Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§30. Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет131/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

§30. Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері
Өсімдіктердегі  метаболизмнің  соңғы  өнімдері.
  Өсімдік  ағзасында 
маңызды  екі:  тыныс  алу  және  фотосинтез  үдерістері  жүретінін 
білесіңдер. Тыныс алу барысында түзілетін заттар фотосинтез кезінде 
пайдаланылады  және  керісінше.  Жалпы  бұл  екі  үдерісті  қайтымды 
химиялық реакция түрінде былай көрсетуге болады: 
Шын  мәнінде  бұлай  емес!  Фотосинтез  «тыныс  алуға  керісінше» 
болып  табылмайды.  Фотосинтезге  жарық  энергиясы  қажет.  Бұл  екі 
үдеріс  жасушаның  жеке  органоидтерінде  жүреді.  Фотосинтез  хлоро-
пласта жүзеге асады. Тыныс алудың негізгі органоидтерімен кейінірек 
танысасыңдар.
Тыныс алу және фотосинтез үдерістерінде өсімдіктер фотосинтез ба-
рысында органикалық заттар түрінде қорға жинаған жарық энергиясы 
босап шығады да, оны өсімдіктер тыныс алу нәтижесінде пайдаланады.
Тіршілік  үдерістері  үшін  қажет  энергияны  өсімдіктер  (жануарлар  да)  тек 
органикалық  заттардан  алады.  Оны  тікелей  жарықтан  алу  мүмкін  емес! 
Кейбір ұқсастықтарды келтірейік. Көмірдің энергия беретіні белгілі. Көмір 
пласт немесе қапқа салынған күйінде тұрса, энергия бермейді. Егер көмірді 
жақса жылу энергиясы түзіледі де, үйді жылытады. Бірақ табиғи көмірден 
электр энергиясын арнайы жылу электр станцияларында ғана алады. Жарық 
энергиясынан өсімдіктер нәруыздарға, майлар мен көмірсуларға айналдыруға 
қажет энергияны алады. Осы органикалық заттардан тыныс алу барысында 
тіршілікке қажет энергия алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет