Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


ХІХ ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалардың отаршылдық сипаты



бет132/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

ХІХ ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалардың отаршылдық сипаты

Генерал-губернаторға шексіз өкіметтік билік берілді

Түтін салығы мөлшері 4 сомға дейін өсірілді

Дала генерал-губернаторына «сенімсіз» қазақтарды әкімшілік тұрғыда жер аудару құқығын берілді

Дәстүрлі билер сотына шектеу қойылды

Ірі қалаларда полиция басқармалары, бірқатар уезд орталықтарында полиция приставтықтары құрылды

Қоныс аударту басқармалары құрылды




  1. Ресей сот жүйесінің енгізілуі. Жаңа әкімшілік басқару жүйесі бойынша жергілікті тұрғындар тарапынан жасалған бірқатар қылмыстар үшін жалпыимпериялық заң негізінде жауапкершілікке тарту шаралары қарастырылды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін түрлі міндеткерліктер атқарудан бас тарту қылмыстары билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің қүзіретіне берілді.

Билер 3 жылдық мерзімге сайланатын болды. Олардың қызметі уездік начальник тарапынан қатаң қадағаланды. Ел арасында би сайлауда «партиялық» тартыстар өрши түсті. Билер болып кездейсоқ және қоғамда беделі мен қабілеті жоқ адамдар да сайлана бастады. Осыдан барып қазақ өміріндегі билердің абыройы мен беделі төмендеді.

  1. Реформалардың мазмұны. Реформалардың аумақтық қана емес, сонымен қатар әкімшілік тұрғысындағы сипаты күшейтілді. Генерал-губернаторға саяси тұрғыдан сенімсіз қазақтарды әкімшілік жаза ретінде жер аударып жіберуге толық құқық берілді.

Уезд бастықтарының әкімшілік қызмет аясы да кеңи түсті. Ірі қалаларда полиция басқармалары құрылды. Ал бірқатар уезд орталықтарында полиция приставтықтары пайда болды. Қазақтың дәстүрлі билер сотына шектеу қойылды.
Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды Қазақстан жеріне жаппай қоныс аударту ісін ретке келтіру мақсатымен Қоныс аударту басқармалары құрылды. Түтін салығының мөлшері артып, 4 сомға дейін жетті. Мұның өзі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына келеңсіз әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет