Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары



Pdf көрінісі
бет134/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары
. Өсімдіктердің бүйрек сияқты 
бөліп шығару мүшелері болмаса да, оларда  бөліп шығару ұлпалары 
бар. Ал өсімдіктерге бөліп шығару ұлпалары басқа да әртүрлі мақсат 
үшін  қажет.  Мысалы,  кейбір  өсімдіктер  шөпқоректі  жануарлар  мен 
жәндіктерден қорғану үшін ащы немесе иісті заттар бөліп шығарады. 
Басқа өсімдіктер керісінше тозаңдандырғыш жәндіктерді еліктіру үшін 
тәтті иісі мен дәмі бар заттарды бөледі. Ал басқа бір өсімдіктер қорға 
жинау үшін заттар түзеді. Бөліп шығару ұлпаларында өсімдіктер түзетін 
көптеген заттар рөлін ғалымдар анықтаған жоқ, тек әртүрлі болжамдар 
бар. Мысал ретінде бөліп шығару ұлпаларының үш типін қарастырайық.
8-сызба


123
Сүтті  өзектер
  –  өсімдік  сүті 
деп  аталатын  зат  бөлетін  өсімдік 
ұлпаларының жасушалары. Бұл түрі 
мен құрылымы шын мәнінде жануар 
сүтіне ұқсайтын алуан түрлі күрделі 
заттардың қоспасы. Жануар сүтінен 
айырмашылығы  өсімдік сүтінде алу-
ан  түрлі  күрделі  заттар  едәуір  көп. 
Сендерге  бақбақ  сүті  таныс  шығыр. 
Бұл  заттың  дәмі  ащы.  Ол  өсімдікті 
жануардың  жеуінен  қорғайды.  Кау-
чукты гевея және басқа да тропиктік 
өсімдіктердің сүті латекс, гуттаперча 
жасау үшін қолданылады. Каучукты 
өсімдіктерге ұқсас сүті бар Қазақстандағы өсімдіктерге таусағыз, қарасағыз 
өсімдіктері жатады. Көкнәр сүті есірткілік, ауруды басатын дәрілік заттар алу 
үшін пайдаланылады. Сүйелшөп (чистотел) сүті де медицинада қолданылады. 
Амазонка ормандарында өсетін кейбір өсімдіктердің сүтінің қоректік құны 
зор  және  құрамы  шынында  да  сиыр  сүтіне  ұқсайды.  Өсімдіктердің  алуан 
түрлерінің қызметі әртүрлі болады. 
Бөліп  шығару  ұлпасының  тағы  бір  түрі  –  шайыр.  Ол  кейбір  тропиктік 
өсімдіктерге тән. Біздің елімізде қылқанжапырақты ағаштар сондай қасиетке 
ие. Шырша, қарағай, балқарағай иісі осы өсімдіктер бөлетін шайыр иісіне 
ұқсайды. Шайыр паразиттік саңырауқұлақтардан және жануарлардан қорғау 
үшін қажет сияқты. Қазіргі кезде шайырды жасанды полимер материалымен 
алмастыруда.  Бірақ  олар  медициналық  препараттар  өндіруде  алмастырыл-
майтын зат болып қалуда.
Эфир  майлары
  –  өсімдіктер  бөлетін  иісті  заттар.  Цитрусты  дақылдардың 
қабықшасы, эвкалипт қабығы, лавр жапырағы т.б. эфир майына бай (72-су-
рет).  Қалақайда  бөліп  шығару  ұлпасы  безді  түкшелерінде  жинақталатын 
күйдіргіш сұйықтық  бөледі. Ғалымдар эфир майларының өсімдіктерге зиянды 
жануарлардан  қорғауға,  пайдалы  жануарларды  еліктіруге  көмектеседі  деп 
болжайды. Бірақ олардың өсімдіктер үшін маңызы толық анықталған жоқ. 
Эфир майлары фармакология, парфюмерия және кулинарияда қолданылады. 
Фотосинтезд³ң бастапқы өн³мдер³, фотосинтезд³ң соңғы өн³мдер³, 
тыныс алудың бастапқы өн³мдер³, тыныс алудың соңғы өн³мдер³, 
өс³мд³к сүт³.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет