Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қазақтардың Ресейдің қол астына өтуінің салдары



бет21/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Қазақтардың Ресейдің қол астына өтуінің салдары. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған жағымсыз салдары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктеріне айналдырып алды.

Патша үкіметі жалпықазақтық хандықтың болуын мойындамау арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді. Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін қатты шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтал қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.
Патша үкіметі 1755 жылы қазақтар мен башқұрттарды бір-біріне айдап салып, ұлтаралық араздық туғызды. Сөйтіп екі туысқан халықтың Ресей империясына қарсы күш біріктіруіне жол бермеу үшін қолынан келген барлық амал-әрекеттің бәрін де жасады.
Қазақстанның Ресей ықпалына енуі кейінгі жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлері Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап түрды, алым-салық төлетті. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды. Ресей ғалымдары Қазақстанды зерттей бастады.



Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің жағымсыз салдары

Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығы бұзылып, бірлігі ыдырай бастады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет