Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§28. Адамның тыныс алу мүшелерінің аурулары



Pdf көрінісі
бет126/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
§28. Адамның тыныс алу мүшелерінің аурулары 
және олардың алдын алу
Өкпе обыры (рак). Дамыған елдерде өлім-жітім себептерінің ішінде 
бірінші  орында  жүрек-қан  тамырлары  аурулары,  инфаркт,  инсульт 
т.б.  аурулар  тұр.  Екінші  орынды  онкологиялық  аурулар  алады. 
Онкологиялық  аурудың  ішінде  өкпе  обыры  бірінші  орында  тұр.  Де-
мек,  бұл  ауру  онкологиялық  аурулардың  ішінде  ең  қиын  емделетін 
ауру болып табылады. Өкпе обырын тудыратын негізгі төрт себеп бар:
1) темекіні шегу – темекі түтінінің канцерогенді өнімдерінің (бен-
зопирен, палладио, висмут) өкпеге түсуі;
2)  қоршаған  ортадан  радиоактивті  заттар дың  өкпеге  түсуі.  Бұл 
радиоактивті зақымдалған аймаққа, ядролық сынақ не жарылыс болған 
жерге, радиоактивті элемент кені бар орынға барған кезде болуы мүмкін;
3)  автомобиль  пайдаланған  газының  құрамында  болатын  зиянды 
заттармен (негізінен ауыр металдармен) тыныс алу;
4) зиянды өндіріс қалдықтарының ауадан өкпеге түсуі.
Өкпе  обырының  туындау  себебінің  бірі  –  темекі  шегу.  Бұл  ауру-
мен ауыратын адамдар дың 70%-дан астамы белсенді не енжар темекі 
шеккен. 20 жылдай бұрын бұл қауіпті аурумен, негізінен ер адамдар 
ауырған. Бірақ әр 10 жыл сайын ол ауру әйелдер арасында 10%-ға ар-


115
тып отыр. Осындай статистикаға сәйкес көптеген өркениетті елдердің 
үкіметі  темекі  шегу  сияқты  зиянды  әдетпен  күрес  жүргізіп  келеді.  
Өкпе обыры мен тыныс алу мүшелерінің басқа аурулардың алдын алу 
үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау керек:
•  темекі  шекпеу  керек  және  темекі  түтіні  бар  үй-жайда  болмау 
қажет;
• магистральды жолдан алыс жермен күн сайын жаяу жүру керек, 
жолда машина көп болса, автомобильдің терзесін жауып қою керек;
•  зиянды  немесе  радиоактивті  шығарындылар  тасталған  жерден 
аулақ жүру қажет; 
• толыққанды тамақтанып, дәрумендерді уақытында пайдаланып, 
көкөністер мен жеміс-жидектер жеу керек;
спортпен айналысу керек;
•  жылына  бір  рет  профилактикалық  медициналық  қараудан  өту 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет