Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1 оқу формасы



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі269,27 Kb.
#96622
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Факультатив түрлері

  • негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру
  • қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру
  • мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту;

Оқу саяхаттары

Әрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.

Курстық (жоба) жұмыс

Оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-əрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет, мəселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады. Курстық жұмыс барысында студенттер техникалық, технологиялық жəне математикалық проблемаларды шешеді. 

Дипломдық жоба

Білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын түзеді не дипломдық жұмыс жазады жəне қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде шешім қабылдайды. 

Өндірістік практика

Дидактикалық мақсаттары - кəсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау жəне жүйелеу.

Өндірістік практиканың құрылымы практикалық оқу мазмұнына байланысты айқындалып, нəтижеде ол маманның кəсіби іс-əрекетке болған біртұтас дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің сипаттамасына сəйкес кəсіби қызмет лауазымдарын атқаруға дайын болуын қамтамасыз етуі шарт. 

Кеңес

Оқу формасы ретінде оқушыға жетімсіз игерілген не тіпті игерілмеген оқу материалы бойынша жəрдем көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Пəнді тереңдей меңгеруге қызығу білдірген оқушыларға өз алдына кеңес өткізіледі. Кеңестерде оқушылар емтихан жəне сынақтарда қойылатын талаптармен таныстырылады. 

Емтихан

Оқушылар білімін жүйелестіру, анықтау жəне бақылау мақсатында ұйымдастырылатын оқу формасы. 

Емтихан өткізудің формалары: емтихан билеттеріндегі сұрақтарға жауап беру, шығармашылық жұмыс орындау, жарыстарға қатысу, зерттеу нəтижелерін қорғау, тест сынақтары жəне т.б. – қолданылады. 

Конкурс жəне олимпиадалар

Оқушылардың білім игеру жолындағы белсенді қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, шығармашылық қабілеттерін арттырады, бəсеке, жарыс жеңісіне ынталандырады. Конкурстар мен олимпиадалар əрқилы деңгейде: мектеп, аймақтық, республикалық, халықаралық - өткізіледі.


Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет