Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 7. Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы



бет23/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

& 7. Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы


XVIII ғасырдагы аса көрнекті қазақ билеушілерінің бірі айбынды Абылай хан болды. Ол өте күрделі қиын жағдайдың өзінде Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтай білді.

  1. Абылай — Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерімен көрсете білді. Абылай хан өзінің бүкіл ғұмырын қазақ мемлекеттілігін нығайту мен халықтың бірлігін қамтамасыз ету ісіне арнады.

Абылай ханның өткен өмір жолы оңай болған жоқ. Ол 1711 (кейбір деректерде 1713) жылы Түркістан қаласында дүниеге келді.
Оның азан айтып қойылған аты Әбілмансұр болатын. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды. Ол Шығыстың жеті тілін білді.
Домбыраны жақсы тартты. Өзара бақталастық, алауыздық салдарынан болған соғыстар кезінде жастайынан жетім қалған еді. Он бес жасқа толған кезінен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене қатысты.
Сұлтанның бойы ортадан жоғары болатын. Жауырыны қақпақтай, дене күші зор еді. Замандастары оны батылдығы, ержүректігі және әбжілдігі үшін қатты құрметтейтін. Ол өз ғұмырының ең соңғы күндеріне дейін жауынгерлерімен бірге болды. Соғыста қолға түскен барлық олжаны бөлісті. Жаумен шайқастар кезінде бірнеше рет жаралы да болды.
Сөзге шебер әрі тапқыр еді. Өз замандастары арасында сөзіне берік, алғыр ойлы, барынша адал әрі әділдігімен көзге түсетін. Керемет шешендігімен, қазақтардың ежелден келе жатқан әдет заңдарын және шежіресін өте жақсы білетіндігімен ерекшеленетін. Ол өз төңірегіне халықтың құрметіне бөленген ең беделді әрі адал адамдарды топтастырды.
2 Абылайдың ішкі саясаты. Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады. Ш. Уәлиханов былай деп жазды: «Қазақтардың аңыз әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдіретті иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жетпкен жоқ».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет