151
үшін өнімді іс-эрекетте оның нэтижесінен гөрі процессуалдық
жағы көбірек қызықтырады, оны оқыту процесінде білікті (еңбек,
ұйымдастырушылық) қалыптастыруда пайдаланған аса маңызды.
В.
С. Мухина көрсеткендей, мектепке дейінгі ересек жастағы
баланың санасында өзіндік сана құрылымының буындарының бэрі бар:
мойындауға, өзінің бір жынысқа жататындығын түсінуге (өзін ұл не
месе қыз екендігін білуге), өзін уақыт ішінде сезінуге, өзінің құқығы
мен міндеттеріне көзқарасын түсінуге құлқы бар. Балалар тэртібінің
нормалары мен ережелері жөнінде көп біледі, оларды орындай алады,
үлкендердің, құрбыларының олардың ісіне берген бағасын жеңілірек
қабылдайды; өздерін-өздері бағалау қиынырақ болады.
Үлкендер баланы «үйретілген шарасыздық» күйіне жиі түсіріп
қояды, ол баланың белсенділігі мен ынтасының болмауынан көрінеді.
Бала эрекеттің қандай да бір түрінде көрінсе, бұл баланың бүкіл өмірлік
эрекетіне жайылуы қауіпті.
Мектепке
дейінгі
ересек
балалар
үшін
ата-аналарымен,
жақындарымен (апасы, атасы жэне т.б.) тығыз эмоционалдық байланы-
стар болуы тиіс. Балалар үлкендерден үлкен эмоционалдық тэуелділікте
болады, сондықтан үлкендердің қарым-қатынас стилі баланың
психикалық саулығын анықтайды. Олар қайғыда да, қуанышта да терең
күйзелуге бейім болады, сондықтан олардың сезімін бағаламауға бол-
майды.
Балалар үлкендермен өзара жағымды қарым-қатынасқа тырысады.
Бұл олардың тэртібін ұйымдастырады. Қолдауға қол жеткізу - мектеп
ке дейінгі ересек жастағы балалардың тэртібінің негізгі мотивтерінің
бірі. Өз аяғына тұру ынтасы кейде, эсіресе қандай да бір тапсырманы
орындай алмаған жағдайда бала еркелігіне себеп болады. Үлкендердің
жағымсыз істері бала еркелігін күшейте түседі. 6-7 жастағы бала
өзінің эмоциясына бағынып үнемі бір нэрсені ойлап жүреді. Олар өте
экспрессивті - олардың сезімі тез тұтанады.
Бұл жастағы балаларға ерік күші жетіспейді. «Жасағым келеді»
жэне
«керек» мотивтері жекпе-жекке түседі. Адамгершілік мотив
эрқашан жеңе бермейді. Бала үлкендермен жақсы қатынасын сақтау
үшін кейде саналы түрде өтірікке барады. Ол адамның ең бірінші
сұранысын - жағымды эмоцияларды қажет етеді. Бұл жаста жеткілікті
түрде жақсы дамыған рефлексияға қабілеттілік оларға үлкендермен
қарым-қатынаста бағдар алуға жэне өз ісін, тэртібін үлкендерге жағу
үшін арнайы түзетуге мүмкіндік береді.
Өкінішке орай, мектепке дейінгі ересек жастағы кейбір балаларды
152
барлық түрдегі невроз сияқты психиканың бұзылуы айналып өтпейді.
Невроздың басты себебі - үлкендер тарапынан сүйіспеншіліктің
жетіспеуінен туындайтын қорқыныш, сондықтан баланың психикалық
жағымсыз күйінің дамуының
мұғалімнің, құрбыларының, ата-
аналарының қайырымдылығына негізделген тиісті жайлы атмосфера
орнату арқылы алдын алу қажет.
Балаларға нақты, бейнелі ойлауға негізделген сенгіштік жэне
қуану қасиеттері тэн. Қаншалықты «есейген» болса да, бала ол өз
тэжірибесі аясындағы элемде, соның күйзелістері мен интеллектуалдық
мүмкіндіктері бойынша жүреді, сондықтан балалар элемі үлкендердің
көзіне түсе бермейтін тетіктер мен бояуға толы, деп көрсетеді Г. С.
Абрамова.
7 жасқа қарай бала ол үшін мектеп оқушысының элеуметтік ролін
қабылдауға, жаңа (оқу) іс-эрекетті жэне нақты жэне қорытынды білім
жүйесін меңгеруге дайын бола бастайды. Дегенмен бұл дайындықты
қалыптастыру стихиялы түрде болды деуге болмайды. Баланың мек
тепке дайындығы ұзақ жэне бағытты жұмыс процесінде қалыптасады,
ол мектепке дейінгі мекеме педагогтарының да, ата-аналардың да бір
ғана жылдық жұмысы емес.
Мектепке дейінгі жас аяғына қарай баланың жалпы дамуында
қайта құрылу болады, ол бұл кезеңді өзгерісті кезең ретінде қарауға
негіз болады. Жалпы дене дамуы неғұрлым үйлесімді бола бастайды.
Ағзаның барлық жүйесі: жүрек тамырлары, демалу, сүйеніш-қозғалыс
аппараты қарқынды дами бастайды. Осымен байланысты қозғалыс
функциялары, физикалық сапалары жетіледі. Жүйке жүйесінің даму
динамикасы, эсіресе мидың морфологиясы мен физиологиясында
анық көрінеді. Мектепке дейінгі ересек балаларда күрделі жэне ұзақ
эрекет үшін қажетті психофизиологиялық ресурстар көбейеді. Жүйке
процестерінің жүруінде де өзгерістер болады, тежеу реакцияларының
мүмкіндгі көбейеді. Бұл тэртібін, эмоциясын, іс-эрекетін еркін рет-
теу үшін алғышарт болады. Мектепке дейінгі ересек баланың элсіз
жағы - жүйке жасушаларындағы энергия қорының тез элсіреуі, бұл
педагогикалық процесті құруда ескерілуі керек. Дамудың бұл ерекшелігі
бастауыш мектептің бірінші сыныбында да оқу кезеңінде сақталады.
Бұл жас кезеңінің маңызды ерекшелігі жақын үлкен адамдармен күшті
эмоционалдық байланыс болып табылады.
Сонымен, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды мектепке
дайындағанда бала дамуының мынадай ерекшеліктеріне назар аудару
қажет: балалар бұл жаста елестетуді белсенді пайдаланады, бірте-бірте
153
оны басқаруды үйренеді; тікелей қарым-қатынас жасауы, басқа адам-
дармен өзара қарым-қатынас тэртібі төмендейді; бұл жасқа танымдық
белсенділік тэн; тэртібін, зейінін ретке келтіруде еріктілік пайда бола-
ды; еріксіз есте сақтауы неғұрлым дамиды; балалар өте экспрессивті,
эмоционалдық жағынан жақын үлкен адамдармен байланысты.
Мектепке бару - бала өмірінде өзгеріс, дағдарыс сэті, ол мыналар-
мен:
• үйренген өмір салтының өзгеруімен;
• айналасындағылармен қарым-қатынас жүйесінің өзгеруімен
(балада жаңа элеуметтік рөлдегі қатынастармен реттелетін элеуметтік
маңызды іс-эрекет пайда болады);
• жетекші іс-эрекеттің ауысуымен;
• баланың жаңа элеуметтік рөлді жэне соған байланысты
міндеттерді, қиындықтарды қабылдауымен;
• оқу, тэрбие жэне дамудың жаңа жағдайына бейімделуімен бай
ланысты.
Іс-эрекеттің негізгі түрі - оқу, ойынға қарағанда міндетті сипатта
болады жэне оқушының өмірінде басты орын алады деп көрсетеді Г Г
Кравцов. Ойынға бөлінген уақыт азаяды, күн тэртібі өзгереді, баланың
өзіндік істеріне, тэртібіне, орындаушылығына, жинақылығына талап-
тар едэуір артады, эсіресе, іс-эрекетіне жеке жауапкершілік мөлшері
мен оның нэтижелеріне жоғары болады.
Бұл орайда баланы бірте-бірте мектеппен байланысты болатын
өзгерістерге дайындау (дене, психикалық, элеуметтік, интеллектуалдық)
маңызды. Мектепке дейінгі мекеменің ересек балалар тобында
педагогикалық процесті мектеп талаптарына, өмірлік жаңа кезеңге
дайындауға бағдарлап құру қажет, ол балаларға өмірдің жаңа кезеңіне
тез жэне жақсы бейімделуіне көмектеседі. Мектепке дейінгі мекемеде
«ересек балалардың» позициясы педагогикалық процесті ұйымдастыру
ерекшеліктеріне себепші болады.
Топтың аты - «дайындық тобы» - бұл сатыдағы міндеттердің ерек-
ше екендігін көрсетеді. Педагогтың міндеті, бірінші жағынан, жас
нормалары мен мүмкіншіліктеріне сэйкес бала тұлғасын жан-жақты
дамытуды қамтамасыз етуді жалғастыру. Екінші жағынан - мектеп
ке дейінгі мекемеде жаңа оқу пэндерін меңгеруге баланы дайындау
үшін жағдай жасалуы керек, ал ол үшін арнайы дайындық қажет.
Тэрбиеші балалар балабақшада өздерін ересек сезінетіндей ситуаци-
ялар туғызуы керек, өз бетімен іс істей алатындығын, кішкентайларға
көмектесетіндігін сезінуі тиіс. Оларда мұғаліммен, кіші оқушылармен
154
- мектепте экскурсия, біріккен спорт ойындары, кездесулер виктори-
налар өткізу сияқты жаңа элеуметтік байланыс орнайды, онда балалар
тэжірибе алмасуға мүмкіндік алады, жағымды эмоционалдық фон
қалыптасады, мектепте оқуға сұраныстар мен мотивация қалыптасады.
Ойын процесінде, сабақтарда оқу білігі қалыптасады, онда балалар іс-
эрекеті нэтижелерінің объективті бағасы пайдаланылады, тэртібінің
еркіндігіне көңіл аударылады, ұйымдасқан іс-эрекетте көптеген ереже-
лерге үйретеді. Яғни, баланың бар өмірі біртіндеп қайта құрыла бастай
ды, олардың тэртібіне, іс-эрекетіне талап артады. Балаларды бірдей оқу
міндеттерін шешкенде өзара эрекет етуге үйрететеді, өз эрекетін жэне
оның өнімдерін талдау қабілетін қалыптастырады, ұйымшылдыққа,
жауапкершілікке, өз бетінше эрекет етуге жэне басқа да тұлғалық
қасиеттерді тэрбиелейді.
Педагогикалық процеске қатысушылардың өзара эрекетінің
ерекшелігі барлық балалар үшін маңызды болашақта мектепке бару
перспективаларының болуы. Сонымен бірге бұл позицияда мөлшерден
аспау қажет жэне оны өзіндік мақсатқа айналдырмау керек. Мектепке
дайындық жүйелі түрде жүреді, талаптар бірте-бірте енгізіледі жэне
бала өмірімен кірігіп кетеді.
Мектепке дейінгі мекеменің дайындық тобындағы педагогикалық
жұмыстың мазмұнын талдай келе, бірнеше ерекшеліктерді айқындауға
болады:
• балалардың іс-эрекетін ұйымдастыру мектепте оқытуға қажетті
тұлғалық қасиеттерді - өз беттілігін, жауапкершілігін, еріктілігін,
белсенділігін, даралығын, тэртіптілігін жэне жинақылығын, білуге
құштарлығын, көпшілдігін, қабілеттілігіне тэрбиелеуге бағытталған;
• еркін жэне уақытпен мөлшерленген іс-эрекетте құрбылырымен,
мұғалімдермен, кіші оқушылармен серіктестіктіктің жаңа түрлерін
меңгеру;
• іс-эрекеттің қоғамдық бағытталғандығын ұсыну жэне оның
нэтижелеріне жетуге талаптар қою;
• балалардың өз беттілігіне, жинақылығына, іс-эрекетті өздігінен
басқару білігіне талаптардың пайда болуы, өзін-өзі көрсетуін реттеп
отыру;
• режимдік процестерді орындауға уақыт қысқарады, бір
эрекеттен екіншісіне көшу шапшаңырақ болады, іс-эрекет қарқынына
талап өседі;
• педагог пен баланың қатынас стилі өзгереді, мектепке тэн
қатынастар мен талаптар енгізіледі;
155
• сабақ уақыты, оның саны көбейеді. Топта арнайы оқу зона-
сы жасалады. Балаларды мектеп құралдарымен, мектептегі тэртіп
ережесімен таныстырады, оларды сабақта оқуға пайдаланады;
• сабақта оқыту мектептің оқу пэндерін меңгеруге дайындауға
бағытталған, жаңа сабақтар пайда болады (сауатқа оқыту);
• сабақ барысында педагог оқу іс-эрекетінің элементтерін
қалыптастыру мақсатын қояды. Оқу мотивациясын түсіну, жоспарлау
қабілеті, оқу міндеттерін шешу процесін жоспарлау, құру жэне бағалау
білігі қалыптастырылады. Балалар педагогты тыңдауды, оның тапсыр
маларын орындауды, сұрақтар беруді жэне оларға жауап беруді, оқу
міндетін қоюды жэне қабылдауды, оны шешу барысын жоспарлауды,
іс-эрекетке баға беруді үйренеді;
• балалардың
іс-эрекет
нэтижелерін
бағалауда
басқаша
тэсілдер жүзеге асырылады: педагог тапсырманы эрбір баланың
орындауына, олардың нэтиже алуына қол жеткізеді, тапсырманың
орындалғандығының нақтылығы мен сапасы, жұмыс қарқынын
сақтауы, өзін-өзі бақылауы бағаланады;
• балалардың танымдық қызығушылығын, олардың таным
белсенділігін дамыту жұмысы жүргізіледі, белсенді ой еңбегіне
эдеттенуі қалыптасады, қоғамдық құбылыс аясы кеңиді;
• іс-эрекет мазмұны, оны іске асыру тэсілдері байыйды. Педагог
іс-эрекетті ұжымдық түрде жоспарлау оны жүргізу процесінде
серіктестік орнату, бірігіп нэтижелерге жету білігін;
• балаларды мектепке дайындаудың жалпы жэне дербес
міндеттерін шешу жөнінде мақсатты бағытты жұмыстар жүргізеді;
• отбасы жағдайында дайындық мэселелерін шешуде, білім,
білік, қатынас, қабілет эрекеттерін тиянақтау мақсатында ата-аналар-
мен қатар жұмыс жүргізіледі.
Сонымен, мектепке дейінгі мекеменің дайындық тобындағы
педагогикалық процестің ерекшелігі балаларды білім берудің жаңа са-
тысына дайындау, мектептің жаңа жағдайы мен талабына бейімделу
процесін жұмсарту қажеттілігімен анықталады. Педагогикалық про
цесс өзінің дэстүрлі-тэрбиелік, дидактикалық, дамытушылық функ-
цияларын орындауды жалғастыра береді. Сондай-ақ, ол дайындықтың
дербес міндеттерін щешуге де бағытталады. Келесі мэселеде мектепте
оқытуға дайындықтың бағыттары мен міндеттерін ашып көрсетейік.
156
9.3 Б алаларды мектепке ж алпы және арнайы дайындау, олардың
өзара байланысы
Мектепте оқытудың тиімділігі, білім алудің жаңа сатысы жағдайына
бейімдеудің ойдағыдай болуы көбінесе мектепке дейінгі дайындық
деңгейіне байланысты анықталады. Мектепке дайындау - ересек ба
лалар топтарының ерекше рөлі, бүкіл педагогикалық процестің басты
міндеттерінің жэне нэтижелерінің бірі.
Мектепке дейінгі заманауи педагогикада балаларды мектепке дай
ындау мэселелерімен Ш. А. Амонашвили, Р. С. Буре, Л. А. Венгер, Н.
И. Гуткина, З. М. Истомина, Р. И. Жуковская, А. В. Запорожец, Е. Е.
Кравцова, Г. Г. Кравцова, В. И. Логинова, В. Г. Нечаева, Р. Б. Стеркина,
Д. В. Сергеева, Т. В. Тарунтаева, У. Ульенкова, А. П. Усова жэне т.б.
шұғылданды. Шетел педагогикасында балаларды мектепке дайындау,
мектеп жасына жетілгендікті қалыптастыру мэселелерімен Г. Гетцер,
Я. Йирасек, А. Керн, С. Штребел шұғылданды.
Арнайы зерттеулер жастары өскен сайын мектепке дайындықсыз
баратын
балалардың
саны
азайғандығын
көрсетеді:
5
жас
шамасындағылар 80% маңайында; алтыжастықтар ішінде - 51%; алты
жарым жастағыларда «дайын еместер» эжептэуір аз - 32%. 7 жастағы
балалардың ішінен мектепте оқуға дайын емесі - 13% .
Балаларды мектепте оқуға дайындаудың міндеттері мен мазмұнын
оның негізгі екі бағыты анықтайды: жалпы жэне арнайы дайындық (С.
А. Козлова, Т. А. Куликова).
Мектепке арнайы дайындық - негізгі пэндер (математика, оқу,
жазу, қоршаған элем) бойынша бірінші сынып оқу материалы мазмұнын
ойдағыдай меңгеруді қамтамасыз ететіндей баланың білім мен білікті
меңгеруді жүзеге асыратын процесс.
Жалпы дайындықтың мақсаты баланы жан-жақты үйлесімді да
мыту. Бұл процестің нэтижесі жеке тұлғаның дене, мотивациялық,
адамгершілік-еріктік,
интеллектуалдық,
коммуникативтік
аясын
қалыптастыру жэне баланың барлық іс-эрекет түрлерін дамыту болып
табылады.
Бұл екі бағыт бірлікте болуы қажет. Біртұтас дайындық процесін
логикалық тұрғыдан екі бөлікке бөлу арқылы негіздеу оны жүзеге
асырудың педагогикалық процестегі мақсаты мен уақытша шегінде
ғана байланысты емес.
Жалпы дайындық мектепке дейінгі балалық шақта барлық уақытта
жүзеге асырылады. Барлық жас топтарында педагог тұлғаның эртүрлі
157
жақтарын, бала іс-эрекетін дамытумен шұғылданады. Қорытындысы -
баланы жасына жэне жеке мүмкіндіктеріне сэйкес жан-жақты дамыту.
Мектепке дейінгі ересек жаста оқу пэндерін меңгеруге арнайы
дайындық ары қарай оқу пэндерін мектепте меңгеруге негіз болатын-
дай материалды үйрену барысында жүзеге асырылады. Бұл дайындық
арнайы сабақтарда жүргізіледі. Білім мен білікті дамыту негіздерін ба-
лалар бұған дейін де алады. Дегенмен мектепке дейінгі ересек жаста
сауаттылыққа үйрету, қоршаған ортаның ұғымдары мен заңдылықтарын
меңгеруге ерекше назар аударылады, оқытудың сапасы мен нэтижесіне
айрықша талаптар қойылады. Мектепке арнайы дайындаудың мақсаты,
мазмұны түсінікті болады, мектепке дейінгі педагогикада шын мэнінде
оның маңыздылығы мен жүзеге асыру мерзімінде қайшы пікірлер жоқ.
Жалпы дайындық мектепке дейінгі педагогикада жэне психологи-
яда зерттеу пэні ретінде қарастырылады. Балаларды мектепке жалпы
дайындаудың анықтамасының құрылымының арнайы дайындықтан
айырмашылығы онда эртүрлі көзқарастар қарастырылады. Осыдан
жалпы дайындық бағыттарын анықтауға көзқарастардың эртүрлі
екендігін білеміз.
Жалпы дайындық туралы айтылған пікірлерді жинақтай келе,
олардың мына төмендегі жағдайларға бағыттағандығын білдік:
• баланың физикалық дамуына;
• интеллектуалдық аясының, танымдық процестердің ойлау
амалдарына, сөз сөйлеуіне;
• тұлғаның элеуметтік-адамгершілік тэрбиесіне;
• үлкендермен жэне балалармен өзара қарым-қатынас дағдыларын
дамытуға;
• мектеп, оқудың оқу-танымдық жэне элеуметтік мотивациясы,
оқушының ішкі позициясы туралы білім қалыптастыруға;
• болашақ оқушының басты тұлғалық қасиеттерін дамытуға,
ірілі-ұсақты
моторикасының,
графиктік
дағдыларының,
психикалық процестердің, емін-еркіндіктің, оқу мотивациясының,
оқытылатындығының қалыптасқандығына;
• тэртібі мен ісінде еркіндікті дамытуға;
• оқу іс-эрекеті компоненттерінің қалыптасуына.
Баланың мектепте оқуға дайындығын оның мақсаттары анықтайды.
Нэтиже ретінде дайындықтың - біртұтас процестің синтетикалық
нэтижесі алынады.
158
9.4 М ектепте оқуға дайы нды қ мектепке дейінгі мекемеде білім
беру процесінің нәтижесі ретінде
Мектепке дайын болуды қалыптастыру - кешенді проблема, ол ма-
мандар мен мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының басты
назарын талап етеді. Соңғы кездерде мектепте елеулі өзгерістер болды,
жаңа бағдарламалар енгізілді, мектептің құрылымы өзгерді. Бірінші
сыныпқа баратын балаларға неғұрлым жоғары талаптар қойылды.
Мектепте баламалы эдістемелердің дамуы балаларды неғұрлым
қарқынды бағдарламалар бойынша оқытуға жағдай туғызды.
Мектепке дейінгі тэрбие жүйесінің басты міндеті бала түлғасын
жан-жақты дамыту жэне оны мектепке дайындау. Өмірдің оқыту
мен тэрбиедеуді ұйымдастыруға жоғары талап қоюы оқыту эдістерін
өмір талабымен сэйкестендіретіндей неғұрлым жаңа психологиялық-
педагогикалық тиімді эдістерді іздестіруге итермелейді.
Бұл контексте балалардың мектепте оқуға дайын болуының ерек
ше маңызы бар. Мұнымен мектепке дейінгі мекемеде оқыту мен
тэрбиелеудің мақсаттары мен принциптерін анықталады. Балалардың
ары қарай мектепте оқуының жемісті болуы осы мэселенің шешілуіне
байланысты.
Заманауи психологтар (А. А. Венгер, С. П. Проскура жэне т.б.)
интеллектің 80%-ы 8 жасқа дейін қалыптасады деп санайды. Мұндай
қағида мектепке дейінгі ересек балаларды оқыту мен тэрбиелеуді
ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды. Балаларды мектепке дайындау
педагогика мен заманауи білім берудің аса көкейтесті мэселелерінің
бірі болып табылады.
Бала тұлғасын дамыту міндеттерін жемісті шешу, оқытудың
тиімділігін арттыру, ыңғайлы кэсіби қалыптасу көбінесе, балаларды мек
тепте оқуға дайындау деңгейінің қаншалықты дұрыс ескерілетіндігімен
анықталады. Заманауи психологияда эзірге «дайын болу» немесе «мек
теп жасына толу» ұғымдарына бірыңғай жэне нақты анықтама берілген
жоқ. Баланың мектепке дейінгіден мектеп өміріне көшуі психология
мен педагогикада кеңінен зерттеліп жүрген өте үлкен кешенді пробле
ма болып табылады.
Психологияда балаларды мектепте оқуға дайындаудың мэнін Л. А.
Венгер, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддьяков ашып берді. Педагогикада
бұл процестің негіздерін
М. М. Безруких, С. П. Ефимова, В. И.
Логинова, П. Г . Саморукова, Т. В. Тарунтаева жэне т.б. қарастырды.
Н. И. Гуткинаның, Е. Е. Кравцованың, Н. В. Нижегородцеваның, В.
159
Д. Шадриковтың, К. Н. Поливанованың, Н. Г. Салминованың жэне
көптеген басқа да психологтардың зерттеулері күрделі феномен - мек
тепке дайын болуды кеңінен талдауға арналды.
Бүгінгі күнге мектепте оқуға дайын болу - көпкомпонентті білім
беру, ол кешенді психологиялық жэне педагогикалық зерттеулерді та
лап ететіндігі жалпы мойындалып отыр.
Мектепке дайын болу - мектепке дейінгі мекеме мен отбасының
мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың, тэрбиелеудің жэне дамытудың
маңызды нэтижесі, сол сияқты білім беру мекемесінің мектепке дейінгі
ересек балалар топтарындағы арнайы жұмыс нэтижесі. Дайын болу
мектепке дейінгі мекеменің барлық жұмыстарының нэтижесі (жастары
эртүрлі барлық топтарда, балаларды дамытудың барлық бағыттары бой
ынша), мектепке дейінгі мекеменің ересек балалар топтарындағы мек
тепте оқу пэндерін меңгеруге бағытталған арнайы іс-эрекет нэтижесі.
Мектепке дайын болуға қол жеткізу тек қана білім, білік, дағды жүйесін
меңгерумен анықталып қоймайды, оқу іс-эрекетін ойдағыдай бастау
үшін қажетті баланың психологиялық қасиеттері де қалыптастырылады.
Балалар психологиясында балалардың мектепке дайын болу про-
блемаларын зерттеу мэселелері Л. И. Божовичтің, Д. Б. Элькониннің,
Н. Г. Салминаның, Е. Е. Кравцованың, Н. В. Нижегородцеваның, В.
Д. Шадриковтың жэне т.б. жұмыстарында бар. Бұл авторлар Л. С.
Выготскийден кейін оқу өзінен кейін дамуды алып келеді, сондықтан
оқуды ондағы психологиялық функциялар жетілмей тұрып бастау ке
рек деп есептейді. Оның үстіне, бұл зерттеулердің авторлары мектепте
оқу жемісті болу үшін балалардың білім, білік жэне дағды жинағы емес,
мектепте оқудың психологиялық алғышарты ретінде қарастырылатын
оның тұлғалық жэне интеллектуалды дамуының деңгейі маңызды деп
санайды.
Мектепке дайын болу - тұлғаның жан-жақты даму нэтижесі жэне
мектепке дейінгі педагогикада екі бағытта қарастырылады - жалпы
және арнайы дайын болу. Дайын болудың аталған түрлерінің эрқайсысы
мектепке дайындау бағыттарының тиісті нэтижесі болады.
Мектепке арнайы дайын болу - балада мектеп пэндерін (матема
тика, қазақ тілі, жаратылыстану) оқып үйренуге қажетті арнайы білім,
білік жэне дағдылардың болуымен анықталады.
Мектепке жалпы дайын болу - баланың мектепке барарда мектеп
те оқудың жаңа жағдайына белсенді кірісе алуы үшін жэне оқу мате-
риалын саналы түрде меңгеру үшін қажетті негіз болатын физикалық,
психикалық,
ақыл-ой,
адамгершілік,
еріктік,
коммуникативтік,
160
эстетикалық даму деңгейіне жетуінен көрінеді. Жалпы дайын болу
бала мектепке барарда қол жеткізетін белгілі бір психикалық даму
деңгейімен сипатталады жэне тұтас бір диагностикалық эдістеме
кешенімен айқындалады.
Мектепке психологиялық дайын болу - ғалымдардың жалпы дайын
болу құрамына енгізген дайын болудың түрі.
Мектепке психологиялық дайын болу проблемасын талқылай
келе, Л. И. Божович оның екі аспектісін қарастырады: тұлғалық жэне
интеллектуалдық дайын болу. Мұнда баланың психикалық дамуының
мектепте оқудың жемісті болуына
едэуір эсер ететін
бірнеше
параметрлері айқындалады:
• оқудың танымдық жэне элеуметтік мотивтерін қамтитын
баланың мотивациялық даму деңгейі;
• еркін жүріс-тұрысының жеткілікті дамуы;
• интеллектуалдық аясы дамуының белгілі бір деңгейі.
Мектепке психологиялық дайын болудың негізгі критерийі Л. И.
Божовичтің еңбектерінде жаңадан пайда болған «оқушының ішкі пози-
циясы», ол жаңа деңгейдегі үлкендермен қарым-қатынаста танымдық
сұраныс нэтижесінде туындайтын баланың қоршаған ортаға жаңа
көзқарасын білдіреді.
Д. Б. Эльконин мектепке дайын болу проблемасын талдай
келе, бірінші орынға оқу іс-эректін меңгерудің психологиялық
алғышарттарының
қалыптасқандығын
қояды.
Аса
маңызды
алғышарттарға ол баланың мынадай біліктерін жатқызды:
•
өз жұмысының іс-қимыл тэсілдерін жалпы түрде анықтайтын
ережелерге саналы түрде бағындыру;
• жұмыста ережелер жүйесіне бағдар ұстау;
• үлкендердің нұсқауын тыңдау жэне орындау;
• үлгі бойынша жұмыс істеу.
Барлық бұл алғышарттар мектепке дейінгі жастан мектептің кіші
жастағы оқушысына көшу кезеңіндегі баланың психикалық даму
ерекшеліктерінен туындайды, атап айтқанда: элеуметтік қатынаста
тікелей эрекеттің жойылуы; бағасына байланысты алаңдаушылығы;
өзін-өзі бақылау ерекшеліктері.
Н. Г. Салмина мектепке психологиялық дайын болудың негізгі
көрсеткіші ретінде мыналарды бөліп көрсетеді:
• еркінділік оқу іс-эрекетінің алғышарттарының бірі ретінде;
• семиотикалық функцияның қалыптасқандық деңгейі;
• қарым-қатынас ерекшеліктерін, қойылған міндеттерді шешу
161
11-7463
үшін бірігіп жұмыс істеу білігін, эмоционалдық аясының дамуын жэне
т.б. қамтитын тұлғалық мінездемесі.
Бұл көзқарастың ерекше белгісі семиотикалық функцияны баланың
мектепке дайын болуының көрсеткіші ретінде қарастыруы, оның үстіне
бұл функцияның даму дэрежесі баланың интеллектуалдық дамуын си-
паттайды.
Е. Е. Кравцова мен Г. Г. Кравцовтың жұмыстарында баланың
мектепке дайын болуын сипаттағанда негізінен баланың дамуының
пороліне сүйенеді. Үш сфера айқындалады - үлкенге, құрбысына жэне
өзіне көзқарасы, бұлардың даму деңгейі мектепке дайын болу дэрежесін
көрсетеді жэне оқу іс-эрекетінің негізгі құрылымдық компоненттерімен
үйлеседі. Бұл тұжырымдамада маңызды көрсеткіш баланың серіктестік
жэне кооперация тұрғысынан үлкендермен жэне құрбыларымен
қатынасының даму деңгейі болады. Серіктестігі мен кооперациясының
көрсеткіші жоғары балалар
интеллектуалдық дамудың да жоғары
көрсеткішіне ие болады деп есептелінеді.
Н. Б. Нижегородцева мен Н. Д. Шадрикова мектепте оқуға жал
пы (психологиялық) дайын болуды маңызды оқу сапаларынан (МОС)
тұратын
құрылым деп санайды. Әртүрлі маңызды оқу сапалары
мектептегі оқудың жемісті болуына эртүрлі эсер етеді дейді. Осыған бай
ланысты бағдарламалық материалды жемісті меңгерудің жемістілігіне
едэуір эсерін тигізетін МОС-ын айқындап көрсетеді. Базалық жэне
жетекші МОС оқудың басында бірінші сыныпта негізінен бірдей бола
ды. Оларға жататындар:
• оқу мотивтері;
• көру арқылы талдау (бейнелеп ойлау);
• оқу міндетін қабылдауға қабілеттілігі;
• кірісу дағдылары;
• графикалық дағды;
• іс-эрекетін ретке келтірудегі еріктілігі;
• үйренетіндігі.
Олар екі параметр бойынша бөлінеді. Базалық МОС-на тағы да
жалпылау деңгейі жатады (логикалық ойлау алғышарттары), ал жетекші
МОС-на вербалды механикалық ес қосылады. Болашақ оқушының оқу
басындағы МОС құрылымы, «старттық дайын болу» деп аталады. Оқыту
процесінде оқу іс-эрекетінің эсерінен старттық дайын болуда мектепте
екінші рет дайын болуға экелетіндей өзгерістер болады, баланың ары
қарай үлгеруі осыған байланысты болады. Авторлар бірінші сыныптың
аяғына оқытудың жемісі старттық дайын болуға аса байланысты болмай
162
қалады, өйткені білімді меңгеру процесінде старттық дайындыққа дейін
болмаған жаңа МОС қалыптасады деп көрсетеді.
Зерттеулердің барлығында көзқарастардың айырмашылықтарына
қарамастан бірінші сынып оқушысы оқытудың бастапқы кезеңі үшін
кейін оқу процесінде дамытылатын жэне жетілдірілетін қажетті жэне
жеткілікті сапаларды меңгерген жағдайда ғана мектепте оқыту тиімді
деп саналады деген факті қабылданады.
Баланың мектепке психологиялық дайын болуын мектепте оқуға
қажетті баланың психикалық даму деңгейімен анықтауға болады. Оның
үстіне бұл білімнің көпкомпоненттілігін атап көрсеткен жөн. Мектепке
дайын болуды талдауға арналған психологиялық эдебиеттерде,
көбінесе психологиялық дайын болудың мынадай элементтері
көрсетіледі: интеллектуалдық, жеке тұлғалық жэне еріктік. Қазіргі
сэтке баланың мектепке дайын болу деңгейін анықтайтындай бірқатар
психодиагностикалық эдістемелер жасалды (Л. А. Венгер, Г. Витцлак,
Н. И. Гуткина, Е. Е. Кравцова жэне т.б.).
Мектепке психологиялық дайын болу мектепте жақсы оқу
тұрғысынан қарағанда бірінші сыныпқа түскен баланың психикалық
даму көрсеткіштерін жинақтайды. Психологиялық дайын болу мына-
ларды қамтиды:
S оқуға ұмтылып, мектеп оқушысы болуды қалайтын мектепке
мотивациялық дайын болу;
S танымдық іс-эрекетінің жоғары деңгейі мен ойлау амалдарының
жеткілікті дамығандығы;
S
таңбалық-символдық функциялары туралы түсінігінің болуы
жэне орнын басуға қабілеттілігі;
S баланың оқу іс-эрекеті элементтерін меңгеруі;
S еріктік жэне элеуметтік дамудың белгілі бір деңгейі;
^ өз тэртібін еркін басқаруы;
S мұғалімдермен
еркін
қарым-қатынас
түрін
орнату
құрбыларымен арақатынасын ретке келтіру.
Мектепте оқуға психологиялық дайын болу мэселелерін педагог-
тар, психологтар, дефектологтар: Л. И. Божович, Л. А. Венгер, А. Л.
Венгер, Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. Керн, Е. Е. Кравцова, Г. Г.
Кравцов, А. Р. Лурия, В. С. Мухина, С. Л. Рубинштейн, Е. О. Смирнова
жэне басқалары қарастырды. Психологиялық дайын болу баланы сы
нып ұжымына кіруге психологиялық алғышартты; оқу материалын са
налы, белсенді меңгеруді; мектептегі көптеген міндеттерді орындауды,
оқуға жауапты қарауды қамтамасыз етеді.
163
Балалардың мектепке жалпы мазмұнын анықтаудың эртүрлі
көзқарастарын қарастырайық.
П. И. Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөздігінде
мектепке дайын болуды дайындықтың мотивациялық, еріктік, ақыл-ой,
коммуникативтік жэне сөйлеу түрлерінің бірлігі ретінде қарастырады.
Мотивациялық дайындық - оқуға қоғамдық маңызды іс сияқты
қарау жэне білім алуға тырысу. Бұл компонентті дамытудың алғышарты
мектепке баруға жалпы құлшынысының, білуге құмарлығының болуы
деп көрсетеді.
Еріктік дайын болу - үлгіге сэйкес эрекет ету білігі жэне өзінің
нэтижесін эталонмен салыстыру арқылы бақылау жасау. Үлгі үлкеннің
эрекеті түрінде, ереже түрінде де болуы мүмкін.
Ақыл-ойдың
(интеллектуалдық)
дайын
болуы
-
таным
процестерінің дамуының жоғары деңгейіне жеткілікті қол жеткізу (са-
ралап қабылдау, еркін назар, мағыналық есте ұстау, көрнекі-бейнелік
ойлау, логикалық ойлауды меңгерудің бастапқы қадамдары).
Коммуникативтік дайын болу - үлкендермен ерікті-контекстік
қарым-қатынас жэне құрбыларымен кооперативтік-жарыстың болуы.
Сөйлеу дайындығы - тілдің
грамматикасы мен лексикасын
меңгеру, өз сөйлеген сөзін саналы түрде түсінудің белгілі бір дэрежесі,
сөйлеу формаларының (сыртқы, ішкі, диалогтық, монологтық) жэне
функцияларының (қарым-қатынас, жалпылау, жоспарлау, бағалау)
қалыптасуы.
Л. И. Божович мектепте оқуға дайын болу ойлау эрекетінің қандай
да бір деңгейінен, танымдық қызығушылықтан, өзінің танымдық іс-
эрекетін еркін реттеу жэне оқушының элеуметтік позициясына дайын
болудан тұрады деп көрсетеді. Л. И. Божович жалпы дайындықтың
екі аспектісін көрсетеді: тұлғалық жэне интеллектуалдық дайын болу.
Мұнда баланың психикалық дамуының баланың мектепте жақсы оқуына
неғұрлым маңызды эсер ететін бірнеше параметрлері қарастырылады.
В.
И. Логинова, П. Г. Саморукова, Г. М. Лямина, Л. А. Венгер, А. В.
Запорожец, Т. В. Тарунтаева баланың мектепке дайын болуын жалпы
жэне арнайы дайындықтың бірлігі деп қарастырады. Жалпы дайындық
құрылымында өз кезегінде бірқатар компоненттер анықталады:
психологиялық, физикалық, адамгершілік-еріктік, интеллектуалдық
дайын болу.
Н. В. Нижегородцева, В. Д. Шадриков баланың мектепте оқуға
жалпы дайын болу құрылымы физиологиялық (бала организмі
функционалдық жүйесінің даму деңгейімен, денсаулық жағдайымен
164
анықталады), элеуметтік (мектепте оқу жағдаяттарына байланы
сты қарым-қатынастың жаңа түрлеріне, қоршаған орта мен өзіне
көзқарастың жаңа түрлеріне дайын болу арқылы көрінетін - тұлғалық),
психологиялық дайын болуды (МОС-ның қалыптасуымен анықталады)
қамтиды деп көрсетеді.
Т. И. Бабаева мектепке дайын болуды эмоционалдық-мотивациялық
(мотивтер, сұраныс, мектепке эмоционалдық көзқарас) бірлігі арқылы,
мазмұндық-мағыналық (дүние туралы білімнің болуы, ой-өрісі,
құндылық түсініктері), операциялық-эрекеттік (біліктің, дағдылардың,
қабілеттің қалыптасқандығы), бақылау - реттеу (бағалауға қабілеттілік,
эрекетті коррекциялау, еріктілік, өзінділік, жауапкершілік) блоктар-
дан тұрады деп қарастырады. Петербург мектебінің көзқарасына Н.
Ф. Алиеваның, М. А. Галагузованың көзқарасы жақын, олар мектеп
ке дайын болудың құндылық-мотивациялық, мазмұндық-мағыналық,
қатынас-эрекеттік блоктарын анытап көрсетеді.
В. Г. Маралов мектепте оқуға дайын болудың үш блогын көрсетеді:
• морфофункционалдық даму блогы - физикалық даму жэне
денсаулық дэрежесі, дененің жас
пропорциясы, анализаторлардың
дамуы, физикалық сапаларының көріну дэрежесі, жүйке жүйесінің
типологиялық ерекшеліктері, сөйлеу жэне бұлшық ет аппараттарының
дамуы;
• интеллектуалдық даму блогы - қабылдау, ойлау, ес, елестету
жэне басқа танымдық процестердің қалыптасқандық дэрежесі;
• тұлғалық даму блогы - мотивациялық-эмоционалдық аясының,
баланың үлкендерге, құрбыларына, өзіне, қатынас жүйесі, жақсы оқу
үшін қажетті тұлғалық қасиеттерінің болуы.
Р. С. Буре мектепке дайын болудың маңызды компоненттері
адамгершілік-еріктік дайын болу, тұлғалық позиция жэне оқуға
құлқының болуы, жалпы адамгершілік тұрғыда тэрбиеленгендігі,
мұғаліммен сыйластық қарым-қатынас, құрбыларының ұжымына кіруге
ұмтылысы, олармен жағымды қарым-қатынаста болу деп есептейді.
Г. Гетцер, Э. Йирасек, А. Керн «дайын болу» жэне «мектеп жасына
толу» ұғымдарын теңестіреді. Мектеп жасына толу құрылымында олар
морфофункционалды (физикалық дамуды, денсаулығын), интеллек-
туалды (таным процестерінің дамығандығын, ойлау операцияларын),
эмоционалдық (еріктілігін, өзін-өзі реттеуін), элеуметтік (құрбыларымен
қарым-қатынас сұраныстарын, өз ісін балалар топтарының заңдарына
бағындыра білуін, оқушының рөлін орындау қабілетін) жетілгендікті
көрсетеді.
165
Н.
Н. Поддьяков мектепке жалпы дайын болуды балаларда
сөйлеу жэне таным іс-эрекетінің, тэртіп мэдениеті элементтерінің
қалыптасқандығымен, өзін-өзі тануға бағдарлануымен байланыстыра-
ды.
Сонымен, жалпы дайын болу құрылымына бірқатар компоненттер
кіреді екен, олар балаға жаңа элеуметтік ситуацияға кірігуге, жаңа іс-
эркект пен элеуметтік позицияға бейімделуге мүмкіндік береді.
Әртүрлі көзқарастарды талдай отырып, біз мектепке жалпы дайын
болу құрылымын түсінуде авторлық позицияны анықтадық. Біз оның
құрылымына физикалық, мотивациялық, интеллектуалдық, тұлғалық,
элеуметтік дайын болуды енгіздік.
Баланың мектепке дене дамуы жағынан дайын болуының жақсы
оқу үшін үлкен маңызы бар. Организмнің дайын болуы морфологиялық
жэне функционалдық дамуымен анықталады. Егер бала физикалық
тұрғыда элсіз болса, оған өз денесін ұстау күрделі болады, парта-
да отырғанда тез шаршайтындықтан сабақта жұмыс істеу қиынға
соғады. Жазуды меңгеру үшін бұлшық еттерінің ұсақ топтары дамуы
керек. Одан басқа балада бұлшық еттерінің ірі топтары да, жүгіргенде,
секіргенде, өрмелегенде, лақтырғанда жэне т.с.с. қозғалыс дағдылары
дамыған болуы тиіс.
Баланың мектепке келуімен байланысты өмір салтындағы
өзгерістер - күн тэртібінің өзгеруі, салауатты оқу, еңбегі, сабақтардың
ұзақтығы, үй тапсырмаларын орындау баладан эжептэуір күш-жігерді
талап етеді.
Мектепке дене дамуы
дайын болу көптеген компоненттерді
қамтиды:
• баланың жақсы денсаулығы;
• шыныққандығы;
• ағзасының белгілі бір төзімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі;
• ағзасының қарсы тұруының жоғары дэрежесі;
• баланың үйлесімді физикалық жэне жүйке-психикалық дамуы;
• баланың морфологиялық жэне физиологиялық дамуының жас
көрсеткіштеріне сэйкестігі;
• моторикасының жоғары даму деңгейі;
• баланың мэдени-гигиеналық дағдыларын меңгеруі;
• жеке гигиена ережелерін сақтау эдетінің қалыптасқандығы;
• мектеп жасына толуды қалыптастыру.
Интеллектуалды дайын болу деп баланың оқу эрекетіне көшуін
қамтамасыз ететін іштей ойлауының сэйкес деңгейін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |