Оқулық а лматы, 2012 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата19.10.2019
өлшемі2,78 Mb.
#50297
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Mektepte deyingi pedagogika Aralbaeva


186

10-ТАРАУ
ДАМ Ы ТУШ Ы  ОРТА Ж ӘНЕ О НЫ  М ЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 
М ЕКЕМ ЕДЕ ЖОБАЛАУ
Жоспар
10.1  «Орта», «дамытушы орта», «білім беру ортасы» ұғымдарының 
мазмұны.
10.2  Тұлғаны  дамытуда  жэне  мектеп  жасына дейінгі  баланың  іс- 
эрекетінде ортаның маңызы.
10.3 Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі дамытушы ортаның 
негізгі сипаттары.
10.4 Дамытушы ортаны жобалау. Мектеп жасына дейінгі бала үшін 
оны құру принциптері.
10.5  Мектепке  дейінгі  мекемеде  дамытушы  ортаны  құрудың  зама­
науи тұжырымдамалары.
10.6  Шетелдерде  мектеп  жасына  дейінгі  мекемеде  балаларды  да­
мыту ортасын  жобалау.
10.1  «Орта», «дамытуш ы орта», «білім  беру ортасы» 
ұғы м дары ны ң мазмұны
Заманауи  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  мектеп­
ке  дейінгі  мекемеде  мектепке  дейінгі  балалық  шақ  түсінігі  адамның 
өмірінің негізін қалаушы жэне басты кезеңі ретінде байланыстырылады; 
қарым-қатынасты гуманизациялау жүйесі «бала-қоршаған элем»;  білім 
беруді  мектепке дейінгі жастағы  баланың тұлғалық даму жағдайларын 
қамтамасыз етуге бағдарлау, олардың бұл сатыда жеке тэжірибе алуы.
Мектепке  дейін  білім  беруге  элеуметтік  сұраныс  пен  жүйенің 
бүгінгі  жайының  арасындағы,  мектепке  дейінгі  мекемедегі  қазіргі 
жағдай  мен  ол  жөніндегі  балалардың,  педагогтар  мен  ата-аналардың 
идеалды  түсінігінің  арасындағы  қайшылықтар  мамандарды  балалар­
ды  эртүрлі  іс-эрекет  субъектісі  ретінде  дамытуға  жетектейтін  мектеп- 
ке  дейін  білім  беруді  жүзеге  асыру технологияларын іздестіруге  себеп 
болды.
Бұл ізденістер контекстіндегі маңызды аспект мектепке дейінгі ме­
кемеде, жанұяда, бүтін социумда баланы дамыту ортасын оңтайландыру 
проблемасын  шешу  болып  табылады.  Баланы  дамытуға  эжептэуір
187

деңгейде  тұқым  уалаушылық,  орта,  тэрбие  жэне  басқа  да  факторлар 
эсер  етеді.  Дегенмен  бала  өмірінің  алғашқы  күнінен  бастап  қоршаған 
ортасы  ынталандырады,  тежейді  немесе  физикалық,  психикалық, 
элеуметтік, тұлғалық дамуы бейжай дэрежеде болады.
Психологтардың (Л.  С. Выготский, Д. Б. Эльконин, А. Н. Леонтьев, 
С.  Л.  Рубинштейн жэне т.б.) деректерінше,  орта адам дамуының күшті 
факторы  болып  табылады,  адамды  қоршаған  кеңістік,  индивидтің  да- 
муы мен ісінің  тікелей белсенділік аймағы деп қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық  сөздік  ортаға  мынадай  анықтама 
береді:  «Орта  -   адамды  қоршап  тұрған  жэне  онымен  организм  мен 
тұлға  ретінде  өзара  ықпалдастықта  болатын  жағдайлардың  жиы- 
ны».  Орта  ішкі  жэне  сыртқы  болып  бөлінеді.  Қоршаған  орта  -   адам­
ды қоршап тұрған ортаның түрі,  ол  физикалық жэне  элеуметтік болып 
бөлінеді. Ішкі орта организмнің күйімен анықталады жэне организмнің, 
жеке  тұлғаның  түрлі  жүйелерінің  өзара  тэуелділігінде  көрінеді.  П.  И. 
Пидкасистый,  тұлғаның  ортамен  өзара  эрекетінде  оның  өзгерістері 
ортаның өзгерістеріне тэуелді екендігін, тэрбие процесінде ескеруді та- 
лап ететіндей қайшылықтар туғызатынын атап көрсеткен.
Дамытушы орта дегеніміз не? Осы ұғымның мазмұнын ашайық.
В.  А.  Петровскийдің  анықтамасы  бойынша  дамытушы  орта -   ар­
найы ұйымдастырылған баланың өздігінен білім алуына жэне дамуына 
жағымды эсер етуге қабілетті баланы қоршаған кеңістік.
М.  Н.  Полякова  дамытушы  орта  -   табиғи,  өте  жайлы,  ыңғайлы, 
тиімді  ұйымдастырылған,  эртүрлі  сенсорлық  қоздырғыш  жэне  ойын 
материалдарымен толтырылған жағдай деп көрсетеді.
«Дамытушы  заттық  орта,  -  деп  көрсетеді  С.  Л.  Новоселова,  - 
бұл 
баланың  рухани  жэне  физикалық  бейнесінің  даму  мазмұнын 
функционалды  модельдейтін  іс-эрекетінің  материалдық  объектілер 
жүйесі.  Байытылған орта баланың түрлі  іс-эрекетін қамтамасыз  етудің 
элеуметтік жэне табиғи құралдарының бірлігін көздейді».  Бұл ортаның 
негізгі  элементтеріне  С.  Л.  Новоселова  архитектуралық-ландшафтық 
жэне  табиғи-экологиялық  объектілерді;  көркемдік  студияларды, 
ойын,  спорттық алаңдарды  жэне  олардың жабдықтарын;  ірі  габаритті, 
баланың бойына сай конструкторларды;  ойыншықтардың тақырыптық 
жиынтықтарын,  құралдарды;  оқыту  мен тэрбиелеудің  аудиовизуалдық 
жэне ақпараттық құралдарын жатқызды.
Р.  Б.  Стеркина баланы  дамыту  ортасын  материалдық-техникалық, 
санитарлық-гигиеналық,  эстетикалық,  эргономикалық  (эргономи­
ка  -   адам  іс-эрекетін  затта  жобалауды  қамтамасыз  ететін  жэне  жэне
188

оның  функционалдық  қасиеттері  туралы  ғылым)  кешені  ретінде 
қарастырады;  эргономиканың  деректерінің  негізінде  мектепке  дейін 
білім беру мекемесінде балалар мен үлкендердің өмірін ұйымдастыруды 
қамтамасыз 
ететін 
психологиялық-педагогикалық 
жағдайларды 
дизайнерлік жобалау жүзеге асырылады. Айтылған жағдайлар адамның 
өмірлік  сұранысын  қанағаттандыруға,  оның  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
етуге,  өмірі  мен  денсаулығын  қорғауға  бағытталған.  Одан  басқа  олар 
рухани жэне элеуметтік сұраныстарына -  танымдық, эстетикалық, жал­
пы мэдениеттік,  басқа адамдармен қарым-қатынастағы сұраныстарына 
бағдарланған.
В.  А.  Ясвин,  баланың  оқуы  мен  дамуына  ортаның  эсерін  тал- 
дай  келе,  «білім  беру  ортасы»  ұғымына  осы  біз  айтқан  пікірге  ұқсас 
түсінікке  келеді.  Ол:  «Білім  беру  ортасы  -   бұл тұлғаның  берілген үлгі 
бойынша  қалыптасуына эсер  мен жағдайлар,  сол  сияқты  оның  дамуы 
үшін  элеуметтік жэне  кеңістіктік заттық  ортада болатын  мүмкіндіктер 
жүйесі»  деп  жазды.  Бұл  анықтама  «дамытушы  орта»  ұғымымен 
мөлшерлес  келеді.  Бірақ  тұлғаның  элеуметтік  берілген  «үлгі  бойын­
ша»  даму  мағынасы  көбінесе  бұл  ортаға  енген  субъектінің  өзіндік 
даму  мағынасының  айырмашылықтарын  жояды.  Дамытушы  ортаның 
мағынасы оның баланың іс-эрекетін ынталандыруда, белсенділендіруде 
тұлғаға  заттардың,  ойыншықтардың,  жағдайдың  жэне  т.б.  қосалқы 
эсерінде.  Бұл  ортаның  мақсаты  (динамикалық,  белсенді,  тэрбиелеуші, 
үйретуші)  -   баланы  өзіне  тэн  іс-эрекетінің  субъектісі  ретінде  дамы­
ту,  айналасындағы  адамдармен  жэне  айналаны  танып  білу  үшін  өзін 
қоршап  тұрған  заттар  элемімен  өзара  ықпалдастық  субъектісі  ретінде 
дамыту.  Ол  эсердің  тура,  «көзге  ұрып  тұрған»  пайдасын  бермейді, 
жағдай  жасау  арқылы  түрлі  іс-эрекетті  жеделдендіреді.  Бұл  мектепке 
дейінгі  баланың  физикалық,  психикалық  жэне  тұлғалық  дамуы  үшін 
басты  шарт  болып  табылады.  П.  Ф.  Лесгафтың  зерттеулері  ортаның 
баланың  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  генетикалық  көрсеткіштерін 
реттейтін іргелі жүйелі фактор ретінде жүретіндігін көрсетті.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді белсенділендіру білім 
беру  мекемелері  мен  жанұяда  дамытушы  орта  құрудың  теориясы  мен 
практикасы  саласында  20  ғасырдың  60-шы  жылдарымен  байланысты. 
Әрине,  неғұрлым  ертерек кезеңде  оқытуды,  тэрбиелеуді  жэне  дамыту- 
ды  оңтайландыру  жағдайларын  негіздейтіндей  мектепке  дейінгі  педа- 
гогикада  зерттеулер  болған  жоқ  деу  қате  болар  еді  (К.  Д.  Ушинский, 
Е.  И.  Тихеева,  Е.  И.  Флерина,  Е.  В.  Водовозова,  Н.  К.  Крупская,  А.  В. 
Запорожец, А. П. Усова).
189

«Заттық-дамытушы  орта»  термині  педагогтардың  сөздігінде  20 
ғасырдың  80-ші  жылдарында  пайда  болды,  бірақ  зерттеу  проблемала­
ры  аясында одан элдеқайда ертеректеу жүргізіле  бастады.  1960 жылы 
мектепке  дейін  тэрбие  беру  ҒЗИ-ты  ашылды, 
1968  жылы  осында 
дидактикалық  құралдар,  ерте  жастағы  балаларға  (С.  Л.  Новоселова) 
жэне  мектепке  дейінгі  балаларға  (Н.  Н.  Поддьяков)  арналған 
ойыншықтар  жүйесі  жасалады.  Мектеп жасына дейінгі  балалар  үшін 
ойыншықтарды,  мебельдерді  жобалау  жұмысы  1970  жылдарда  мек­
тепке  дейінгі  тэрбие  ҒЗИ-ты  мен  БОҒЗИ-мен,  МВХПУ-дың  мебель 
кафедрасымен  жэне  т.б.  бірігіп  жалғастырылды.  Дамытушы  ортаның 
көрнекті  компоненттерімен  қатар  оны  отбасы  мен  мектепке  дейінгі 
мекемелерде  қалыптастырудың  жаңа  принциптері  жасалды  (Н.  Н. 
Поддьяков,  Л. А.  Парамонова,  С.  Л.  Новоселова, Н.  Т.  Гринявичене,  Е. 
В. Зворыгина).  1980-ші жылдардың екінші жартысында «Компьютерлік 
ойын кешенінің» тұжырымдамасы мен жүйесі құрылды. Мектепке дейін 
білім  беру  практикасына  енген  жаңа  ақпараттық  технологиялар  бұл 
жастағы  балалардың мүмкіндіктері  мен сұраныстарын зерттеуге  назар 
аударуды,  дамытушы  жүйе  ретінде  заттық  орта  құрудың  нұсқаларын 
іздестіру қажеттілігіне алып келді.
Еуропалық Батыста, Т.  В.  Фуряеваның деректері бойынша, заттық- 
дамытушы  орта  құрудың  жаңа  нұсқаларын  іздестіру  20  ғасырдың 
70-80  жылдарына  келеді.  Бірінші  іздестіру  моделі  профессорлар  Х. 
Эрлер  жэне  Л.  Эрлердің  инициативасымен  құрылған  «Иесвекан»  экс- 
перименталды  балабақшасы  болды.  Ол  кэсіптік  білім  алатын  студент- 
тер  үшін  педагогикалық  шеберхана  ретінде  құрылды.  Осы  мекемеде 
жасалған топтарды құру жэне балалар үшін басқа да орындарды жасау 
жөніндегі  көптеген  жаңалықтар  Германияның  жэне  басқа  да  Европа 
елдерінің балабақшаларының практикасында қолданыс тапты.  1980-ші 
жылдардың ортасында ғалымдар,  профессорлар  В.  Мальке, Н.  Шварте 
балабақшасын  барынша  кеңінен  жабдықтау  тұжырымдамасын  жаса- 
ды.  Бүгінде  дамытушы  ортаны  жобалағанда  батыс  мамандары  мына­
дай  идеядан  бастау  алады:  балабақша  -   балалардың  өмірлік  кеңістігі, 
онда аз  топтарда ойын үшін жағдай жасауды,  күн тэртібінде  қозғалыс 
белсенділігін  арттыруды,  белсенді  жағымды-эмоционалдық  көңіл-күй 
жасауды қамтамасыз ету қажет.
Мектепке  дейін  білім  берудегі  заманауи  жағдаяттар  мамандардың 
мектепке дейінгі жаста баланы дамыту ортасын құрудың маңыздылығын 
жеткілікті  түрде  түсінуімен  сипатталады,  оны  ұйымдастырудың  түрлі 
тэсілдері мен принциптері анықталған (О. Артамонова, С. Л. Новоселова,
190

В.  А.  Петровский,  Н.  Н.  Поддьяков,  М.  Н.  Полякова  жэне  т.б.).  20 
ғасырдың  90-шы  жылдарының  ортасында дамытушы  заттық  ортаның 
тұжырымдамасы жасалды, ол оны жасаудың маңыздылығын жэне мек­
тепке  дейінгі  балалық  шақтың  эртүрлі  жас  кезеңдері  үшін  жобалау 
мүмкіндіктерін  негіздеді.  Бұл  бағыттағы  ғылыми ұсыныстар  мектепке 
дейінгі  білім  беру  мекемелері,  жанұя жэне  тұлғаны  элеуметтендірудің 
басқа  да  институттары  жағдайында  бұл  проблеманың  практикалық 
шешу жолдарын іздестіруді  өзекті мэселе етіп қойды.
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамытуда  заттық  ортаның 
маңыздылығын көрсетейік, сол сияқты эртүрлі авторлардың анықтаған 
қажетті сипаттамалары мен принциптеріне тоқталайық.
10.2 Тұлғаны  дамытуда және мектеп ж асы на дейінгі баланы ң іс- 
әрекетінде ортаны ң маңы зы
Педагогика  мен  психологияда  дамытушы  ортаның  эсеріндегі 
адам  танымдық  жэне  тұлғалық  дамудың  жоғары  деңгейін  меңгереді 
деген  сөзсіз  қағида  бар.  Толыққанды  үйлесімді  даму  үшін  балалар 
үлкендердің  назарының,  мейірімді  жэне  мазмұнды  қарым-қатынастың 
қажеттілігіне  мұқтаж  болып  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  баланың 
алған  тэжірибесін  бекітуді  қамтамасыз  ететіндей  заттық  ортаны  да 
қажет етеді.  Әрбір іс-эрекет қандай да бір сұранысты қанағаттандыруға 
қызмет етеді (өмірлік, танымдық, қоғамдық). Бұл үшін балаға қызықты 
мақсаты бар объектілер керек (бас қатыру ойындары, кедергілер жолағы, 
компьютерлік  дидактикалық  бағдарлама  жэне  т.с.с.).  «Дамытушы 
орталардың  басты  белгісі  оның  проблемалылығы  болып  табылады»,
-  деп  көрсетеді  С.  Л.  Новоселова.  Бала  орта  объектілерімен  жұмыс 
істейді,  бірқатар  практикалық міндеттерді  қояды жэне  шешеді.  Жақсы 
дамытушы  ортада  бірден  табылмайтын  ақпараттар  толық  болмайды, 
баладан ізденісті, шығармашылық белсенділікті талап етеді. Даму орта­
сы жүйелі болуы керек, яғни балалардың жасына, іс-эрекет мазмұнына, 
тэрбиелеу  жэне  оқыту  мақсаттарына,  жобалық  мэдениеттің  негізгі 
принциптеріне сай болуы керек.
Арнайы  ұйымдастырылған  орта  іс-эрекетке  белсенділік  эсерін 
көрсетуге, өздігінен оқуға ықпал етуге, түрлі іс-эрекет субъектісі ретінде 
баланың  қалыптасуын жетілдіруге,  аяғынан тұруды  қамтамасыз  етуге, 
өз  іс-қимылын  еркін  таңдай  жэне  бағыттай  білуге  қабілетті.  Мұндай 
орта өз элеуетін көрсетіп бағалай білуге мүмкіндік береді, мақсаттылық 
пен  бағыттылықты,  жинақылықты,  өз  ісі  мен  эрекетінің  нэтижелері
191

үшін жауапкершілікті қалыптастырады, шығармашылық қабілетті аша- 
ды, дамудың қазіргі сэтіндегі мүдделер мен сұраныстарға қарай эрекет 
етуге  мүмкіндік  туғызады.  Түрлі  іс-эрекеттерге  қатыстыру,  түрлі  ма- 
териалдармен  таныстыру,  өз  инициативасымен  бос  кезінде,  педагог 
шектемеген  уақыт  көптеген  тэртіптік  проблемаларды  шешеді,  жанұя 
мен  балаға  мектепке  дейінгі  мекемеде  уақытының  мазмұнды  өтуіне 
кепілдік береді.
Сонымен,  орта  тұлғаның  қалыптасуы  мен  дамуының,  сол  сияқты 
оған  тэн  іс-эрекет  түрлерінің  қозғаушы  күші  рөлін  атқарады.  Ол 
қабілеттің,  мектеп жасына дейінгі  баланың субъективтік қасиеттерінің 
жан-жақты  қалыптасуына  ықпал  етеді,  оның  даралығын  көрсетеді, 
белсенділік түрлерін жеделдетеді, топта жағдайлы психологиялық аху- 
ал  туғызады.  Дамудың  лайықты  ортасының  болуы  мектепке  дейінгі 
білім  берудің тұлғалық-бағдарлық моделінің  қажетті  шарты  болып та­
былады.
10.3 М ектепке дейінгі білім  беру мекемесіндегі дамытуш ы 
ортаның негізгі сипаттары
Заманауи мектепке  дейін білім  беру  мекемесі,  егер  олар  бұл  саты- 
да  мамандардың  жұмысын  реттейтін  негізгі  нормативтік  құжаттарға 
қайшы  келмесе,  білім  беру  бағдарламаларын  таңдауда,  балаларды  да­
мыту  жағдайын  жасағуда  ерікті.  Сонымен  бірге  балалардың  сапалы 
білімге құқығын қамтамасыз ету үшін дамытушы ортаның негізгі сипат- 
тарын  анықтау  қажет,  олар  мектепке  дейінгі  мекеменің педагогикалық 
ұжымының  жеке  даралығына  жэне  оны  «идеалды»  мектепке  дейінгі 
мекеме деген түсінікке қарамастан қарастырылуы керек.
М.  Н.  Полякова  «Балалық  шақ»  бағдарламасын  жасаушылар 
тұрғысынан мынадай сипаттарды бөліп көрсетеді.
Жагдайдың жайлылыгы мен қауіпсіздігі.
Қамтамасыз  ету  жолдары:  үй  жағдайының  тиімділігі;  балалардың 
белсенділігі  аумақтарының  арасындағы  шекараны  болдырмау  (ойын, 
оқу,  театралдық);  кеңістікті  балалардың  өзінің  өзгерту  мүмкіндігі; 
баланың іс-эрекет үшін орын таңдау мүмкіндігі; орынды түрлі жарықпен 
безендіру; жайлы орналасу үшін кілем жапқыштардың болуы жэне ды- 
бысты  сіңіру;  балалардың  басқа  бөлмелерде  өздігінен  жұмыс  жасауы 
үшін орын дайындау  (ұйықтайтын бөлмеде,  қабылдау бөлмесінде,  сту- 
дияларда, кітапханада).
192

Сенсорлық әсерлердің байлығын қамтамасыз ету.
Қамтамасыз 
ету 
жолдары: 
түстің, 
түрдің, 
шамасының, 
материалының көптүрлілігін бейнелейтін заттарды іріктеу.  Бұл контек­
сте  тұрмыстық заттар,  табиғи заттар, жай материал,  ойын үшін табиғи 
заттар, костюмдер, түрлі бағыттағы конструкторлар болуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік даралық іс-әрекетін 
қамтамасыз ету.
Қамтамасыз  ету  жолдары:  кеңістікті  баланың  ортаға  кіруіне 
мүмкіндік  беретін  арнайы  іріктелген  материалмен  толтыру,  эртүрлі 
эрекетті, 
материалдарды  таңдау,  қызықты  объектінің  айналасы- 
на  басқа  балалармен  жэне  педагогпен  бірігу.  Мұның  нэтижесі  іспен 
шұғылданғандық,  берілгендік,  ұйымдасқандық,  шығармашылдық  ат- 
мосферасын туғызу.
Зерттеу, үйрету мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Қамтамасыз  ету  жолдары:  заттармен  эксперимент  жасау  үшін,  өз 
бетімен  жэне  педагогтың  жетекшілігімен  тэжірибе  қою  үшін  жағдай 
жасау,  осылар  арқылы  эртүрлі  жағдайда  заттардың  қасиеттерін,  са- 
пасын,  ерекшеліктерін  танып  білу;  орта  объектілерінің  ішіндегі  жэне 
инициативаны  дамытушы  проблемалық  элементтердің  болуы,  таным 
процестері, шығармашылық іс-эрекет тэжірибесі.
Топтағы  барлық  балалардың  таным  іс-әрекетіне  қатысу 
мүмкіндіктері.
Қамтамасыз 
ету 
жолдары: 
толық  жэне 
балалардың  жас 
ерекшеліктеріне,  білім  беру  процесінің  мақсаттары  мен  міндеттеріне 
жэне  басқа  да  факторларға  қарай  өзгертіліп  отыратын  жеткілікті 
мөлшерде түрлі заттық материалдардың, белсенділік зонасының болуы 
(ойын, қозғалғыш, танымдық, көркемдік, еңбек).
Топта дамыту ортасын жасағанда педагог мыналарды орындауы тиіс:
•  нақты 
түсінген 
тұжырымдамалық 
психологиялық- 
педагогикалық  идеяларға  сүйену,  дамытушы  орта  компоненттерін 
қалыптастырудың заманауи тұжырымдамаларын білу;
•  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тэрбиелеудің 
эдістемесін меңгеру;
•  мектепке дейінгі мекемедегі қазіргі қолданыстағы  дамыту орта- 
сына,  оның  негізгі  мақсаттарына,  мазмұнына,  жетекші түрлеріне  жэне 
оқыту  мен  тэрбиелеу  эдістеріне  сэйкес  белгілі  бір  талаптар  қоятын 
білім беру бағдарламасын ескеру;
•  балалардың  жас  жэне  жеке  ерекшеліктері  мүмкіндіктеріне, 
бейіміне, даму деңгейіне қарай бағдарлау;
193
13-7463

•  өздерінің қабілеттерін, бейімін, мүддесін пайдалану;
•  топ  ортасын  жобалағанда  жэне  құрғанда  балалар  мен  ата- 
аналардың мүмкіндіктерін жэне талап-тілектерін қарастыру.
Ортаның  ұсынылған  сипаттарының  болуы  оны  жобалағанда 
педагогтың  еркіндігі  мен  шығармашылдығын  шектемейді,  мектепке 
дейінгі  мекеме  бейнесін  жасауда  бағдар  болады,  бұл  процесс  негізгі 
тұжырымдамалық позицияларды анықтайды.
10.4 Дамы туш ы  ортаны  жобалау. М ектеп ж асы на дейінгі  бала 
үшін оны құру принциптері
Педагогикалық жоба -   бұл жоспарланатын жэне  іске  асырылатын 
амалдардың,  белгілі  бір  мақсаттарға  жету  үшін  қажетті  шарттар  мен 
құралдардың жүйесі.  Мектепке дейін білім беру жүйесін жобалағанда 
мамандар  оларға,  білім  беру  бағдарламасының  педагогтарының 
біліктілігіне  мемлекеттік  нормативтік  талаптарды  ғана  қоймай,  со- 
нымен  бірге  мектепке  дейінгі  мекемеде  тэрбиеленушіні  қоршаған 
ортаның  қажетті  сипаттарын  анықтайды.  Ортаны  жобалау  алдында 
бала  тұлғасын  жобалау  -   орта  білімнің  бастауыш  кезеңіне  көшкенде 
оның  дамуының  қажетті  нэтижесін  жобалау.  Мектеп  жасына  дейінгі 
бала  тұлғасын  педагогикалық  жобалау  -   уақытты,  оның  жас  жэне 
жеке  мүмкіндіктерін,  жанұя  мен  мектепке  дейінгі  мекемедегі  нақты 
жағдайларды  ескере  отырып,  оны  дамытудың  мүмкін  болатын 
нұсқасын суреттеу жэне жасау.
Дамытушы  орта  жобасы  мектепке  дейін  білім  беру  жүйесінің 
элеуметтік  сұранысын  ескере  отырып  жасалады,  қарастырылып 
отырған  сатыдағы  мемлекеттік  стандартқа  сүйенеді,  аймақтық, 
ұлттық,  мэдени,  климаттық  жағдайларға  қарай  нақтыланады.  Орта 
оның  тұлғаға  тэрбиелеушілік,  оқытушылық,  дамытушылық  жэне 
баланың  іс-эрекетіне  эсері  тұрғысынан  қарастырылады.  Мектепке 
дейінгі  мекеменің  дамытушы  ортасына  мектепке  дейінгі  мекеме- 
де  қабылданған  білім  беру  бағдарламасының  талаптары  ерекшелік 
береді.  Ондағы  қойылған мақсаттар,  міндеттер,  ұсынылатын балалар­
мен  жұмыс  мазмұны,  түрлері  жэне  эдістері  оны  тиімді  түрде  жүзеге 
асырудың қажетті (өзіне тэн) шарттарын анықтайды.
Сонымен  бірге,  мектепке  дейінгі  мекеменің  ерекшелігіне 
қарамастан  мектепке  дейін  білім  берудің  жалпы  міндетті  стандар- 
тында  белгіленген  мектепке  дейінгі  барлық  мекемелер  орындауға 
міндетті баланың даму ортасына қойылатын талаптардың нормативтік
194

құжаттар  кешені  бар.  Онда  «балабақша  орнын  жэне  алаңын  заттық- 
кеңістіктік  ұйымдастыру  баланың  мүддесі  мен  сұранысына,  ал  оның 
элементтері  (жабдығы,  ойындар,  ойыншықтар,  дидактикалық  ма­
териал)  -   оның  дамуына  қызмет  етуі  тиіс»  деп  атап  көрсетілген. 
Топтық  орындардың  құрылымы  балаға  ойынға  жэне  ойыншықтарға, 
материалдарға  еркін  қолы  жетуін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Кеңістіктің 
жабдықталуы  мен  ұйымдастырылуы  балалардың  уақытпен  шек- 
телмеген  қозғалыс  белсенділігі  мүмкіндіктерін  қарастыруы  керек, 
баланың  біріккен  жэне  жеке  іс-эрекетіндегі  сұранысты  қамтамасыз 
етуі  тиіс.  Ойын  бұрыштарының  жиі  өзгеруімен  қатар  іс-эрекеттің 
басқа  түрлері  үшін  де  орын  алаңын  жасау,  зат-орынбасарлар  ретінде 
пайдалануға  болатындай  табиғи  материалдармен  толықтыру 
керек. 
Материалдар балалардың жасына сай болуы тиіс, білім беруге замана- 
уи  талаптарды  ескеріп  толықтырылуы  керек.  Мектепке  дейінгі  меке­
меде  педагогикалық процесте  көптеген  функциялар  орындайтын ком- 
пьютерлер  басым орын алуы  қажет.  Мектепке  дейінгі  мекеме  ортасын 
үй  жағдайына  жақындастыру  балалардың  эмоционалдық  жайының 
жақсы  болуына  ықпал  етеді,  оларда  сенімділік  жэне  қорғалғандық 
сезімі ұялайды.
Мектепке 
дейінгі 
мекемелерді 
аттестациялау 
мен 
аккредитациялағанда  даму  ортасын  бағалай  отырып,  сараптау  ко- 
миссиясы  «Мектепке  дейінгі  мекемедегі  материалдық-техникалық 
жэне  балалардың  медициналық-элеуметтік  жағдайларын  бағалау 
критериилеріне» 
сүйенеді. 
Критерийлер 
екі 
блокқа  бөлінген. 
Бірінші  блок  3  жасқа  дейінгі  бала  үшін  дамытушы  ортаны  бағалау 
критерийлерін  құрайды,  екінші  блок  3  жастан  7  жасқа  дейінгі  бала 
үшін дамытушы ортаның критерийлерін қамтиды.
Мектепке  дейінгі  мекмелердің  дамытушы  ортасын  жобалау 
бағдары  ретінде  оны  құру  принциптері  де  жүреді.  Мектепке  дейінгі 
педагогикада  оған  анықтама  беруде,  идеялық  тұрғыда  негіздеуде 
жэне  практикаға  енгізуде  эртүрлі  көзқарастар  бар.  В.  А.  Петровский 
мен  М.  Н.  Полякова ұсынған  принциптер  мазмұнын  анықтаудағы  екі 
көзқарасты көрсетейік.
Д ам ы туш ы   ортаны  құру принциптері.
Д ам ы туш ы   ортаны   құру  принциптерінің  мазмұны  (В.  А.
Петровский)
Д ам ы туш ы   ортаны   құру  принциптерінің  мазмұны  (М.  Н.
Полякова)
195

1.  Арақаш ықт ық  принципі  -   үлкендер  мен  баланың  өзара 
әрекетіндегі  позициялар:
- қарым-қатынастағы серіктестік;
- оңашалану мүмкіндігі.
2.  Белсенділік,  өзінділік және шыгармашылдық принциптері:
- балалар іс-эрекетінің өзіндігі мен шығармашылдығы үшін жағдай;
- баланың іс-эрекет нэтижелерін сыйлау.
3. 
Тұрақтылық 
принципі 
-  
қоршаған 
кеңістіктің 
динамикалылығы:  топтық  орындарда  ортаны  жайлы  етіп  өзгерту 
мүмкіндігі.
4. Комплексиялау және ыңгайлы аймаққа бөлу принциптері:
- белсенділіктің қиылыспайтын сферасын құру;
- функционалды орындар дайындауды ұйымдастыру
5.  Әр  бала  мен  үлкен  адамның  эмоционалдық  жагдайының 
жақсы  болу  принципі:  оңашалану  бұрыштары,  эр  бала  үшін  жеке 
кеңістік.
6.  Ортаны  эстетикалық  тұрғыда  ұйымдастыруда  үйреншікті 
және ерекше  элементтерді үйлестіру принципі:  өнердің эр түрінде 
эстетика санаттарын үйлестіру.
7.  Әр балага  ортаның  ашыңтың-жабықтық принципі:  қоғамға, 
табиғатқа, мэдениетке,  өзінің  «Мен»-іне ашықтық.
8.  Ортаның  компоненттерін  қалыптастырганда  және  оны 
толтырғанда  ж ыныстық  және  жас  айырмашылықтарын  ескеру 
принципі.
1.  Баланың  сұранысына  сыйластық  принциптері  (қозғалыстағы, 
қарым-қатынастағы, танымдық, қолдаудағы, өз беттілігіндегі сұраныс):
- еркін кеңістіктің болуы;
- жабдықтың қолжетімділігі жэне оның көптүрлілігі;
- топтық орындардың аймақтарға икемді  (қатаң емес)  бөлінуі.
2. Баланың пікіріне сыйластықпен қарау принципі: ортаны құрғанда, 
оны  өзгерткенде,  байытқанда  балалардың  пікірлнрі  мен ұсыныстарын 
ескеру.
3.  Заттық-кеңістіктік ортаның функционалдылық принциптері:
-  балалар  талап  еткен  жэне  эртүрлі  дамытушы  функциялар  орын- 
дайтын материалдар мен жабдықтарды жинақтау;

уақыттың 
ағымына 
сэйкес 
материалдардың 
өзара 
ауыстырылымдығы;

құралдар  көпфункционалды,  комбинаторлық,  нұсқалы  болуы 
тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет