§23. Қанайналым мүшелері – жануарлардағы тасымал Қан тамырлар жүйесі қан жүретін қан тамырларынан тұрады. Та-
мырдан басқа көптеген ағзаларда жүрек бар. Жүрек қанды ағза ішінде
үнемі қозғалуын қамтамасыз етіп бір бағытта айдайды.
Барлық қан тамырлары жүйесін үлкен екі топқа: ашық және тұйық
деп бөлуге болады.
Тұйық жүйелі ағзаларда қан үнемі тамырларда ғана
болады. Ол дене қуысына төгілмейді және жасушааралық немесе қуыс
сұйықтығымен араласпайды.
Қан тамырлары жүйесі ашық ағзаларда бірнеше ірі тамырлары
болады, олар үзіліп, қан дене қуысына төгіледі де, тікелей мүшелерді
шаяды. Сызба түрінде былай көрсетуге болады:
Көпжасушалы жануарлардың ішінде алғаш рет қан және қан тамыр-
лары жүйесі буылтық құрттар типі өкілдерінде байқалады. Олардың қан
тамырлары жүйесі – тұйық. Ол ірі екі бойлық тамырдан –
арқа және
құрсақ тамырдан және дененің әрбір сегментінде (буылтықта) орналасқан
едәуір майда көлденең