Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет246/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Қымбатты достар!
Міне, сендер Қазақстанның жаңа тарихы курсын оқып бітірдіңдер. XVIII ғасырдың бірінші жартысы қазақ үшін аса ауыр заман болды. Қазақ-жоңғар соғысының қиын-қыстау жағдайында Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айнала бастады. Патша үкіметі әскери-саяси күш көрсету арқылы Қазақстан аумағына тереңдеп ене түсті. Қазақ мемлекеттілігі тәуелсіздігінің символы саналып келген Шыңғысхан ұрпақтары билік басынан бірте-бірте шеттетілді.
XVIII ғасыр сонымен қатар Абылай ханның тұсында Қазақ хандығының күшейген кезі болды. Абылай хан жоңғар басқыншыларына соққы беруді ұйымдастырушылардың біріне, әрі жеңімпаз жетекшісіне айналды. Ол Қазақ хандығын дүние жүзінің аса ірі алпауыт мемлекеттері Ресей мен Қытайға тәуелді болудан аман сақтап қалды. Алайда 1822-1824 жылдары Кіші жүз бен Орта жүзде хандық билік жойылды. Жәңгір ханның қайтыс болуына байланысты хандық билік Бөкей хандығында да жойылды.
Қазақстанды отарлау үрдісін шапшаңдату үшін патша үкіметі Ресейдің басқару жүйесін енгізе бастады. Мұның өзі қазақ халқының наразылығын туғызды. Ол наразылық қазақтың Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресіне ұласты. 1773-1775 жылдары қазақтар Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстан Ресей империясының түпкілікті қалыптасқан отарына айналды. Патша үкіметі аграрлық саясатының отаршылдық бағыты жергілікті халық пен Ресейден қоныс аударып келген шаруалардың сан жағынан арақатынасын бірте-бірте түбегейлі өзгертті. Қазақтардың мал өсіру кәсібі барған сайын тоқырауға ұшырады. Патша үкіметі қазақтың ежелгі атақоныстарын, шұрайлы жерлерін ашықтан-ашық тартып ала бастады. Шаруалардың басыбайлы бағыныста болуы туралы тәртіп жойылғаннан кейін патша үкіметі Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруаларды Қазақстанға жаппай қоныс аударту саясатына көшті. Қазақстанның жерін мемлекеттік меншік деп жариялады, оның ең таңдаулы және құнарлы аймақтарын барып тұрған озбырлықпен қазақтан тартып ала бастады. Елдің шикізат байлығын тағылық жыртқыштықпен талан-таражға салып, тасып әкетуді күшейтті. Көшпелі халықтың бір бөлігі мал жайылымын, сондай-ақ қосымша күнкөріс қамымен жұмыс іздеп, Ресейдің шекаралас губерниялары мен Қытай аумағына қоныс аударуға мәжбүр болды. Ал ол жақта жерді жалға алып күн көру жүйесі қалыптасты.
Бұл кезде бұқара халық жаппай кедейленіп, қайыршылық халге жетті. Мұның өзі қазақ халқының ең ауыр кезеңді басынан кешіруі еді. Алым-салық мөлшері мен түрлі міндеттер атқарудың көбейе түсуі, атамекеніндегі ежелгі жерлерінің тартып алынуы қазақ халқының жағдайын нашарлатты.
1905-1907 жылдары Қазақстанда да социал-демократиялық топтардың ұйымдары пайда болды. Қазақ халқының арасында петициялық қозғалыс жаппай өріс алды. Оны басқарған көшбасшылар қазақтың енді қалыптасып келе жатқан білімді де зиялы жастары еді. Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың қалың жұрт таныған жетекшісі Ә. Бөкейхан болды. 1906-1907 жылдары қазақтан сайланған депутаттар қазақ қоғамының пісуі жеткен өткір мәселелер туралы Ресей Мемлекеттік Думасының биік мінберінен батыл мәлімдемелер жасап, жалынды сөздер сөйледі.
Басқа да кез келген империялар сияқты, Ресей империясы да Қазақстанға бірқатар елеулі өзгерістер ала келді. Қалалар салуды арттырудың қарқынды үрдісі қалыптасты. Теміржолдар салына бастады. Мектептер мен ауруханалар ашылды. Осы кезеңде ресейлік, шетелдік және қазақ ғалымдары Қазақстанды ғылыми тұрғыдан белсенді түрде зерттей бастады. Қазақ өлкесінде зайырлы мектептер құрылды. Сондықтан да екі ғасыр тоғысында жергілікті қазақ халқының арасынан аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің біртұтас тамаша шоғырының бой көрсетуі кездейсоқ нәрсе емес еді.
Қазақ халқы жоңғар сияқты жер бетінен жоғалып кеткен жоқ, қайта барлық қауіп-қатерлер мен қиын-қыстау сын сағаттарды ерлікпен әрі төзімділікпен бастарынан кешіре отырып, ұлт азаттығы жолында күреске шықты. Ғажайып ерлік пен өміршеңдіктің тамаша үлгісін көрсете білді. Халықтың біртуар перзенттері - аса көрнекті мемлекет қайраткерлері Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Кенесары хан, қазақ батырлары Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Сырым, Исатай, Махамбет, Жоламан, Жанқожа, Есет, халық ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, XX ғасырдың бас кезіндегі ұлы реформаторлар Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалары бүкіл ұлтты басқарудың басықасында болды. Олар қазақ халқының тарих сахнасынан жойылып кетпеуі үшін қолдарынан келгендерінің бәрін де жасады. Қазақстан бүгінгі таңдағы мемлекеттік тәуелсіздігі мен ұлттық егемендігіне солардың өнегелі өмірі мен жанқиярлық жасампаз еңбегі арқасында қол жеткізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет