Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Би болатын адамның бойынан табылуы тиіс қасиеттер



бет45/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Би болатын адамның бойынан табылуы тиіс қасиеттер

Қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жетік білу

Шешендік өнер мен аталы сөзді меңгеру

Барынша адалдық, тапқырлық

Ешкімге бұра тартпайтын әділ болу

Билер соты дауға әділ билік айту принципі бойынша жүргізілетін. Би әділ де тапқыр, Өйтеке би айтқандай, «дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаның сөзін тоқтата білген» дана болуы тиіс. Билер қазақ халқының ауызбірлігін, өзара түсінісуін нығайтып, дау-шарды әділ шешіп отырған. Бидің бір өзі тергеушінің, әрі айыптаушы мен судьяның (қазының) қызметін қоса атқарған. Билер соты ауызекі сөз жарыстыру түрінде өтетін. Куәлардан жауап алу да қарастырылатын. Билер сотының бір артықшылығы ол халықтың көз алдында ашық өткізілетін, оған кез келген адам өзінің қалауынша қатыса алатын.


Екі би айтысқанда жалпы үкімді шығару үшін Төбеби сайланған.
Би өзінің сіңірген еңбегі үшін «бидің билігі» деген сыйақы алатын. Ол кінәлі жақтың есебінен өндірілетін. Сыйақының мөлшері дауда өндірілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең болатын.
XVIII ғасырда мемлекеттік жөне қоғамдық қызметтің маңыздылығы, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған атақты билер болды. Олар - Ұлы жүздегі Төле би, Орта жүздегі Қазыбек би және Кіші жүздегі Әйтеке би. XIX ғасырда Өткел би, Аслан би т.б. билердің есімдері халық арасында кеңінен танылды.

  1. Куәлар. Айыпкердің күнәлі екенін дәлелдеу немесе оны ақтап шығу үшін жұртқа кеңінен танымал кемінде 2-4 адамның куәлігі керек болатын. Ондай куәлар табылмаған жағдайда адал адамдардың ант ішуіне жүгіну рәсімі қолданылатын. Әйелдердің, үй қызметшілері мен құлдардың, жасы кәмелетке толмаған балалардың куәгер болуына, ант ішуіне рұқсат етілмейтін. Мінез-құлқы нашар Өткел би («Түркістан» адамдар да куәгерлікке алынбайтын. Бұрын альбомы, 1871-1872). өтірік куәлік бергені белгілі болған адамдар да куәгер бола алмайтын.

Куәгерлер арнайы адам жіберіп, жасауыл арқылы алдырылатын. Жасауылдардың еңбегіне төленетін ақы күнәлі жақтың есебінен өндіріп алынатын. Сұлтандар мен елге сыйлы адамдардың куәгерлігі олар ант ішпей-ақ қабылдана беретін.

  1. Ант ішу. Билер сотының тағы бір артықшылығы айыпкерге тағылатын күнә жеткіліксіз жағдайда ақылдастар алқасының көмегіне жүгінетін болған. Ақылдастар алқасы айыпкерді жақсы білетін, оның адал да әділ руластарынан тұратын болуы тиіс еді. Олар өздерінің адалдығына ант ішіп, сотқа тартылған адамды не айыптайтын, не ақтап шығатын. Ант ішу талапкерге де, жауапкерге де, куәлерге де бірдей қолданылды.

Ант ішкізу үшін әлдебір биік жота, ата-бабалар зираты, сондай-ақ көлдің немесе өзеннің көрікті жағасы таңдап алынатын. Сотқа шақырылған әрбір адам шамамен мынандай мазмұнда ант ішетін болған: «Егер мен жалған куәлік айтатын болсам, онда менің жазамды бір Құдайдың өзі беретін болсын, екі дүниеде де жақсылық көрмейін, бар байлығым мен балаларымның қызығы бұйырмасын». Ант ішудің екінші бір түрі мылтық ұңғысын сүю еді. Ал үшінші түрі бойынша, ант ішушіні ата-баба зиратын үш рет айналдырып өткізген. Қолға Құран ұстап та ант берген.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет