176
ата-аналарының мектепке дейінгі мекемеге барған, балабақшада
мектепте сабақтарда арнайы дайындалған балалардың ата-анала-
рына қарағанда эрқашан мамандармен кеңесуге мүмкіндіндігі бола
бермейді де, оқу-тэрбие процесін өзінше құрады. Дайындау кезінде
олар басты назарды арнайы дайындықты қалыптастыру жағына (оқи
білу, жаза білу жэне т.с.с.) аударады да, ал өзінділік, тиянақтылық,
жауапкершілік, жинақылық сияқты қасиеттерді тэрбиелеуге аса бір
үлкен маңыз бермейді. Ойлау, адамгершілік, еріктік, эстетикалық
жэне дене даму дайындығын қалыптастыруға аз көңіл аударылады.
Балалардың мотивациялық, оқу білігі мен қасиеттерінің қалыптасуында
қайшылықтар байқалады. Дегенмен барлық ата-аналар балаларды мек
тепке дайындау проблемасына кездеседі, бірақ бэрі бірдей оны шеше
алмайды.
Қазіргі кездің жанұясы жағдайында баланы мектепке дайындау-
ды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар үшін кешенді материалдар мен
ұсыныстардың жеткіліксіздігі байқалады, соның салдарынан мектеп
ке дейінгі мекемеге бармаған балаларды мектепке дайындау мэселесі
туындайды. Қолда бар ата-аналарға арналған құралдардың кешенді
сипаты жоқ, балаларды мектепке дайындаудың жекелеген тұстарын
ғана қарастырады, ол ата-аналарға тұтас процесті көруге мүмкіндік
бермейді.
Баланы отбасы жағдайында мектепке дайындау аса қажет. Оның
жемісті болуы бірқатар ұйымдастырущылық-педагогикалық шарттар-
ды орыдауды қарастырады.
Басты шарты - баланың отбасы мүшелерімен тұрақты бірлестігі.
Баланың қиыншылықтарды жеңе білуін қалыптастыру. Баланы
бастаған ісін міндетті түрде аяқтауға үйрету қажет. Көптеген ата-аналар
баланың оқуға қаншалықты құлықты екенін түсінеді, сондықтан оған
мектеп туралы, мұғалім мен мектепте алатын білім туралы айтып береді.
Осының бэрі мектеп туралы жағымды көзқарас туғызады. Ары қарай
баланы оқудың оңай емес екендігі жөнінде дайындық жүргізеді. Бұл
қиындықтарды жеңуге болатындығын түсіну баланың сэтсіздіктерді
дұрыс түсінуіне себеп болады.
Үлкендер
баланың
сабақтарын,
ойынын,
шамасы
келетін
жұмыстарды жэне басқа да іс-эрекеттерін басқаруы, мадақтауы
ұйымдастыруы тиіс. Ата-аналар баланы мектепке дайындауда баланың
жеке өзіндік іс-эрекетінің маңызды екендігін түсінуі керек. Сондықтан
баланы мектепке оқуға дайындаудың рөлін тек сөзбен нұсқау беру
дэрежесінде түсінбеу қажет.
177
12-7463
Баланы мектепке дайындаудың жэне жан-жақты дамытудың тағы бір
қажетті шарты, М. М. Безрукихтің пікірінше, жетістікке жету. Үлкендер
балаларға міндетті түрде жетістікке жететіндей іс-эрекет жағдайын жа-
сауы керек. Бірақ жетістік шынайы, мақтау - оған тұрарлықтай болуы
тиіс.
Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке дайындауда эмоционалдық-
еріктік сфераны байыту, сезімді тэрбиелеу, жаңа жағдайға бейімделе
білуі ерекше орын алады. Өзіндік сананың өсуі өзін-өзі бағалауда айқын
көрінеді, яғни бала өзінің жетістіктерін басқалардың бағалауына қарай
отырып, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін қалай бағалайтындығын
көрсетеді. Бұл мектепке психологиялық дайын болу көрсеткіштерінің
бірі болып табылады. Өзін-өзі дұрыс бағалаудың негізінде соған сэйкес
мадақтау жэне ескертулер жасау көзқарасы қалыптасады.
Таным
қызығушылығын
қалыптастыру,
іс-эрекетті
жэне
эмоционалдық-еріктік сфераны байыту - мектеп жасына дейінгі
балалардың белгілі бір білімді, білікті, дағдыларды жақсы меңгеруінің
алғышарттары болып табылады. Өз кезегінде, қабылдауды, ойлауды,
есті дамыту баланың білім алу тэсілін қалай меңгергендігіне, оның
қызығушылығының бағытталғандығына, жүріс-тұрысының еркіндігіне
байланысты.
Баланы мектепке дайындағанда ата-аналар оны салыстыруға,
қорытынды жасауға жэне жалпылауға үйретеді. Ол үшін бала оқып
берген
кітапты, үлкендердің эңгімесін мұқият тыңдауға, өз ойын
дұрыс жэне жүйелі айтып беруге, сөйлемді сауатты құруға үйренуі
тиіс. Оқығаннан кейін баланың қалай түсінгендігін анықтау керек. Бұл
оқығанын талдауға, баланы адамгершілікке тэрбиелеуге, сонымен бірге
қисынды жүйелі сөйлеуге үйретеді, сөздік қорында жаңа сөздер болу-
ын қамтамасыз етеді. Балалардың сөйлеу мэдениетін қалыптастыруда
ата-аналардың өнегесінің маңызы үлкен. Ата-аналардың күшімен жэне
олардың көмегінің нэтижесінде бала дұрыс сөйлеуге үйренеді, яғни ол
мектепте оқуға, жазуға дайын.
Мектепке келген баланың эстетикалық талғамын дамыту керек, бұл
жерде ең басты рөл отбасына тиесілі. Эстетикалық талғам баланың на-
зарын күнделікті өмір құбылыстарына, айналадағы тұрмыстық заттарға
аудару процесінде де дамиды.
Отбасында ойын эрекеттерін дамыту мен жетілдіруге ықпал ету
қажет. Баланың ойлауы мен сөйлеуінің дамуы көбінесе ойынның даму
деңгейіне байланысты. Ойында орын басу процесі дамиды, бала оны-
мен мектепте математиканы, тілді оқығанда кездеседі. Бала ойнай жүріп
178
өз эрекеттерін жоспарлауға үйренеді, бұл келешекте оқу іс-эрекетін
жоспарлауға көмектеседі.
Сурет салу, жабыстыру, қию, құрастыруды білуі керек. Осыларды
жасау арқылы бала өз эсерін, эмоционалдық күйін бейнелей отырып,
шығармашылығынан қуаныш алады. Сурет салу, құрастыру, жабыстыру
баланы айналасындағы заттарды көре білуге, талдауға, олардың түрін,
түсін, пішінін, шамасын, бөліктерінің қатынастарын дұрыс қабылдауға
көмектеседі. Бұл бір мезгілде баланы жүйелі іс-қимыл жасауға, өз
ісін жоспарлауға, олардың нэтижелерін берілгенімен салыстыруға
мүмкіндік береді. Барлық осы білік мектепте аса қажет болады.
Баланы оқытып тэрбиелей отырып, сабақты көңілсіз, жағымсыз, ата-
аналардың балаға мэжбүрлеуі жэне баланың өзіне де керексіз эрекетке
айналдырмау керек. Ата-аналармен қарым-қатынас, оның ішінде
бірлескен жұмыс балаға лэззат жэне қуаныш экелуі тиіс, танымдық
белсенділігін арттыруы, оқу-танымдық мотивация қалыптастыруы
қажет.
Баланың ақыл-ойына артық жүк түсіруден қорқатын ата-аналар
дұрыс жасамайды. Сол сияқты, баланың санасына көп мөлшердегі
эртүрлі жэне жасына сай келмейтін «ақылды» деректермен салмақ
түсіру де дұрыс емес. Ата-аналар бала жыл сайын дамиды деп
есептейді. Тексергенде олардың жеңіл, үстірт, шашыраңқы, ал кітап
кейіпкерлері жөнінде үлкендерден естігендерін айтады. Тіпті өмірлік
жағдаяттарда бэрін білгіш сияқтанып көрініп, үлкендерден естіген
дайын сөздерін мағынасын түсінбей қайталай береді. Баланың білуге
құштарлығын алғашқы күннен бастап байқап жэне оларға түсінікті де-
ректер арқылы мектеп «ертеңіне» дайындаған ата-аналар дұрыс жасай
ды. Балаларын тэрбиелей бастағанда, олар негізінен болашақ мектеп
оқушысын дайындай бастайды: оның алдыңғы жинақтаған тэжірибесі
оқудың жемістілігін анықтайды.
Баланы мектепке дайындау - бұл тек қана белгілі бір түсініктер санын
қамтамасыз ету емес, оның оқуға психологиялық дайындығын - жаңаны
білуге ынтасы мен сұранысын, еңбексүйгіштігін, тиянақтылығын, наза-
рын, есін, логикалық ойлауын, ерік күші қабілетін қалыптастыру. Ал
бұл арнайы сабақтар жолымен ғана емес, айналадағы өмірмен танысу
нэтижесінде - ойындарда, еңбекте, үлкендермен жэне құрбыларымен
қарым-қатынаста қалыптасады. Мектепке дайындау кешенді жұмысты
талап етеді: өсіп келе жатқан ақыл-ой белсенділігі есебінен баланың
«ақылды» болуына, қол жетімді білімнің белгілі бір қорын, сол сияқты
алған психологиялық қасиеттерін жинақтауға көмектесу керек.
179
Заманауи отбасы баланы мектепке дайындауға толыққанды
жауапкершілікке дайын емес, себебі ол педагогикалық сауаттылықтың
тиісті деңгейін жеткілікті меңгермеген. Мектепке оқуға дайындаудың
оқу, жазу, санаудан басқа да көптеген түрлері болатындығын кез кел
ген ата-ана біле бермейді. Бүгінгі күнде біздің елімізде балаларды
дамытудың көптеген орталықтары бар, мектепке дейінгі мекемелер
жанынан қысқа мерзімді топтар, мини-орталықтар, мектептер жа-
нынан дайындық курстары жэне басқа да мекемелер ашылып жатыр,
онда баланы мектепке дайындаумен мамандар айналысады. Бірақ,
біздің пікірімізше, ата-аналар баланы мектепке дайындауды тұтас
педагогтарға жүктеп қоймаулары керек. Баланы мектепке дайындауды
неғұрлым толыққанды қамтамасыз ету үшін жұмыс екіжақты жүруі
тиіс.
Сонымен, мектепке дейінгі балалық шақта баланың дамытуда
үлкендердің эрекетінің рөлі үлкен. Ол балаларға элеуметтік тэжірибені
жеткізуші функциясын орындайды. Баланың мектепте оқуы оны мек
тепке дайындау процесін ұйымдастырудағы үлкендердің мотивациясы
мен дайындығына байланысты.
Отбасы жағдайында баланы мектепке дайындауда ата-аналардың
қиыншылықтарын, сол сияқты бұл дайындықтың мақсаттары мен
міндеттерін, баланы мектепте оқуға дайында түрлерін талдай келе, Т. И.
Бабаева, Т. А. Березина отбасында жүзеге асырылуға қажетті бірқатар
міндеттерді көрсетеді. Ол функциялар мыналар:
Баланы мектепке дайындаудағы отбасының мотивациялық функци-
ясы -мектепте оқуға, жаңаны білуге, адам өміріндегі мектепте оқудың
маңыздылығын түсінуге баланың мотивациясы. Бұл баланың мектеп,
мұғалім, оқу эрекеті, оның элеуметтік рөлін білу негізінде болады.
Отбасының интеллектуалдық функциясының мэні балаларға
қоршаған орта жөнінде қандай да бір білім жүйесін беру: тыңдауға,
жауап беруге, қорытынды жасауға, сұрақтар беруге, объектілерді
салыстыруға, оларды жіктеуге, олардың ерекше белгілерін анықтай
білуге, нұсқауға сэйкес жэне өз ойынша эрекет жасауға үйрету; та
ным процестерін дамыту (қабылдау, ойлау, елестету, еске ұстау). Бұл
құраушылардың барлығы мектеп жасына дейінгі баланың мектепте
оқуға дайындау компоненттері болып табылады.
Жанұяның элеуметтік функциясы баланы үлкендермен жэне
құрбыларымен қарым-қатынас жасауға, тэртіп нормалары мен
ережелерін саналы түрде түсінуге, балалар тобының мүддесі мен салт-
тарына бағыну білігін қалыптастыруға, басқалармен бірігіп жұмыс істей
180
білуге, мектеп үшін қажетті тұлғалық қасиеттерін көрсетуге (мақсатқа
жетуге ұмтылушылық, табандылық, жауапкершілік, өзбеттілік) үйрету.
Жанұяның ұйымдастырушылық функциясы баланы мектепке дай-
ындау процесі, педагогикалық эдебиеттерге, диагностика нэтижелеріне
сүйене отырып өз эрекеттерін жүйелеу; баланы мектепке дайындауға
көмектесетін білім беру мекемесін, консультациялық орталықты тандау.
Баланы мектепке дайындаудағы отбасының өзіндік білім алу
функциясы балаларды мектепке дайындауда ата-аналардың негізгі
психологиялық-педагогикалықбілімді жэнедайындаудыңэртүрлерінда-
мытуды бағалау эдістемелерін (адамгершілік-еріктік, интеллектуалдық,
физикалық, психологиялық, сөйлеу) өздігінен меңгеруі; ата-аналардың
өздігінен педагогикалық білім алуы балаларды мектепке дайындау са-
пасын арттыруға, оның жан-жақты бағытталуына ықпал етеді.
Балаларды мектепке дайындау процесінде ата-аналар саналы түрде,
ал кейде көбінесе, ситуациялық жағдайда, жоғарыда аталған функци-
яларды жүзеге асырады. Бірақ баланы мектепке жүйелі түрде дайын-
дайтын қосымша білім беретін басқа да мекемелердің бар екендігін
ұмытпау керек (балаларды дамыту орталықтары, мектептердегі
дайындық сыныптары, мини-орталықтар). Олар да белгілі бір функ-
цияларды орындайды: балаларды мектепте оқу мотивациясын, оның
барлық компоненттерін қалыптастырады, (оқу, танымдық, элеуметтік);
интеллектуалдық функциясын - қоршаған орта туралы білім береді, та
ным процестерін дамытады.
Анықталған функцияларға сэйкес жанұяда мектеп жасына дейінгі
ересек балаларды мектепке дайындау процесін ұйымдастыру пробле-
масын шешу үшін ата-аналар үшін мынадай педагогикалық ұсыныстар
жасауға болады.
Мотивациялық функцяларды жүзеге асыру барысында:
• мектеп туралы, мектепте сабақтағы тэртіп ережелері, сабақтың
өзі туралы, мектеп құрал-жабдықтары туралы айтып беріңіз;
• баланы мектепке саяхатқа апарыңыз (мүмкіндігінше өз баратын
мектепке), мүмкін болса болашақ мұғалімімен таныстырыңыз;
• баланың мектеп оқушысы ретіндегі жаңа элеуметтік позицияны
қабылдауына дайындығын қалыптастырыңыз;
• оқу-маңызды қасиеттерін қалыптастырыңыз (оқу мотивтері;
көру арқылы талдау; оқу міндетін қабылдауы; кірісу дағдылары;
графикалық дағдысы; іс-эрекетін реттеуінің еріктілігі; оқи алатындығы);
• баламен сөйлескенде көп заттардың атын, белгілерін атаңдар,
олармен қалай жұмыс істеу керек екендігін айтыңыздар;
181
• оның достарының бірімен немесе мектепке барып жүрген ере-
сек туыстарымен сөйлесіңіздер.
Интеллектуалдық функцияларды орындағанда мыналар қажет:
S баламен тек қана сюжетно-рөлдер, конструктивтік ойындар
емес, дамытушы ойындар да ойнау керек;
S баланы үнемі кітапханаға апарып тұрыңыз;
S баламен танымдық кітаптар оқып, оқығаныңызды талдаңыз;
S баланың танымдық - қабылдау, ес, ойлау, елестету процестерін
дамыту;
S баланың сұрақтар беруге ұмтылысын, білуге құштарлығын
мадақтау;
S балада жаңа эсерлердің туындауына, олар жөнінде айтып бере
алуына қамқорлық жасау;
Егер отбасында мынадай жағдайлар болса, элеуметтік функция
қамтамасыз етіледі:
• басқа балалармен ойынын мадақтаса;
• үлкендермен қатынасын мақұлдаса;
• баламен қоғамдағы тэртіп нормалары мен ережелері туралы
сөйлессе;
• ережелерге сэйкес үлкендермен жэне құрбыларымен өзара
қарым-қатынас орнату білігін дамытса;
• қажетті тұлғалық қасиеттерді тэрбиелесе (мақсатқа жетуге
ұмтылушылық, табандылық);
• баланың өз күшіне сенімін ұялату, өзін-өзі бағалауының
төмендеуіне жол бермеу. Ол үшін баланы жиі-жиі мақтап тұру, ешқашан
да жіберген қателері үшін ұрыспау, нэтижені жақсарту үшін тек оны
қалай жөндеуді көрсету керек.
Ұйымдастырушылық функция іске асады, егер ата-аналар:
S баламен ұдайы шұғылданса;
S балаға нақты жэне анық талаптар қойса;
S құбылыстарға қарапайым жэне ұғымды түсініктер берсе. Анық,
айқын, нақты грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлессе;
S бала шаршағанда немесе көңіл-күйі болмаған кезде бірнэрсе
істеуге мэжбүрлемесе;
S шыдамдылық көрсетсе, баланың ойын бөлмесе, бала айтып
біткенше бұрылып кетпесе;
S мектепке дайындауда жақсы нэтижелерге жету үшін бала
қосымша білім беру мекемесіне барса (балаларды дамыту орталығы,
мектептегі дайындық сыныбы).
182
Өз бетімен білім алу функциясын орындау үшін:
• ата-аналарға мектепке дайындау, оның түрлері, компоненттері,
эдістері, эдістемесі жөнінде өз білімдерін көтеруі қажет, яғни өздік
білімін көтерумен шұғылдануы тиіс;
•
өздік білімін көтеру үшін педагогикалық жэне эдістемелік
эдебиеттерді пайдалануы керек;
• элеуметтік эдебиеттің көмегімен баланың жас ерекшеліктерін
зерттеуі тиіс;
• мектепке
өздігінен
дайындалғанда
баланың
тұлғалық
ерекшеліктерін ескеруі үшін арнайы диагностиканы, баланың мектепке
дайындық деңгейін анықтау мақсатында тестерді пайдалану қажет;
• арнайы ойындар мен эдістемелер арқылы психофизиологиялық
функцияларды (фонематикалық есту, ұсақ моторика, кеңістіктікті
бағдарлау, координация) дамыту керек;
• баланы мектепке дайындау жөнінде мамандармен кеңесіп оты-
ру қажет.
Сонымен, баланы мектепке дайындау процесі - кешенді жэне жан-
жақты. Мектепке дайындықтың эр түрін қалыптастыру міндеттері
жанұяның, мектепке дейінгі мекемелердің, бастауыш мектептің, ар
найы топтардың жэне мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балаларды
дайындау орталықтарының өзара эрекетінің бірлігінде.
9.7 Б алаларды мектепке дайындаудын психологиялық-
педагогикалы қ проблемалары
Балаларды мектепке дайындау аспектісінде бірқатар проблемалар
бар. Бұл проблемалар мен қайшылықтарды шешу отбасы мен мектепке
дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі баланы мектепке дайындаудың
теориясы мен практикасын қалыптастыруды дамытудың қозғаушы
күші болады. Проблемаларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
ұдайы, білім беруді дамытудың кез келген кезеңіндегі өзекті пробле
ма, мұны шешу педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде жүзеге
асырылып отыруы тиіс; ситуациялық сипаттағы проблемалар, олар өз
шешімдерін нақты уақытша ситуацияларда татбуды талап етеді.
Бірінші топтың кейбір проблемаларын көрсетейік.
S Мектепте оқуға көшу үшін оңтайлы жас кезеңін анықтау про
блемалары.
S Баланы мектепке нэтижелі бейімделуді қамтамасыз ету пробле
малары (биологиялық, элеуметтік).
183
S Мектепте жэне балалар бақшасында баланы жалпы жэне ар
найы дайындау сапасын көтеру проблемалары.
S
Мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балаларды мектепке
білім беру мекемелерінің (орталықтар, қысқа мерзімді топтар) балама-
лы балабақшаларында дайындау проблемалары.
S «Балабақша - мектеп» жүйесінде дайындаудың сабақтастығын
қамтамасыз ету проблемалары.
S Баланы мектепке дайындаудың барлық түрлерін кешенді диагно-
стикалауды қамтамасыз ету проблемалары (кезеңділік, толыққандылық,
жан-жақтылық).
S Мектепке жалпы жэне арнайы дайындауды жүзеге асырудағы
педагогикалық кадрлар проблемалары; тэрбиешілер мен бастауыш
мектеп мұғалімдерінің жұмысының сабақтастығын жүзеге асыру про
блемалары; бұл аспектідегі баламен жұмыстың отбасымен өзара эрекеті
проблемалары.
S Балаларды
мектепке
дайындағанда
олардың
жеке
ерекшеліктерінен туындайтын проблемалар («солақай» балалар, да-
муында ауытқулары бар балалар, дарынды балалар, алты жасарлар,
физикалық жэне психикалық даму ерекшеліктері бар балалар).
S Баланы мектепте оқуға дайындағанда оның қандай да бір
компоненттерінің болмауымен немесе жеткіліксіз қалыптасқандығынан
туындайтын проблемалар.
S
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындағанда ата-
аналар мен педагогтардың теориялық жэне эдістемелік материалдардың
көптігінен оларды дұрыс таңдай білу қажеттілігімен байланысты про
блемалар; дайындау процесі ретіндегі нэтиже ретіндегі мектепке
дайындықтың мэнін ашатын көзқарастардың эртүрлілігімен байланы-
сты проблемалар.
Бұл проблемалар кешенін жалғастыра беруге болады. Бұлардың
эрқайсысынан дербес проблемалар бөліп алуға болады. Бұл тізім
педагогикалық процестің нақты ішкі жэне сыртқы шарттары-
на негізделген, отбасы жағдайының ерекшеліктеріне жэне басқа
да факторларға байланысты дайындықтың жеке проблемаларымен
толықтырылуы мүмкін.
Тақырыпты аяқтай келе, оны ашуды толық аяқтадық деп айтуға
болмайтындығын атап көрсетеміз. Тақырып ауқымды, оның қосымша
өз бетімен зерттеуді жэне мектепке дейінгі мекемелер мамандарының
саналы түрде ойлануын қажет ететіндей көптеген аспектілері бар.
Ұсынылған эдебиеттермен өзіндік жұмыстарды, практикалық тап-
184
сырмаларды орындау бұл тақырыпты терең түсінуге, алған білімді
практикалық сабақтарда қолдануға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізгенде, білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызметінде,
ата-аналармен жұмыс жүргізуде көмек болады.
Өздік жұмыс үшін тапсырмалар
1. Сөздікті жаңа терминдермен толықтырыңыздар, олардың
арасындағы байланысты анықтаңыздар.
2. Балалар психологиясы курсынан мектеп жасына дейінгі ере
сек балалардың даму ерекшеліктерін көрсетіңіздер. Баланы мектепке
дайындау тиімді болу үшін оларды қалай пайдалану керек екендігін
түсіндіріңіздер.
3. Базалық балабақшадағы дайындық тобына барыңыздар. Видео
немесе фотокамераның көмегімен топтағы ортаның толық бейнесін
құрыңыздар. Оқу аймағы тұрғысынан ортаны, оның толықтығын,
мектепке дайындаудың эр түрлерін қалыптастыратындай қолда бар
құралдарын бағалаңыздар. Сабаққа қатысыңыздар жэне баланы мек
тепке дайындаудың педагогикалық эдістері мен тэсілдерін бөліп
көрсетіңіздер.
4. «Баланы мектепке дайындауда бала іс-эрекетінің эр түрінің
элеуеті» атты кесте құрыңыздар. Оны ұсынылған эдебиеттерді пайда-
ланып толтырыңыздар.
5. «Отбасы жағдайында баланы мектепке дайындауды ұйымдастыру.
Отбасы мен мектепке дейінгі мекеменің байланысы» тақырыбына ата-
ана жиналысына баяндама мэтінін дайындаңыздар. Кіші топта бұл
тақырып бойынша көшпелі папкалар жасаңыздар.
6. Баланы мектепке дайындауда мектепке дейінгі мекеме мен ба
стауыш мектептің өзара іс-эрекет мүмкіндіктерінің, бұл жұмыста
сабақтастықты қамтамасыз ету кестесің жасаңыздар. Кестенің атын
қойып, олардың байланыстарын бағдар-сызықтармен көрсетіңіздер.
Кестені құру үшін мына эдебиеттерді пайдаланыңыздар: Дошкольная
педагогика / Под ред. В. И. Логиновой, П. Г. Саморуковой. - б.2. т.7.
Формы связи детского сада и школы.
7. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жұмыс процесіндегі
мектепке дейінгі мекеме мамандары мен мектептің өзара іс-эрекетінің
жылдық жоспарын жасаңыздар, бұл процесті ата-аналармен байланы-
сты көрсетіңіздер.
8. Базалық балабақшада педагогтардың баланы мектепке дай
ындауды диагностикалау үшін пайдаланатын материалдарымен
185
танысыңыздар. Бұл мэселені өздіктеріңізден теориядағы орнын
қарастырыңыздар. Тапсырманы орындау үшін диагностикаға байланы
сты эдебиеттерді пайдаланыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет
1. Айзман Р. И., Жарова Г Н. и др. Подготовка ребенка к школе. -
М., 1991.
2. Божович Л. И. Отношение дошкольников к учению как психоло
гическая проблема // Вопросы психологии школьников. - М., 1951.
3. Буре Р. С. Готовим детей к школе. - М., 1987.
4. Вазина В. Я. Воспитание целеустремленности поведения у детей
в игровой деятельности. - Горький, 1985.
5. Готовность к школе/ Под ред. И. В. Дубровиной. - М., 1995.
6. Коломинский Я. М., Панько Е. А. Учителю о психологии детей
шестилетнего возраста. - М., 1988.
7. Кравцова Е. Е. Психологические проблемы готовности детей к
обучению в школе. - М., 1991.
8. Максименко С. Д. Изучение учителем психологического разви
тия шестилетних учащихся. - Киев, 1984.
9. Нижегородцева Н. В., Шадриков В. Д. Психолого-педагогическая
готовность ребенка к школе. - М., 2002.
10. Подготовка детей к школе в семье / Под ред. Т. А. Марковой, Ф.
А. Сохина. - М., 1976.
11. Психолого-педагогический словарь/ Под ред. П. И. Пидкасистого.
- М., 1999.
Достарыңызбен бөлісу: |