Меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |