97
– екі қуысты (екі камералы).
Ағзадан қан келетін жүректің
кішкентай бөлігі
жүрекше
деп
аталады. Ол қанды үлкен қуысқа
–
қарыншаға
айдайды. Ал ол
қанды ұлу денесі бойымен айдай-
ды. Қарапайым ұлу жүрегі бір
жүрекше мен бір қарыншадан
тұрады. Сегізаяқ сияқты едәуір
жоғары құрылымды ұлуларда
жүрегі үш қуысты: екі жүрекше
(сол және оң) және бір қарыншадан тұрады.
Буынаяқтылардың қанайналым жүйесі.
Буынаяқтылар типіне
үш класс: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер және бунақденелілер
(жәндіктер) класы жатады. Ұлулардағы сияқты
барлық буынаяқ тылардың қан тамырлары
жүйесі – ашық. Буын аяқтылардың жүрегі қуыс-
тарға бөлінген, бұл қуыстар бірдей, құрылысы
және атқаратын қызметі бойынша бір-бірінен
айырмашылығы жоқ. Сондықтан оларды жүрекше
және қарынша деп атамайды.
Шаянның жүрегі – баскөкірегінде орналасқан
бесбұрышты (бесқуысты) қапшық тәрізді (65-сурет).
Өрмекші жүрегі құрсағында орналасқан көпқуысты
түтікше сияқты. Жәндіктердің жүрегі де түтікше
тәрізді. Жәндіктерде қан оттек пен көмірқышқыл
газын мүлде тасымалдамайды, тек қоректік және
зиянды заттар тасиды. Олардың тыныс жүйесі
жақсы дамыған, оттекті тікелей әрбір жасушаға
жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: