Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Бата беру - жақсы тілек білдіру. Тамыр



бет113/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Бата беру - жақсы тілек білдіру.
Тамыр - алыс-беріс жасап жүретін жақсы жолдас, сыйлас адамдар.



«... Қырғыздардағы (қазақтардағы. - авт.) некені қазіргі біздегі сияқты әлдебір құпия немесе қасиетті үйлену салты деп санауға болмайды. Оларда мұның өзі нағыз азаматтық мәміле деуге лайық. Қазіргі некелер қалыңмал алу арқылы шаруашылығының жағдайын жақсартып алуды көздейді. Мұндай жағдайда құда түсуге күйеу жігіт пен қалыңдықтың қатысуы шарт емес, тіпті құда түсу рәсімі болашақ күйеу бала мен болашақ қалыңдықтың бесікте жатқан кезінде-ақ орындала береді».
Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы. Орыс адамдарының үйде де, жолда да қолдан түспейтін кітабы. СПб., 1903, 18-том (Қырғыз өлкесі), 216-217-беттер.



& 32. Қазақ халқының ұлттық болмысы


Қазақстан Ресей империясының құрамына ене бастаған XVIII ғасырдан бастапXX ғасырдың бас кезіне дейін қазақ халқының өмірі мен тұрмысын зерттеу белсенді түрде жүзеге асырыла бастады. Ең алдымен зерттеушілер қазақтардың болмысы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне баса назар аударды.
1. Қазақтардың Отанға деген сүйіспеншілігі. Сол заманның зерттеушілері көшпелілердің өз Отанына шын берілгендіктерін жазады. Олар қандай жағдай болмасын атақонысын тастамауға тырысқан. «Өзге елге сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақал осы себепті айтылған.
Бұл туралы белгілі зерттеуші А. И. Левшин: «Сөз соңында айтарым, қырғыздар (қазақтар) өз Отанын, туған жерін қасиет тұтады», - деп жазды. Зерттеуші Кіші жүз тұрғындары бір бөлігінің 1820 жылы Астрахан облысынан өз өлкесіне қайтып оралған оқиғасын мысалға келтіреді. XIX ғасырдың бас кезіндегі елді жайлаған аштық жылдары далалықтар Ресеймен шекаралас аймақтарға көшуге мәжбүр болып, кейін туған жеріне қайтып оралған: «Біз олардың Жайықтан өтіп, өз жеріне жеткенде, қуаныштан секіріп, жерді сүйіп жатқанын көргендегі таңданысымызды жасы- ра алмадық».
Қазақстанның байырғы тұрғындары бірқатар зерттеушілердің атап өткеніндей, еш уақытта «бейберекет ретсіз көшіп» жүрмеген, бұл қате түсінік. Қазақ жері тайпалар мен рулар арасында белгілі бір жүйемен бөлінген. Көші-қон аумағы ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдырылған. Ол жүзжылдықтар мен мыңжылдықтарға созылған. Көші-қон шекара аймағын бұзу үлкен дау-жанжал мен қантөгістерге жеткізген. Көшпелілер өмірінде жылдың ең ұзақ мерзімін өткізетін (қарашадан наурыз айына дейін) қыстау аса маңызды орын алды.
Мұнда көшпелілердің қысқы тұрақжайы мен жайылымдығы, егістігі және ата-баба зираты орналасты. Бұл туралы орыс офицері, белгілі зерттеуші С. Броневский былай деп жазды: «Жазда бүкіл болыс болып бірге көшіп жүретін олар, қыста шағын ауылдарға бөлінуге мәжбүр, ешкім де бөтеннің жерін иемденбейді; олай болған жағдайда арты дау-жанжал мен барымтаға ұласады. Көшпелілердің өмірінде қыстаудың алар орны өте ерекше».
Дала тұрғындары рулық ата-баба жерін аса бір қиыншылықты жағдай орын алғанда ғана тастап көшіп кеткен. Мәселен, олар әртүрлі аурулар мен жұқпалы індет тарап, адам мен мал қырылғанда қыстаудан ауа көшкен. Табиғи-әлеуметтік апаттар: аштық пен жұт жылдары, су тасқыны мен алапат өртте, ірі руаралық қақтығыстарда, жатжерліктердің жойқын шапқыншылығы кезінде де уақытша өзге өңірге қоныс аударған.
Қазақтар үшін атақонысын тастап, ауа көшу үлкен намыс саналған. Бұл туралы А. Янушкевич: «Қырғыздар (қазақтар) үшін өз болысын тастап басқа жаққа қоныс аудару масқара іс есептелінеді», - деп жазды. Сондықтан да далалықтар арасында қылмыс жасағандарды рудан аластап, басқа жаққа көшіріп жіберу жазаның ең ауыр түрі еді. Жаңа жерге қоныс аудару олардың өз руластарының қамқорлығы мен бас бостандығынан және мал-мүлкінен айырып қайыршылануына жеткізді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет