106
Бірақ тұқымның өну белгілері әлі байқал-
мауы да мүмкін. Егіншілер тұқымның мұн-
дай күйін «дән жанып жатыр» дейді. Ол
тұқымды тез арада себу керек, себебі өскін
шығып, тұқымсепкішке (сеялка) салған кез-
де зақымдануы мүмкін. Тұқымды сақтайтын
қамбада өніп кетпеу үшін арнайы аспаппен
температурасы мен ылғалдылығын өлшеп
отырады.
Құрғақ тұқым өскен кезде тыныс алатынын
дәлелдеудің тағы бір әдісі: тыныс алу барысын-
да бөлінетін көмірқышқыл газын анықтау. Ол
үшін өсіп жатқан тұқымды (бұршақ) әк суы бар
резервуарға жалғанған ыдысқа салады. Әк суы
көмірқышқыл газынан лайланады. Демек, өсіп
жатқан тұқым көмірқышқыл газын бөледі.
Тыныс алғанда оттек жұмсалады. Оттексіз
жану үдерісі жүрмейді. Сондықтан өрт
шыққанда – жанып жатқан затты қалың ауа
өткізбейтін матамен жабады. Ауадағы оттек
ағынымен жану процесін үдетуге болады.
Құрғақ тұқым оттекті қажет етпейтінін,
ал өніп жатқан тұқымға оттек қажет екенін
төмендегі қарапайым тәжірибеден көруге бо-
лады. Ол үшін жабық ыдыстың ішіне жанып
тұрған шамды орналастыру керек.
Ылғал тұқым өсу үшін керек. Мұндай
жағдайда өскін жасушалары тыныштық
күйден шығуға қабілетті. Ылғалға байланысты
өскін жасушаларына тұқымда қорға жиналған
69-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: