Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет130/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

1870 жылдың сәуірінде көтерілісшілер Александровск форты мен Николаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маягын өртеді және Нижнее бекінісін қиратты. Алайда зеңбіректің үсті-үстіне жарылған снарядтарына шыдай алмай, кейін шегінуіне тура келді. Көтеріліс жергілікті отаршыл өкімет билігінің ғана емес, сонымен қатар орталық үкіметтің де зәресін ұшырды.
Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуір күшейе түскен еді. Патша үкіметі Хиуа хандығына қарсы шабуыл жасау мақсатымен өз әскерін Красноводск төңірегіне шоғырландыра бастады. Маңғыстаудағы көтеріліс орталығы олардың ту сыртында қалды. Ондағы көтерілісті басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелді. Сөйтіп мамыр айының аяқ кезінде Кавказдан Маңғыстауға едәуір мол әскер күші жеткізілді. Адай-қазақтардың жан аямай қарсы тұрғанына қарамай, көтеріліс жеңіліске ұшырады, күшті қаруланған тұрақты әскерлерге төтеп бере алмады. Патша әскерлері көтерілісшілерді жазалау үшін оларды барлық жерден тіміскілеп іздестірумен болды. 1873 жылы адайлардың кезекті жаңа көтерілісі бұрқ ете түсті.
3. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдарлары. Көтерілісшілер жеңіліс тапты. Өйткені көтеріліс жергілікті тар көлемдегі сипатта болды. Қазақтар түгел бас қосып, біртұтас майдан аша алмады. Көтерілісшілердің қару-жарағы нашар еді. Олар негізінен қылышпен, айбалтамен, найзамен, садақпен қаруланды. Оқ ататын мылтық жетіспеді. Оқ-дәрі де тапшы болды. Рубасыларының бір бөлігі көтерілісшілерді қолдамады. Бұл кезде патшалық Ресей Қазақстанды барлық жағынан бірдей әскери бекіністермен құрсап, қоршап алып үлгерген еді.
Патша үкіметінің әскерлері Маңғыстауда үш ай бойы тұрып алды. Жергілікті өкімет билігі көтерілісшілерді қатаң жазалады. Кавказ әскери әкімшілігі Маңғыстауда қалған 8 мың үйден түтін салығын және басқа да алымдарды — барлығы 58 мыңдай сомды жинап алды. Оның үстіне, адайлар 90 мың қой мөлшерінде контрибуция (соғыс шығындарын өтеу) төлеуге мәжбүр болды.
Көтерілісшілерге барынша қатаң шаралар қолданылды. Реформа енгізуге наразы болғандар Қазақстан аумағынан тыс жаққа жер аударылды. Мәселен, Торғай облысының бір өзінен ғана 1880 жылы 500 адам, ал 1890 жылы - 3 мыңға жуық адам жер аударылды.
Көтерілістің басшылары 1870 жылдың желтоқсанында ағайын-туыс жақтастарымен Хиуа хандығының аумағына өтіп кетті. Сұлтан Ханғали Арыстанұлы бастаған мыңдаған қазақтар осылай істеуге мәжбүр болды.
Патша үкіметі орыс шаруаларын қаруландыруды күшейтуге көшті. Мәселен, 1892 жылдан 1901 жылға дейін бір ғана Жетісу жеріндегі орыс шаруаларына 9 мыңнан астам мылтық берілді. Мұның өзі жергілікті халық пен қоныс аударып келген орыс шаруалары арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына алып келді.
Халық арасында жаңа толқулар туып кетеді деген қауіппен, олардың алдын алу үшін XIX ғасырдың соңында патша үкіметі Қазақстанда қүпия мәліметтер жинап тұратын жалдамалы жансыз агенттер тобын құрды. «Өте сенімді» деген қазақтардан әр уезден екі жансыз жасырын тағайындалды. Олар жергілікті халықтың көңіл күйі туралы патша үкіметіне қажетті құпия мәліметтер жинаумен айналысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет