Тасаттық -көпшілік қауым аруақтарға бағыштап құрбандық шалатын, Жаратушыдан жаңбыр тілеп, ниет ететін діни рәсім.
Миссионерлер - халық арасына жат дінді насихаттау үшін жіберілетін адамдар.
Мүфти -мұсылман дініндегі жоғары лауазымды тұлға.
Стан - лагерь, тұрақты орын.
II Екатерина Алексеевна (1729-1796) - Ресейдің 1762 жылдан 1796 жылға дейінгі әйел императоры.
«Қазақтың арасында ислам дінінің кеңінен таралуы - қазақты христиан уағыздарына ұйыту жолындағы ең басты кедергілердің бірі болып отыр. Қазақтар өздерінің қандас туыстарының христиан дініне өтуіне өлердей қарсы. Шоқыну үшін дала төсінен келген қазақ дін таратушы миссионердің құшағына поселке көшелерінде салт атты қазақтардың қаһарлы тобы көрінген кезде ғана қашып тығылады. Өйткені шоқынған қазақты жемтік іздеген аш қасқырдай алақ-жұлақ етіп іздеп келгендер ұстап алып, өздерінің даласына ала қашатын еді». Беляев И. Шет аймақтардагы орыс миссиясы. Тарихи-этнографиялық очерк. - СПб., П. П. Сойкиннің басылымы. 12. 1912, 264-бет.