Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері - Жаңа материалды игеру
- Бекіту
- Қайталау
- Білімді бақылау, тексеру.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері - Оқу саяхаттары
- Кино-теле-сабақтар
- Өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəрісбаян түрлері - ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі; - проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты; - көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі; - бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы; - шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат –оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету
Достарыңызбен бөлісу: |