрі дамуы мүмкін – кәсіптік және мусситтерленген.Кәсіптік делирий – науқастың кәсібін көрсететін, қимыл-қозғалыстық қозумен көрінісін береді.Мусситтерленген делирий (делирий сыбырлаумен, «тыныш сандырақ») – төсекпен шектеледі және біртекті (корфология симптомы), координациялық емес қозумен көрінісін береді.Мусситтерленген делирий көбінесе кәсіптік делирийге ауысады.
Делирий ұзақтығы 1 тәулікке созылса – абортивті болып саналады, егер бірнеше аптаға созылса – пролонгирленген болып саналады. Онейроидтық синдром (онейроид, онейроидтық сананың алжасуы, түсті сананың алжасуы) фантастикалық көру, псевдогаллюцинациямен жүретін, түс тәрізді сананың алжасуы.Уақытқа, айналасына бағдары бұзылады. Тұлғалық бағдары сақталады. Делирийден қарағанда бұл өте терең сананың алжасуы. Депрессия, орталық ми патологиясымен байланысты манияларда кездеседі. Басынан күрделі фантастикалық уайымды кешуімен ерекшеленеді, соғыс сахнасы, әлемдік апат, басқа планетаға ұшу, уақыт машинасымен өткен кездерге саяхат жасау, жұмаққа немесе тозаққа бару.
Иллюзорлық бейнелер шынайы әлем фактілеріне сәйкес емес, қарапайым қабылдау сферасы жеткізе алмайтын \псевдо- галлюцинациялар\ құбылыстар. Жиі науқастар оқиғаларға ойша қатысады, бірақ сырттан өзін бақылай алады, бірақ осы бір керемет ғажайыптан алған әсерлерін сыртқа көрсетуге, байқатуға еш мүмкіндігі болмайды. Науқастардың қозғалысы кататониялық синдром көріністерімен көрінеді, стериотиптік тербелу, мутизм, негативизм, балауызды икемділік, импульсивтік істер. Кейде науқас
сұраққа түсініксіз сөздермен жауап береді, бұл кезде бағдарының
бұзылғанын көруге болады. Онейроидта «екі жалған бағдар» симптомы болуы мүмкін, бұл кезде науқастар психиатриялық клиниканы қарапайым науқасы ретінде сезініп және сонымен қатар бір уақытта фантастикалық
оқиғаларда қатысады / басқа галактиканың адамы, қорықпайтын батыр, адамдарға жарық әкелетін сиқырлы асыл тас және т.б./. Жиі ұмтылу қозғалыс байқалады, үлкен салмақтарды орнынан алмастыру – науқастар кеңістікті және уақыттан өтіп, жамандықпен жақсылық күштері күреседі, адамзат басына қайғы туады деп көрінеді.
Психоз құрылымы салыстырмалы тез жүріп, бірнеше аптаға созылады. Басталып келе жатқан психоздың бірінші белгісі - ұйқының бұзылуы және үрей сезімінің жоғарлауы. Мазасыздық сасқалақтау дәрежесіне тез жетеді. Айқын галлюцинациялар және дереализацияның пайда болуы, бөлікті, жүйеленбеген сандырақ ойлардың \жедел сезімдік сандырақ\ негізі болып табылады. Бірінші басталған қорқыныш экзальтирленген экстаз немесе немқұрайлық аффектімен ауысады. Науқастар тынышталады, жан-жағына қарап, бояу мен дыбыстарға қызығушылықпен қарайды. Одан кейін жиі
кататониялық ступор немесе қозу дамиды. Сананың онейроидты бұлыңғырлану ұзақтығы әртүрлі болады. Жиі психоз бірнеше аптадан кейін жоғалады. Психоздан баяу шығады. Психоздан шыққанда делирийге қарағанда амнезия айқын болады. Науқастар ауру уайымдарының кейбір фрагменттерін сипаттайды, бірақ әңгімесі басынан кешкен оқиға секілді ретті емес.
Жоғарыда аталғандардың барлығын 4 кезеңге бөлуге болады:
1. Бастапқы кезең –афективтік бұзылыстармен сипатталады. Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше айларға созылуы мүмкін.
2. Сандырақтық көңіл-күй кезеңі - бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
3. Жедел қияли парафрения немесе бағдарлы онейроид кезеңі - бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
4. Шынайы онейроид кезеңі – қияли сандырақ қосылады (кесте 24) көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет