Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Реформаларды жүзеге асырудың салдарлары



бет133/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

7. Реформаларды жүзеге асырудың салдарлары. XIX ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформаларын жүзеге асырудың одан әрі жалғасуы қазақ өлкесін Ресей империясының отар ретіндегі шет аймағына түпкілікті айналдырды. Өлкеге басшылық жасау бір орталыққа бағындырылды.
1902 жылы шаруа бастығы деген жаңа лауазым енгізілді. Олар өздерінің мәртебесі жағынан қазақтың болыстарынан жоғары тұрды. Шаруа бастықтары қоныс аударту мәселелері бойынша біржақты бағыт ұстап, орыс шаруаларының мүддесін қорғаумен ғана айналысты. Жергілікті байырғы тұрғындардың өтініш-талаптарымен санаспады. Сондықтан да қазақтар өздерінің үндеулері мен петицияларында бұл қызметті жоюды ұдайы талап етумен болды. Полиция қызметінің міндетін қоса атқару ауыл старшындары мен болыстардан алынып, полиция мен шаруа бастықтарының құзырына тапсырылды. Өлкеге Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды жаппай қоныстандыру үшін толық негіз жасылынды.


Контрибуция - соғыста жеңген жақтың жеңілген жақтан соғыс шығындарын өндіріп алу жөнінде салатын салығы.
Шаруа бастығы - лауазымды әкімшілік қызмет. Ол Қазақстанға 1902 жылы енгізілді. Ондағы мақсат Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруаларын, сондай-ақ жергілікті қазақтарды басқару болатын.
Досан Тәжіұлы (1835-1876) - халық батыры, Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі.



«... тобыр комиссияға өз талаптарын қойды... Ол жаңа ережені — қабылдағысы келмейтінін айтты... басқарудың сұлтандар арқылы жүзеге асырылатын бұрынғы жүйесі мен алым-салық түрлерін өзгеріссіз қалдыруды сұрады... Бұрынғы тәртіпті қолдарына қару алып, ақырына дейін қорғауға әзір екенін мәлімдеп тұрып алды... Халықтың толқуы күн өткен сайын күшейіп, кеңінен етек жайды. Қырғыздар енді сөзден іске көше бастады: бұзақылардың қарақұрым қалың тобы құрылды. Орал облысында мұндай топтар барлық жерде, ал Торғай облысында - Елек пен Қобда өзендерінің бойында жиі кездесті. Олар бір-бірімен үдайы байланыс жасап, хабарласып тұрды, қай жерде болса да бірлесе қимыл жасауға ниет етісті. Оның үстіне, сонау Арал теңізінің маңында, Үстірт үстінде көшіп-қонып жүрген қазақтарды да өз қатарларына тартуға әрекет жасады... патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері тасымал көліктерін таба алмай қиналды. Өйткені ондай көлікті тауып бере алатын тек қазақ даласының өзі еді. Бөкей ордасынан түйе және жол көрсетуші адам тауып келу үшін арнайы шенеунік жіберілді. Бірақ ондағы қырғыздар Жайықтың арғы бетіндегі қандас бауырларына бүйрегі бұрып, әлгі шенеуніктің сөзіне илікпеді».
Добромыслов А. И. Торғай облысы. Тарихи очерк. - Тверь, Н. М. Родионовтың баспаханасы. 1902, 463-464-беттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет