Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет42/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

5. Музыка өнері жөне айтыс. XVIII ғасырдағы қазақтардың рухани өмірінде музыка өнері елеулі орын алды. Музыкалық шығармалардың негізгі түрлері ән мен күй болды. Олар халық арасына жеке орындаушылардың ән айтуы, күй тартуы, сондай-ақ хормен орындауы арқылы таратылды. Сөз етіп отырған кезеңде қазақтарда 20-дан астам саз аспабы болды. Олар домбыра, қобыз, шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ, сыбызғы, дауылпаз тағы басқа аспаптар еді.
Атақты қобызшылардың бірі Тілеп Аспантайұлы. болды. Ол 13 жасынан қобыз тарта бастады, «Толғау», «Аллам жар», «Бақсы» күйлерін шығарды.
Қазақтың әндері мен күйлері барлық мерекелік той-думандарда орындалатын. Суырыпсалма талантты ақындарды анықтау үшін айтыс өткізілетін. Онда ақындар қоғамдық өмірдегі алуан түрлі оқиғаларға өздерінің бағаларын жұрт алдында ашық айтатын. Қоғам өмірінің жақсы жақтарын мадақтап үлгі етумен қатар, келеңсіз кемшіліктер, жаман мінез-құлықтар келеке етіліп, қатты сынға алынатын. Сондықтан да дала тұрғындары өздері мен руластарының қадір-қасиетіне кір шалдырмауға тырысатын. Олар қонақжайлылық, мырзалық, Құдайға құлшылық ету, аруақтарды құрмет тұту, жасы үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік асыл қасиеттерді берік сақтауға күш салатын. Мұның өзі қоғамдық тәрбиенің ықпалды жағы еді. Қазақтар арасында өмірдегі кереғар көріністерді сынап-мінеу, кемшілікті бетке айту сияқты адамгершілік қасиеттер берік сақталды.
Ән-жыр, айтыс сайыстарында жеңіп шыққандар бағалы жүлде, сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, ондай жүлделі сыйлықтарға тайтұяқ алтын, үйірлі жылқы берілетін. Олардың даңқы ауыл-ауылға тез тарап, барлық жерде өнер саңлақтарын зор құрметпен қарсы алған.
Қыз ұзату, келін түсіру тойлары салтанатты жағдайда «Тойбастар» өнімен басталатын, жар-жар айтылатын. Ұзатылып бара жатқан қыз өзінің ата-анасымен, жақын туған-туысқандарымен, ел-жүртымен қоштасарда қыздың мұңды әні - «сыңсуды» айтатын. Келін болып түскен қызға оның қайын жұртымен таныстыру, ғибрат аларлық ақыл-кеңес, өсиет айту мақсатымен «беташар» рәсімі жасалатын. Қайтыс болған адамды «жоқтау» сияқты ерекше азалы ән орындалатын.
XVIII ғасырдағы қазақ әншілері мен ақындарының, сазгерлерінің шығармашылығы арқасында бізге «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқты ғажайып жыр-дастандар, сондай-ақ «Ақсақ құлан», «Жошы хан» сияқты керемет күй туындылары жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет