Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§27. Адамның тыныс алу мүшелері



Pdf көрінісі
бет123/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

§27. Адамның тыныс алу мүшелері
Адамның  ауа  өтетін  жолдарының  құрылысы  мен  қызметі

Адам ның  тыныс  алу  жүйесінің  орталық  мүшесіне  жердегі  басқа  да 
омыртқалылардағы  сияқты 
өкпе
  жатады.  Өкпеден  басқа  ауа  өтетін 
жолдар қажет. Адамда ол мынадай бөлімдерден тұрады: мұрын қуысы, 
ауыз  қуысы,  мұрын-жұтқыншақ,  жұтқыншақ,  көмей,  кеңірдек  пен 
бронхылар (74-сурет). Барлық ауа өтетін жолдар ішінен кірпікшелері 
бар арнайы жабын ұлпасымен қапталған. Ол кірпікшелердің бір бағытта 
қозғалуы арқылы шаң-тозаң бөлшектері сыртқа шығарылады. 


112
Мұрын  қуысында
  қан  капиллярлары  көп,  шырышты  бездер 
төселген. Онда сезімтал жүйке жасушалары – 
иіс сезу рецепторлары
 
орналасқан. Олар иісті қабылдайды. Мұрын қуысында ауа шаң-тозаң 
мен  микроағзалардан  тазартылады.  Капиллярлар  көп  болғандықтан 
тыныс алған ауа дене температурасын қабылдайды. Рецепторлар иісті 
анықтайды. 
Ауыз  қуысы
  –  тыныс  алу  жүйесінің  қосымша  жолы.  Мұрынмен 
тыныс алу мүмкін болмағанда (мұрын біту, мұрынның сынуы, мұрын 
қанаса т.б.) адам аузымен тыныс алады. 
Мұрын-жұтқыншақ
 – ауыз және мұрын қуысы жалғасатын орын. 
Ол 
жұтқыншаққа
 өтеді – тыныс алу және асқорыту жүйелерінің жалпы 
(ортақ) бөлімі. Жұтқыншақ ұшы екі тармаққа бөлінеді. Бір тармағы 
өңешке, екіншісі көмейге өтеді. 
Көмей
 шеміршектен түзілген, ең ірісі – қалқанша без (ер адамда 
көмей жұмыры не жұтқыншақ деп аталады). Ішінде маңызды шеміршек 
– көмекей (надгортанник; тілші, бөбешік) болады. Ол тамақты көмейге 
өткізбей, өңешке бағыттайды. 
Көмейдің  жұмысын  бұзбау  үшін  тамақ  жеп  отырғанда  сөйлеуге 
болмайды. Көмей құрамына шеміршектен басқа дауыс байламдарынан 
(сіңірлерінен) тұратын дауыс аппараты кіреді. 
Көмей кеңірдекке (трахея) – шеміршекті жартылай сақиналардан 
тұратын  түтікке  өтеді.  Кеңірдек  өңештің  алдында  болады.  Ол  екі 
бронхыға тармақталады. 
74-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет