Туберкулез – бактерия – туберкулез таяқшасы (кох таяқшасы) тудыратын
өкпе ауруы. Туберкулез кезінде ағза әлсірейді. Ең басты сатысында адамда
әлсіздік, салмақ жоғалту, тәбеті болмау, түнде терлеу белгілері байқалады.
Кештеу сатысында адам жөтеледі. Туберкулез – өлім тудыратын қауіпті ин-
фекция, дер кезінде емдесе адам толық айығып кетеді. Туберкулез кезінде
ең басты шарт – дер кезінде дәрігерге қаралып емделу керек. Туберкулездің
алдын алу ережесі өкпе обыры мен тұмау ауруларының алдын алу шарала-
ры сияқты. Тұмауда, бронхит пен туберкулез де ауа-тамшылы жолмен (ауру
адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе ауыратын адамның затын пайдаланған
кезде) ауру адамнан сау адамға жұғады. Ал бактерия – туберкулез таяқшасы
қараңғы, ылғал жерде 3 айға дейін тіршілік қабілетін сақтайды. Сондықтан
жеке гигиена ережелерін сақтау өте маңызды. Бөлмелерді ылғал шүберекпен
сүртіп, желдету керек, кілемді, көрпе-төсекті күнге жайып алу қажет және т.б.
Өкпе обыры, бронõы демікпесі, бронõит, тұмау.