Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет127/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Бронхы  демікпесі
  (астма)  –  бронхылардың  күрт  тарылуынан  (спазм) 
байқалатын  созылмалы  қабыну.  Бұл  аурудың  сырттай  белгілері:  тоқтамай 
жөтеліп,  кейде  тұншығып  қалу  (тарылған  бронхылар  оттекті  өкпеге 
жеткізбейді).  Ұстамаға  (приступ)  әртүрлі  факторлар  себеп  болуы  мүмкін. 
Ол: өткір иіс, ауада шаң-тозаң болу, жануар жүні, тыныс алу мүшелерінің 
жұқпалы аурулары, күйзеліс, аллергия тудыратын медициналық препарат-
ты пайдалану, суықта ауыр дене жүктемесі, атмосфералық қысымның күрт 
ауытқуы. 
Өкпе обырынан айырмашылығы бронхы демікпесі тұқым қуалауы  мүмкін 
және қандай да бір тітіркендіргішке аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Демікпенің алдын алу үшін жоғарыда аталған ережеден басқа, тітіркендіргіштер 
әсерінен қашу керек. Ағзаны шынықтыру – суық тиіп ауыратын ауруларға 
қарсы тұрудың артуы. Үйді таза ұстау керек. Өз уақытында медициналық 
тексеруден өтіп, ұстаманың алдын алу үшін емделу керек. 
Бронхит
 – ауру тудыратын микроағзалардың әсерінен бронхының (көбінесе 
жоғары тыныс жолдарының) қабынуы. Бронхит кезінде адам жөтеледі. Брон-
хит көбінесе суық тию және респираторлық аурулар салдарынан туындайды. 
Басқа да жұқпалы суық тию аурулары сияқты бронхиттің алдын алуға болады. 
Тұмау
 – ауа-тамшысы жолмен тыныс алу мүшелері арқылы берілетін вирустық 
жұқпалы аурулар. Тұмау көбінесе жоғары тыныс алу жолдары жұмысының 
бұзылуынан,  жалпы  ағзаның  әлсіреуінен  және  бүкіл  ағзаның  улануынан 
байқалады. Тұмау – вирустық инфекция. Тыныс алу мүшесінің респираторлық 
инфекциясының (суық тию аурулары деп аталатын) қоздырғыштарын анықтау 
өте қиын. Мұндай инфекция лар кешенді сипатқа ие. Вирустың қауіптілігі – 
олар өте тез көбейеді. Бірінші сағаттың ішінде дене температурасы көтеріліп, 
вирустардың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген удан ағза күшті улануы 
мүмкін. Ағзаның улану қаупін төмендету үшін көп сұйықтық ішу керек.
Инфекцияның алдын алу үшін тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын пай-
далану қажет. Бұл – дәкетаңғыш, әртүрлі дәрі-дәрмектер: оксолин жақпамайы 
(мазь), интерферон ерітіндісі, виролиз, ИРС-19 т. б. препараттар. Бұл пре-


116
параттар ауру қоздырғыштарының ағзаға енуіне жол бермейді немесе ауру 
қоздырғыштары  мұрын  қуысына  түскенде  оларды  бірден  жойып  жібереді. 
Медициналық алдын алу құралдарын пайдаланбай-ақ инфекциядан қорғануға 
болады. Жалпы гигиена ережелерін сақтап, саламатты өмір салтын ұстану керек. 
Сонымен қатар ағзаны шынықтырып, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. 
Ауру өршіп тұрған кезде адамдар көп жиналатын орындарға бармаған жөн, 
даладан келген соң қолыңды, мұрын қуысын сабындап жуу керек. Дәкетаңғыш 
байлап, зарарсыздандыратын заттарды пайдаланып, ылғал шүберекпен шаң-
тозаңды сүрту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет