Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


жылы старшындардың съезі өтті. Онда тек қана Шекаралық сот



бет36/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

1786 жылы старшындардың съезі өтті. Онда тек қана Шекаралық сот құруға келісім берілді. Соттың құрамына алты ру старшыны сайланды. Мұның өзі лауазымды әкімшілік қызметінде қазақ ру старшындарының сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бастағанын көрсетті. Алайда мұндай сайлау Кіші жүздің үш-ақ руында болып өтті. Сөйтіп Шекаралық сот Кіші жүздің бүкіл руларымен жоғары дәрежелі билер тобы арқылы байланыс жасай алмады. Соның салдарынан Кіші жүздегі саяси жағдайға ықпал ету мүмкін болмай қалды. Сұлтандар қазақ даласында расправалар құруға үзілді-кесілді қарсы болды.
Шекаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер туралы, Еділ мен Жайық арасында қысқы кездегі мал жайылымының көлемін ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қатар жайылымдарды жалға беру тәртібін жоюды да ұсынды.
Қазақтардың Еділ мен Жайық аралығына жаппай көшуі басталды. Старшындар өздерінің талаптарын күшейте түсті. Олар Кіші жүзден Ресейге қашып кеткен құлдарды қайтару мәселесін де қозғады.
Игельстром старшындардың талабын ішінара ғана қанағаттандырды. Бірақ қазақтардың шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауын тоқтатуды шарт етіп қойды. Қазақ старшындары бұған жауап ретінде шекара шебіндегі әкімшілік пен Орал казактарының тарапынан қазақтарға күш көрсетіп, озбырлық жасауын тоқтатуды талап етті. Жаңа әкімшілік орган - расправалардың құрылуы сұлтандарды Кіші жүз қазақтарын билеу жүйесінен шеттетуде елеулі рөл атқарды.
Бұл жағдай сұлтандардың патша үкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Өйткені олар өздерінің артықшылықтарынан айырыла бастаған болатын. Сөйтіп Кіші жүзде өкімет билігін жүзеге асыру мәселесі жөнінде сұлтандар мен старшындар арасындағы күрес одан әрі жалғаса түсті. Сырым батыр патша үкіметінің ықпалынан біржолата шығып кетуге бағытталған шаралар қабылдай бастады. Бұл әрекет патша үкіметіне мүлде ұнамаған еді. Игельстромның реформасы іске аспай қалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет