Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қазақ жасақтарының шаруалар көтерілісі жеңілгеннен кейінгі соғыс қимылдары



бет31/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

3. Қазақ жасақтарының шаруалар көтерілісі жеңілгеннен кейінгі соғыс қимылдары. Патша үкіметі Түркиямен соғысты аяқтағаннан кейін көтерілісшілерге қарсы аса ірі әскери күштерді жіберді. 1774 жылғы тамызда Царицын түбінде Пугачев ойсырай жеңілді. Үлкен және Кіші өзен аймағында оны патшаға берілген казактар сатқындықпен ұстап алып, патша әскерлерінің қолына табыс етті. Көтеріліс жетекшісі Е. Пугачев Мәскеуде қатаң жазаланды.
Пугачевтықтар жеңіліске ұшырағанымен, қазақтар өздерінің күресін жалғастыра берді. Азық-түлік тиелген арба керуендерін тонады, жемшөп қораларын өртеді, егіс далаларын таптап кетіп жүрді. Олардың бұл іс-қимылдары Орынбор, Астрахан және Саратов губернияларындағы отырықшы халықты ашаршылыққа ұшыратты.
Патша әкімшілігі қазақтарға қарсы жазалаушы әскерлер шығарды. Осы мақсатқа Жайық казактары және бекініс шебіндегі гарнизон әскерлерімен қатар Дон казактарының едәуір мол күштері, гусар және драгун полктары, патша үкіметіне жан-тәнімен беріле қызмет етуші башқұрттар мен қалмақтар да тартылды. Олар бірнеше бағыт бойынша бөлініп шығып, көтеріліске қатысқан ауылдарды талқандап, қырып-жоюға кірісті.
Көтерілісшілер жазалаушы әскерлерге ерлікпен қарсылық көрсетті, тіпті казактардың хуторларына және Жайық пен Еділ бойындағы әскери шептің бекіністеріне өздері де жиі-жиі шабуыл жасаумен болды. Бұл ретте Сырым Датұлы бастаған байбақты руының жасақтары ерекше ерлігімен көзге түсті. Байбақтылар Еділ бойындағы казактардың елді мекендеріне шабуыл жасап, бірнеше бекініс пен хуторды қырып-жойып жіберді. Молдаван полкының гусарларын тас-талқан етіп жеңді.
Көтерілісшілер даланың алыс түкпірлеріне жаппай көше бастады. Бірақ көшіп бара жатып та шекара шептеріндегі бекіністерге күтпеген жерден шабуыл жасауын тоқтатқан жоқ.
Көтерілістің негізгі ошақтары жойылғаннан кейін де қазақ даласындағы отаршылдыққа қарсы қозғалыс одан әрі жалғаса берді. Ол Көктемірдің «Көзге көрінбейтін қозгалысы» деген атқа ие болды. Көзге көрінбейтін Көктемір деген адам қазақтарды Е. Пугачев өлген жоқ, ол әлі-ақ қайтып оралады, патша үкіметіне қарсы күресті тоқтатпау керек деп сендіруге тырысты. Мұндай алыпқашпа әңгімелер тама және табын руларының арасында кеңінен тарады. Осы әңгімелердің қайдан шығып жүргенін тексеру үшін қазақ дала- сына жазалаушы әскерлер жіберілді. 1776 жылдың жазына қарай қазақ даласында тыныштық қайта орнады. Патша үкіметі Қытай жеріне көшіп кетуінен қауіптеніп, қазақтарды жазалау шараларын тоқтатуға мәжбүр болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет